Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1,2 дәріс Тақырып: Психологияға кіріспе. Психологиядағы әдістерді жіктеу


Психика мен жүйке жүйесінің рефлекстік табиғаты



бет14/62
Дата15.02.2023
өлшемі0,91 Mb.
#168810
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   62
Байланысты:
ДӘРІСТЕР ТЕЗИСТЕРІ . Психология (электив) (1)


2. Психика мен жүйке жүйесінің рефлекстік табиғаты

Адам анатомиясын зерттейтін шынайылықты сынаушылар мен дәрігерлер ертеде-ақ психикалық құбылыстардың ми қызметімен байланыста болатыны туралы болжам айтқан және психикалық ауруларды — ми қызметінің бұзылуының нәтижесі деп қарастырған. Зақымдалу, жаралану немесе аурулар салдарынан болатын бас миындағы өзгерістері бар ауру адамдарды бақылау бұл көзқарастар сүйенетін тіректер болды. Мұндай ауру адамдарда көру, есту, ойлау, еске сақтау, және сөйлеу қабілеттерінің зақымдалып, қозғалысының бұзылуы және т.б. сияқты психикалық әрекеттің кенеттен ауытқуы байқалатыны мәлім. Алайда, психикалық әрекет пен ми қызметінің байланысын анықтау — психиканың ғылыми зерттеуі жолындағы алғашқы қадамы ғана болды. Бұл айғақтар психикалық әрекет негізіне жататын физиологиялық механизмдерге әлі де түсінік бермейді.
Ағзаға әсер етуші тітіркендіргіштер мен ағзаның жауап қайтару реакцияларының арасыңда уақытша байланыстар пайда болады. Бұлардың пайда болуы — бас миы қабығының басты қызметі болып табылады. Ми әрекеті түріндегі кез келген психикалық әрекет үшін жүйкенің уақытша байланысы болып – негізгі физиологиялық механизм саналады. Кез келген психикалық процесс миға тітіркендіргіштер әсер етпесе өздігінен пайда болуы мүмкін емес. Кез келген психикалық процестің және кез келген уақытша байланыстың соңғы нәтижесі — сыртқы әсерге жауап ретінде іштен шығатын әрекет. Бұл жағдайлардың барлығы объективтік ақиқаттың бейнеленуінің механизмін айқындайды. Сонымен жоғарғы жүйке әрекеті туралы ілім психикалық құбылыстарды материалдық тұрғыдан түсінудің табиғи-ғылыми іргетасы болды.
Ағзаның психикалық әрекеті көптеген арнайы дене құрылымдарының көмегімен жүзеге асырылады. Олардың біреулері — әсерлерді қабылдайды, ал екіншілері — оларды сигналдарға түрлендіреді, Мінез-құлықтың жобаларын жасап және оларды қадағалайды, үшіншілері — бұлшық еттерді қозғалысқа келтіреді. Бұл барлық күрделі жұмыстар ортада өзін белсенді ұстауға мүмкіндік береді.
Барлық психикалық әрекеттердің рефлекторлық табиғатын табиғи ғылыми негіздеудегі орыс физиологтары — И.М.Сеченовтың және И.П.Павловтың еңбегі зор. И. М. Сеченов өзінің атақты «Бас миының рефлекстері» деген еңбегінде рефлекторлық принципті бас миының барлық қызметіне тарата отырып, осылайша адамның барлық психикалық әрекеттеріне таратты. Ол «саналы және санадан тыс өмірдің барлық актілері өздерінің шығу тегі бойынша рефлекстің мәні» деп көрсетті. Бұл психиканы рефлекторлық тұрғыдан түсінудің алғашқы ұмтылысы болды. И.М.Сеченов бас миының рефлекстерін толық талдай отырып, олардағы үш басты қатарды атап көрсетті: бастапқы қатар — оның сезім мүшелерінің сыртқы тітіркендіргішті миға беретін жүйкені қоздырғыш процесіне айналдыруы; ортаңғы қатар — мида қоздырғыш және тежегіш процестерінің және осының салдарынан психикалық күйлердің (сезімдердің, ойлардың, сезінулердің және т.б.) пайда болуы; соңғы қатар — сыртқы қозғалыс. Осымен бірге И. М. Сеченов рефлекстің ортаңғы қатары өзінің психикалық элементімен бірге оның табиғи бастауы мен соңы болып табылатын қалған екі қатардан (сыртқы тітіркендірі іш пен жауап қайтару әрекетінен) оқшаулануы мүмкін емес, сондықтан барлық психикалық құбылыстар — жалпы рефлекторлық процестің бөлігі, — деп санайды. Рефлекстің барлық қатарлары арасындағы үздіксіз байланыстар туралы И. М.Сеченовтың тұжырымы психикалық әрекетті ғылыми түсіну үшін маңызды. Психикалық әрекет сыртқы ықпалдардан, адамның әрекеттерінен бөлек қаралуы мүмкін емес. Ол тек субъективтік уайым ғана бола алмайды: егер бұлай болатын болса, онда психикалық құбылыстар ешқандай шынайы өмірлік мағынаға ие болмас еді.
И. М. Сеченов психикалық құбылыстарды қалыпты талдай отырып, олардың барлығы біртұтас рефлекторлық актіге, қоршаған ортаның ықпалына, адамның бас миы басқаратын ағзаның біртұтас реакциясына енетінін атап көрсетті. Психикалық әрекеттің рефлекторлық принципі И. М. Сеченовқа адамның барлық әрекеттері мен қылықтары сыртқы әсерлер салдарынан болатыны жайында, детерминациялану жайлы психология ғылымы үшін маңызды қорытындыны жасауға мүмкіндік берді. Ол былай деп жазды: «Кез-келген қылықтың бастапқы себебі әрқашанда сыртқы сезімтал қоздырғышта болады, өйткені онсыз ешқандай ойдың болуы мүмкін емес». Сонымен бірге И.М.Сеченов сыртқы жағдайлардың әрекеттерін жай ғана түсінуге қарсы ескертулер айтты. Мұнда сыртқы әсерлердің болуы ғана емес, сондай-ақ адамның басынан өткен барлық әсерлердің жиынтығы да, оның өткен тәжірибесінің барлығы да маңызды болатынын И.М.Сеченов бірнеше рет көрсеткен. Сонымен, И.М.Сеченов рефлекстің ми қатарын, оның табиғи бастауы (сезім мүшелеріне әсер етуден) мен соңынан (жауап қайтару қозғалысынан) оқшаулап қарау дұрыс емес екендігін көрсетті.
И.П.Павловтың еңбектері мен оның мектебінде әрекеттің рефлекторлық принципі өзінің дамуына және эксперименттік негізіне ие болды. И.П.Павлов пен И.М.Сеченовтың психикалық әрекетті мидың рефлекторлық әрекеті түрінде түсінуінің дұрыстығын дәлелдеді, оның негізгі физиологиялық заңдарын ашты ғылымның жаңа саласын — шартты рефлекстер туралы ілім жоғарғы нерв әрекетінің физиологиясын қалыптастырды. Бұл физиологиялық процестер ми қабығындағы шартты рефлекстердің жасалуында, сондай-ақ мидың тӛменгі бөліктерінде шартсыз рефлекстердің жасалу кезінде де үнемі көрініп отырады.
Қозу – әр түрлі тітіркендіргіштердің әсері нәтижесінде жүйке жүйесінің қызмет жасап тұрған белсенді күйі болса, тежелу, керісінше, жүйке жүйесін тыныштандыратын процесс больш табылады. Қозу және тежелу процестері ғылымда Сеченов пен Павловқа дейін де мәлім болған, оның кейбір зандылықтары да зерттелген. И.М.Сеченовтің мидың тежелуі жөнінде пікірлеріне сүйене отырып, И.П.Павлов онда қозумен қосарласа тежелу процесі болып отыратындығын, мида бірыңғай қозу мен бірыңғай тежелудің болуы мүмкін еместігін, бұл жүйке процестерінің жұмысы организмнің бүкіл өмірінің барысында үздіксіз болып отыратындығын делелдеді. Мұны мына мысалдан-ақ жақсы байқауға болады. Егер адам бір нәрсеге қатты зейін қойса, онда айналасындағы заттарға қарамайды, өйткені кітапқа қадалған кезде мидың алабы қозу жағдайында болады да, қалған алаптары тежелуге ұшырайды. Қозу мен тежелудің осындай жұмысын көрсететін мысалдарды көптеп келтіре беруге болады.
И.П.Павлов шартты рефлекстердің табиғатын зерттеу үстінде тежелулердің бірнеше түрін анықтады. Ол тежелуді сыртқы — шартсыз (яғни, туғаннан пайда болатын) және ішкі — шартты (өмірде жасалып отыратын) деп екі үлкен топқа бөлді.
Сыртқы тежелудің өзі бірнешеге бөлінеді. Соның бірі - жәй тежелу. Егер шартты рефлекс жасалып жаткан бөлмеге жаңадан бір тітіркендіргіш қосылса (мәселен, бөлмеге бөтен кісінің кіруі), ит сілекей бөлуді тоқтатады, яғни жаңа тітіркендірііш шартты рефлекстің пайда болуына бөгет жасап, оны тежеп тастайды.
Тежелудің бір түрі организмнің өмірі үшін аса маңызды Егер, организм сыртқы дүниедегі сан алуан тітіркендіргіштеді сезе алмаса, ол жауынан қорғана да, тамағын тауып жей де алмас еді.
Сырткы тежелудің екінші түрі — шектен тыс тежелу. Ми қабығының жұмыс істеу қабілетінің белгілі шегі бар. Егер миға үнемі күшті тітіркендіргіштер әсер ете беретін болса, нерв клеткаларының тәртіппен біркелкі жұмыс істеуіне нұқсан келуі мүмкін. Мидың шаршаған кезінде пайда болып, оны апаттан сақтап қалатын тежелудің осыңдай түрін кейде қорғаныс тежелуі деп те атайды.
Ішкі тежелудің де бірнеше түрі бар. Солардың бірі — сөне тежелу. Егер шартты тітіркеңдіргіш (мысалы, қоңырау), бірнеше рет беріліп, бірақ шартсыз тітіркендіргішпен (тамақ) нығайтылмаса, онда шартты рефлекс жасалынбай сөне бастайды, яғни байланыс уақытша тежеледі. Біраздан кейін тағы да қоңырау соғылса, шартты рефлекс те қайтадан пайда болады. Бұл шартты байланыстың бұзылмағандығын, тек уакытша тежелгенін көрсетеді. Мұндай тежелулсрдің пайдасы организмге бір жағдайда қажетсіз болған рефлекстерді уақытша өшіріп отыратындығында.
Ішкі тежелудің бір түрі — ажырату (дифференциациялық) тежелуі. Бұл организмнің түрлі заттар мсн құбылыстардың арасындағы ұқсастықтарды айыра білу қабілетін көрсетеді. Мысалы, итке шартты рефлекс жасауда метроном арқылы 96 per тамақ бермей, әр 100 соққанда ғана тамақ беріп отырса, кейіннен сілекей тек метроном 100 рет соққаңда ғана шыға бастайтын болады. Тежелудің осы түрінің организмнің тіршілігі үшін маңызы айтарлықтай. Осындай тежелулердің жәрдемімен организм бір-біріне өте ұқсас тітіркендіргіштерді де тез ажырата алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет