Ежелгі Шығыс философиясы.
Ежелгі Шығыс философиясының элемдік философиядағы орны. Руханилықтың шығыстық дәстүрі - ежелгі Шығыс философиясының ерекше белгісі. Веда мәдениетіңің аясында ежелгі Үнді философиясының қалыптасуындағы діннің рөлі. Ведалардағы дүние, адам, өмір туралы алғашқы философиялық түсініктер. Самхиттер, брахмандар, Араньяктар - Ведалардың кұрамдас бөліктері. Упанишадалардағы философиялық сананың элементтері. Ежелгі Үндінің ортодоксалды және ортодоксалды емес философиялық мектептері. Буддизм философиясы. Адамның өз күшімен адамгершілікті түлға болып қалыптаса алу қабілетің жария ету. Адам рухын сырткы материалдық дүниеге қарсы қою. Үнді философиясының элемдік адамзаттық ойға мықты эсері.
Қытай философиясының прагматиқалық сипаты. Қытай жазуының ескерткіштері: «И цзин», «Ши цзин», «Шу цзин» - Қытай философиясының бастауы. Дүниемен, қоғаммен және өзіңмен үйлесімділік - ежелгі Кытай философиялық ойының басты философиялық принципі.
Қытай философиясының негізгі мектептері. Жэнь, чжун юн, цзюнь- цзы, дао, ди, инь и ян, ли, сяо, тянь-ся, ци, у-вэй қатегорияларының заттардың иерархиялық тәртібін орнатудағы рөлі.
Қонфуций ілімі -этиқалық-әлеуметтік ілім және ерекше мемлекеттік саяси қонцепция. Ақсүйектік даналық пен қарапайым халықтың сенімдері арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етудегі даосизм философиясының рөлі. Мо-цзының таным теориясы және этиқалық-саяси идеялары. Қытай практицизмін қалыптастырудағы Мо-цзының он принципі. Легизм адамдардың барлығына ортақ заңдардың негізінде қоғамды қайта өзгерту туралы.
Ғылыми білімнің қалыптасуы - ежелгі Египетте философиялық ой дамуының ерекшелігі. Адамның мәні туралы сұрақтың қойылуы. «Өлілер кітабы». Ежелгі Египет философиясының ежелгі Грецияның және бүкіл әлемнің ғылымы мен философиясына әсері.
Достарыңызбен бөлісу: |