Дәріс бойынша тест тапсырмалары: Ежелгі Үнді философиясындағы адамгершіліктік құлшыну заңы мына ұғыммен белгіленеді:
А. Нирвана.
В. Карма +.
С.Атман.
D. Сансара.
Е. Джива.
2. Упанишадтағы белгісіз әмбебап рухани бастама:
А. Сансара.
В. Карма .
С. Брахман +.
D. Мокша.
Е. Пуруша.
3. Ежелгі Үндінің діни-философиялық ескерткіші, әйгілі «Махабхарата» эпосының бөлігі:
А. Йога-сутра.
В. Бхагавадгита +.
С.Катха-упанишада.
D. Дхаммапада.
Е. Бхагавата-пурана.
4. Конфуцийдің этикалық-саяси көзқарастарының мәні:
А. Комунизм құрылысшыларының моральдық кодексін жасау.
В. Ізгілік арқылы мемлекетті басқару тұжырымдамасы +.
С. Жаңа мемлекет құруға талпыну мәселесі.
D. Қоғамның демографиялық мәселесі.
Е. Саяси төнкеріс жасау мәселесі.
5. Даосизмде «у-вэй» - дің мағынасы:
А. Парасаттық.
В. Болымсыздық +.
С. Әділеттілік.
D. Мейірбандық.
Е. Танымдық.
6. Шындықтың сандық жағына көңіл аударған көне-грек ойшылы:
А. Анаксагор.
В. Пифагор +.
С.Гераклит.
D. Сократ.
Е. Аристотель.
7. Анаксимандр іліміндегі дүниенің алғашқы бастамасы:
А. Атом.
В. Сан.
С. Су.
D. Апейрон +.
Е. Ауа.
8. «Өзіңді өзің танып біл» деген дельфийлік сөзге философиялық мән берген ойшыл:
А. Фалес.
В. Платон.
С.Пифагор.
D. Аристотель.
Е.Сократ +.
9. Платон философиясындағы басты ұғым:
А. Форма.
В. Әлемдік ерік.
С. Эйдос (идея) +.
D. Атом.
Е. Апейрон.
10. Аристотель бойынша, субстанцияның екі жағы:
А. Форма және мазмұн.
В. Құрылым және элемент.
С. Себеп және салдар.
D. Болмыс пен болмыс емес.
Е. Форма мен материя +.