Дәріс тезистері №1-дәріс


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет30/41
Дата10.09.2023
өлшемі0,93 Mb.
#180608
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41
Байланысты:
ДӘРІС (1)

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
бесінші 
Ал осы тілдік бірліктердің туынды сөз жасауда атқаратын қызметі туралы оқулықта 
мынадай мәлімет берілген: «Туынды сөз жасауға қатысатын лексикалық бірлік туынды 
сөздің мағынасына арқау болады. Сондықтан да туынды сөз жасауға лексикалық мағыналы 
сөздер ғана қатысады. Мысалы, жүлдегер, ақта, ақылды, бәлеқор сияқты туынды сөздердің 
жаңа мағынасы жүлде, ақ, ақыл, бәле сөздерінің негізінде жасалған, сондықтан олар негіз 
сөздер деп аталады. Осы негіз сөздердің мағынасы мен туынды жүлдегер, ақта, ақылды, 
бәлеқор сөздерінің мағынасы байланысты. Ол мағына байланыстылық негіз сөздің 
мағынасының туынды мағынаға арқау болғандығынан туып тұр. Сонымен туынды сөздің 
негіз сөзі болатын лексикалық бірліктер туынды мағына жасау үшін қажет [9, 34]. Сондай- 
ақ, оқулықта негіз сөзге мынадай анықтама берген: «Негіз сөз дегеніміз –туынды сөздің 
лексикалық мағынасына арқау болатын сөз» [9, 35]. Олай болса, терминжасамда терминнің 
мағынасына арқау болатын, уәждеме болатын лексикалық бірлік таңдалады. 
Сөзжасамның аналитикалық тәсілі де терминжасамда белсенді қолданылады. Тек, 
терминжасамда оған қатысатын лексикалық бірліктер терминнің дефинициясына сай 
таңдалады. 
Тұжырымдар. 
Терминжасам тәсілдері сөзжасам тәсілдеріне негізделеді. Сөзжасам 
тәсілдері терминжасам тәсілдерінің негізін құрайды. Терминжасамда сөзжасамның барлық, 
яғни аналитикалық, синтаксистік, морфологиялық, аббервациялық тәсілдері қолданылады. 
Бақылау сұрақтары: 
 
1.
 
Калькалау тәсілі 
2.
 
Қысқарту тәсілі 
Пайдаланған әдебиеттер: 
 
1.
Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. –Алматы: Ана тілі, 1992. – 448 б. 
2.
Сауранбаев Н. Қазақ тілі. Педучилищелерге арналған. – А. 1953. –219 б. 
3.
Әбуханов Ғ. Қазақ тілі. Педучилищелерге арналған оқулық. 1960. –366 б. 
4.
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. –Алматы: Мектеп, 1964. –398 б. 
5.
Қазақ тілінің грамматикасы. –Алматы: Ғылым, 1967. –263 б. 
6.
Ысқақов А. Қазақ тілі. Морфология. –Алматы: Мектеп, 1974. –407 б. 
7.
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. –Алматы: Ғылым, 1989. –268 б. 
8.
Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. Астана, 2002, - 
784 б. 
№12 дәріс 


ЕҰУ Ф 703-08-15. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Бесінші басылым 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет