Дәріс тезистері 1 тақырып Биологияны оқыту әдістемесі ғылым және пән Мақсаттар



бет1/7
Дата11.03.2023
өлшемі45,02 Kb.
#171859
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Биология оқу әдістері Экзамен





ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

1 тақырып Биологияны оқыту әдістемесі ғылым және пән Мақсаттар:
- биология оқыту методикасының ғылым ретінде негізгі мақсаттары және міндеттерімен таныстыру
-баска ғылымдармен байланыстарын зерттеу
- осы ғылымның объектін және әдістемелерін анықтау


Жоспар:
  1. Биологиялық білім және оның рөлі, биологияның әдіснамасы


  2. Биологияны оқыту әдістемесі пәні, оның ғылыми негізі


  3. Биологияны окыту әдістемесінің ғылыми негіздері


1 Биологияны оқыту әдістемесі - пән ерекшеліктеріне негізделген, оқыту мен тәрбиелеу үрдісі элементтсрінің жиынтығын беретін ғылым. Әдістеме -педогогикалық ғылым, сондыктан ол элеуметтік сұраныс және педогогикамен анықталған жалпы білім беру мен тәрбиелеудің мақсат, міндеттеріне сәйкес құрылады.


Әдістеме оқушыларға жақсы да саналы түрде білім игерудің және оны өмірде дұрыс пайдалана алу біліктілігінің тиімді тәсілдері мен құралдарын көрсетеді. Оқу барысында студенттердің кәсіби білімі мен дағдылары қалыптасады, олар оқыту біліктілігін игереді. Әдістемеге мыналар жатады:


  1. Оку пәнінің мазмұны (оқу нысанын таңдап алу, оның жүйесі және құрылуы).


  2. Оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен формалары (Бұл элементтер бірлікте


    болып оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес бір-біріне себепші болады).

3. Әдістеме оқу жұмысының құралын (оқу құралын, оқулық) анықтайды.


Оқыту әдістемесі неге жәпе қалай оқыту керек? Қалай және немен
тәрбиелеу керек? деген сауалдарга жауап береді. Әдістеме оқушыларда қалай дұрыс, аса пәрменді және мақсатқа сәйкес түрде саналы да берік білім беру және шығармашылықтарын дамыту мен жалпы мәдениетті түрде дамуына жетуге болатынын оқытады.
Биологияыны оқыту әдістемесі биология ғылымымен тығыз байланыста, бірақ, мектептегі биология пәні мен биология ғылымының арасында мақсатында, көлемінде, құрылымында және баяндау түрінде үлкен айырмашылық бар. Мектептегі биология пәні жалпы биология ғылымының түгелге дерлік салаларын қамтиды: ботаниканы, зоологияны, цитологияны, өсімдіктер, жануарлар және адам анатомиясы мен физиологиясын, эволюициялык ілім, экологияны, генетиканы, тіршіліктің пайда болуы, антропогенез т.с.с. Биология ғылымының максаты - зерттеу арқылы табиғат жөнінде жаңа мағлұматтар алу. Мектеп биология пәнінің мақсаты - биология ғылымдарының ашқан жаңалықтарын білім етіп жеткізу. Мектепте биологияны оқытуға шектеулі уақыт беріледі, сондықтан оқушыларға ғылымға нақты анықталған шындықты береді және негізгі ғылыми проблемалармен таныстырады.
Биологиялық ғылымдар - ботаника зоология өз дамуларында анатомияға, морфологияға, систематикаға, экологияға т. б. жіктелді. Ал мектеп пәнінде өсімдіктердің жеке мүшелерін, жануарлардың мүшелерін және тірі ағзаларды окытуда осы ғылымдар элементтері кіріктіріледі, сөйтіп материалды оқытуда уақыт жақсы үнемделіп, тіршілік құбылыстары негізін окытуда оқушылар үшін қол жетерлік түсінікті болады. Осы айырмашылықтар мектептегі балаларды оқытудың педагогикалық ерекшеліктері негізінен болады.
Әдістеме ұстазға ғылым негізінің аса маңызды элементгерін дұрыс таңдап
алуға, оқу нысанын және оку материалын түсінікті, есте сақтауға жеткілікті формада және байланыста беруге көмектеседі. Сонымен мектеп пәнінде білімнің құрылымы, оны баяндау формасы басқаша - педагогикалық тұрғыда болады. Сол себептен де ғалым, ұстаз К.Д. Ушинский « Ғылымды ғылыми және педагогикалық баяндау - екі түрлі нәрсе, сондықтан барлық елдер педагогтары ғылыми жүйені педагогикалық жүйеге өңдеу үшін еңбек етуде» деп жазған.
Мектептегі оқыту әдістемесі сонымен қатар оқытылатын биология ғылымының негізінің мазмүнымен және тірі ағзаларды танудың элементарлық әдістерімен анықталады.
Әдістеме тек қана биологиялық мазмүн ерекшеліктерімен емес, балалардың жас ерекшеліктерімен де аныкталынатындықтан, ол психология ғылымына, балалар психологиясына да сүйенеді. Әдістеме анықтағандай, тәрбиелей отырып оқыту тек сол уакытта ғана әсерлі болады, егер ол балалардың жас
ерекшеліктік дамуымен сәйкестікте болса. Әдебиеттер тізімі: 1, 14-21 бет
Пысықтау сұрақтары:


  1. Биологиялық білімнің жаңа ғасырдағы рөлін қалай түсіндіресің?


  2. Әдіснама қандай ғылым, биологияны оқыту мен тәрбиелеуде оның маңызы


    қандай?
  3. Биологияны оқыту әдістемесінің нысаны мен пәні қандай?


  4. Әдістемеге не жатады, оның міндеттері қандай мәселені шешеді?


  5. Биологияны оқыту әдістемесінің ғылым ретіндегі маңызын дәлелдеңіз?







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет