Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1. Нерв жүйесінің атқаратын қызметі қандай?
2. Орталық нерв жүйесінің құрылымы және оның жеке бөліктерінің атқаратын қызметі қандай?
3. Шартты рефлекстер қалай жасалады?
4. Бірінші және екінші сигнал жүйелері туралы не білесіз?
Пайданылған әдебиеттер:
1. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. А., 2005,204-216б.
2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993, 144-159б.
3. Маклаков А.Г. Общая психология, Питер, 2006, 200-234с.
4. Сеченов и.М. Физиология нервных центров: из лекций, чит. В собрании врачей в Москве в 1889-1890 гг. – М Изд. АМН СССР, 1952
5. Симонов П.В. Мотивированный мозг: Высшая нервная деятельность и естественно – научные основы общей психологии / Отв.Ред. В.С.Русинов – М Наука, 1987
6. Чуприкова А. Психика, сознания как функция мозга. М. 1994г.
|
1
|
№ 4
дәріс
|
Тақырып:Тұлға психологиясы
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Психологиядағы тұлға мәселесі.
2. Тұлға психологиясындағы зерттеу және бағалау.
3. Шетелдік психологиядағы тұлғаны зерттеудің негізгі тәсілдері.
4. Тұлғаның отандық теориялары.
1. Психологиядағы тұлға мәселесі.
Тұлға және оның психологиялық сипаттамаларының мәні мәселесі теориялық психологиядағы ең күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Шетелдік психологияда әр психологиялық бағыт өзінің жеке теориясын ұсынды.
Тұлға - әлеуметтік қатынастарымен саналы іс-әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі. Адам қоғамнан тыс тәуелсіз өмір сүре алмайды., өйткені оның тәні де, жаны да айналадағылармен қарым-қатынас жасау процесінде, әлеуметтік жағдай әсерінде ғана кісілік мән - мағынаға ие болады. Мысалы, жаңа туған нәрестені адам деп атауға толық болады, бірақ әлі тұлға емес, себебі онда білім, тәжірибе, іс-әрекет, көзқарас жоқ. Адам санасының дамып, өсіп жетілуі оның ортасымен (отбасы, мектеп, т.б.) тығыз байланысты. Сондықтан тұлға психологиясын дұрыс ұғыну үшін, ең алдымен, оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай ортаның өкілі екендігіне, сондай-ақ оның көзқарасы, наным-сенімі, бағыт-бағдары білімі мен іс-тәжірибесі, икем-бейімділігі, нақты кәсібі, білімі бар екендігіне назар аударуымыз қажет.
Қазіргі уақытта тұлға – психологиядағы ең көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Өйткені қоғамымыздың қарқынды әлеуметтік дамуы, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға жоғары талап қояды. Қоғамдық ғылымдарда және күнделікті тұрмыста «адам», «тұлға», «индивид» яғни, «даралық» ұғымдары қолданылады. Бұл ұғымдар бір мағынада не бір-біріне қарама-қарсы қойылады. Бұның екеуі де қате пікір. «Адам» бұл биологиялық тіршілік иесі, онда сана бар. «Тұлға» - қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық роль атқаратын, саналы индивид. Ал қоғамның қазіргі жағдайында, елдің саяси, мәдени, әлеуметтікэкономикалық жақтарын жаңарту кезінде - жас ұрпақтың болашақта ізгі ниетті азамат болып дамуына олардың тұлғасының дұрыс қалыптасу процесі үлкен ықпалын тигізетіні сөзсіз. Сондықтан да тұлғаның теориялық зерттеулеріне, жалпы ұғымына сарапталған талдауларға зер салайық. Психологтар арасында тұлғаға байланысты бірыңғай көзқарастардың болмағандағынан 300 астам анықтамалар жүзеге асуда.
Тұлғаның анықтамасы сияқты оның құрылымдарында да біртұтас көзқарастар жоқ. Л.С. Выготский алғаш рет психикалық қызметтерді жоғары - мәдени және төменгі - табиғи деп бөлінуін ұсынды. Л.С. Выготский құрылымының негізінде, тұлғаның - өзегі - оның бағыттылығы деп атады. Бұл көзқарас зерттеушілердің көпшілігіне негіз болып қаланды (С.Л. Рубинштейн, Л.И. Божович, А.Н. Леонтьев, М. 3. Неймарк, және т.б.). Алайда, көптеген авторлар тұлға бағыттылығының мазмұнын (мотивтер мен қажеттіліктер, қызығулар, бағдар және т.б.) түрліше қарастырады. Л.С.Выготский пікірі бойынша, адамның тұлғасы өзінің енген қарымқатынастарының кешенді әсерінің нәтижесінде дамиды.
Тұлға - бұл қоғамдықтарихи дамудың жемісі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс-әрекеті - бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты екені мәлім. Сонымен қатар тұлғаның дамуында негізгі болып - нақтылы тарихи орта саналады. Оқушылардың тұлғасының дамуы - механизмді құрастыратын көптеген ішкі және сыртқы факторларға тәуелді болып келеді. Л.С. Выготскийдің: "баланың психикасы әлеуметтік табиғатқа...", - деген пікірі осыған негізделеді. Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша, баланың тұлғалық дамуы - оның дамуындағы әлеуметтік жағдайлармен байланысты.
Сонымен тұлға - бұл біріншіден, әлеуметтік қатынас пен саналы әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Екіншіден, бұл индивидтің жүйелі қасиеті, оның қоғамдық қатынасқа енуімен анықталып және де біріккен әрекет пен қарым-қатынаста қалыптасып отырады. Б.Г. Ананвев, А.Н. Леонтьев өз еңбектерінде объективті өмірді бейнелеу процесінде, белсенді тұлға - қоршаған әлеуметтік өмір танымы, сана сезімімен бірлестікте іске енетін тұтастай субъект ретінде көрініс береді деп баяндалады. Сонымен қатар, Б.Г.Ананьев тұлға құрылымының жан-жақты зерттелуін өз еңбектерінде сипаттаған. Ол тұлғаның процестерін, күйлерін, қасиеттерін психофизиологиялық функциялармен және тұлғаның бағдары мен қажеттіліктері кіретін мінез-құлықтың жалпы мотивациясымен толықтырады. А.Н.Леонтьевтің пікірі бойынша, тұлға - бұл адам өмірінің қоғамда туылуының ерекше түрінің психологиялық тұрғыда құрылуы. Әр түрлі ісәрекеттің бірлесе бағынуы - онтогенезде тұлғаның қалыптасу негізін құрайды. Тұлғаның жүйелі қасиет ретінде пайда болуы - индивид басқа индивидтермен біріккен іс-әрекетінде, ақиқатты өзгертіп соның арқасында өзінде өзгертіп, тұлға дәрежесіне жетеді.
Индивидтің тұлғасы бағыттылықпен бейнеленеді, яғни үстем болып табылатын адамның қажетті көрініс беретін мотивтер - қызығушылықтар, сенімдер, дүниетаным және т.б. жүйелермен бейнеленеді.
Ал Қазақстанда тұлға мәселесімен Қ.Б.Жарықбаев, Ж.И.Намазбаева, С.М.Жақыпов және т.б. ғалымдар айналысуда.Ж.И. Намазбаева тұлға мәселесін зерттеуінде әр түрлі іс-әрекет (ойын, еңбек, спорт, оқу) барысындағы жас ерекшелік шамасының тұлғалық компоненттерінің механизмдер мен функцияларын белгілеуге түйінделетін кешенді көзқарастарды жетілдірді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |