Дәріс тезистері №1-дәріс


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет19/41
Дата10.09.2023
өлшемі0,93 Mb.
#180608
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41
Байланысты:
ДӘРІС (1)

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
бесінші 
Дәріс жоспары: 
 
1.
Синтетикалық тәсіл 
2.Өнімді жұрнақтар 
3.Өнімсіз жұрнақтар 
Дәріс мәтіні 
(тезис) 
Терминжасамның лексикалық бірлігі және сөзжасамдық жұрнақтан тұратын екі бірлігі 
бар. Бұл екі терминжасам бірліктерінің арасында бірсыпыра айырма бар. Ол екі 
терминжасамдық бірліктің мағынасына да, қызметіне де қатысты. Егер лексикалық бірлік 
атынан көрініп тұрғандай мағыналы сөздер болса, сөзжасамдық жұрнақтарда лексикалық 
мағына жоқ екені белгілі. Сондықтан лексикалық бірліктер тілде жеке дара қолданылып 
жүрген сөздер, дербес сөздер болса, жұрнақтарда ол қасиет жоқ. Терминжасамдық бұл екі 
бірліктің негізгі айырмасы сөзжасамдық қызметіне байланысты. Лексикалық бірлік 
қатыспай ешбір термин жасалмайды. Сөзжасамдық жұрнақсыз термин жасала береді. 
Өйткені жұрнақ тек морфологиялық тәсіл арқылы ғана терминжасамға қатысады. 
Лексикалық бірлік терминжасамның барлық тәсіліне қатысады. 
Дегенмен, 
сөзжасамдық 
жұрнақтың, 
морфологиялық 
тәсілдің 
сөзжасамда, 
терминжасамда атқаратын қызметі өте жоғары бағаланады. 
Бұл мәселеге қазақ тілінің терминолог ғалымдары алғашқы еңбектерінен бастап-ақ 
назар аударып келеді. Мәселен, Ө.Айтбаев сөзжасам тәсілдерін түгел толық қамти келе, 
морфологиялық тәсіл туралы мынадай пікір айтқан: «Морфологиялық немесе 
синтетикалық тәсіл дегенде әңгіме қазақ тілінің сөз жасауға, сөз түрлендіруге 
қатыстырылатын қосымшаларының термин жасаудағы рөлі жайында болмақ» деп, зат есім 
жұрнақтарын атаған [1, 110]. Сонымен бірге ғалым өнімді жұрнақтарды көрсеткен, ол 
төмендегідей: «Жалпы, қазақ тілінің сөзжасамға қатыстырылатын қосымшалары туралы 
әңгіме қозғалғанда, мамандар -шы, -ші, -лық, -лік, -шылық, -шілік, -ма, -ме, -ыс, -іс, -с, -ым, 
-ім, -іл, -ыл, -л, -қы, -кі, -у қосымшаларын өнімділер қатарына қосып жүргенін ескеру 
керек» – деп сөзжасам теориясына сүйенуді ұсынған және өнімді санаған жұрнақтарды 
талдаған. 
Ш.Құрманбайұлы сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалатын морфологиялық тәсіл 
туралы былай деп жазған: «Қазақ тіліндегі сөзжасамның тәсілдері мен жолдары ішіндегі ең 
өнімділерінің бірі – қосымшалар арқылы сөз жасау тәсілі деп саналады. Сөзжасамның бұл 
түрін тіл білімінде синтетикалық тәсіл немесе морфологиялық тәсіл деп атайды» [2, 101]. 
Ғалымның бұл пікіріндегі «ең өнімділерінің бірі» деген сөзге назар аударалық. Ол 
өнімділік жұрнаққа байланысты. Сөзжасамдық жұрнақтар бір сөзжасамдық тәсілде 
қолданылғанымен, бір жұрнақ арқылы бірнеше жүздеген туынды сөз, термин жасалады. 
Мәселен, 2000 жылғы әскери іс терминологиялық сөздігінде -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік 
жұрнағы арқылы 226 термин жасалған. Ал бұл жұрнақ терминологиялық салалардың 


ЕҰУ Ф 703-08-15. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Бесінші басылым 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет