Дәріс тезистері 1 тақырып Биологияны оқыту әдістемесі ғылым және пән



бет11/14
Дата14.10.2023
өлшемі394 Kb.
#185378
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
biologiynj okjtu adistemesi dly el biblioteki

Әдебиеттер тізімі: 1,280-291 бет
Пысықтау сұрақтары:

  1. Биологиядан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың маңызы неде?

  2. Сыныптан тыс жұмыстардың қандай түрлерін білесіңдер?



12 тақырып Биологияны оқытуда материалдық базасын ұйымдастыру Мақсаттар:
- биологияны оқытуда материалдық базасымен таныстыру, - биология кабинетін ұйымдастыру оның оқу-тәрбие процесіндегі рөлі, оқу жабдықтарын орналастыру туралы ұғым беру
Жоспар:

  1. Биология кабинеті

  2. Мектеп жанындағы оқу - тәжірибе алады

  3. Тірі -табиғат мүйісі



1 Биологияны окытудың сапасын арттыру үшін оған қолайлы жағдай туғызу керек, ол дегеніміз оқытудың материалдық базасын ұйымдастыру; биология кабинеті, оқу-тәжірибе алады және тірі табиғат мүйісі, бұлар бір-бірімен өзара байланысты және оқыту мен тәрбиелеу міндеттерін кешенді түрде жүзеге асыруда бірін-бірі өзара толықтырып отырады.
Оқытудың негізгі түрі сабақ болғандықтан ол, негізінен сыныпта өтеді. Биология сабақтары өтетін сынып бөлмесі - биология кабинеті болуы тиіс, осында биологиялық білімді игеру жүреді.
Биология кабинеті - бұл биологиядан оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру үшін арнайы жабдықталған бөлме. Биология пәнінің ерекшелігіне байланысты биология кабинеті де соған сай болуы тиіс. Пән ұстазы үшін кабинет, өзінің бар; жинақталған «байлығымен», тек қана сабақ өткізуге арналған және тек қана жұмыс орны емес. Бұл ерекше орын, онда әртүрлі өсімдіктерді және; жануарларды кездестіретін өз алдына табиғаттың бір бөлшегі. Осы жерде тек күнделікті сабақтар ғана отіп коймайды, онда зертханалық және сарамандық сабақтар, тәжірибелер көрсету, тірі табиғат нысандарын бақылау, сыныптан тыс шаралар жүргізіледі.
Кабинетте барлық оқытуға кажетті құрал-жабдықтар және арнайы, нақты курсқа, нақты тақырыпты оқытуға арналған құралдар болады.
Кабинеттің оқу - тәрбиелік рөлі. Биология кабинетінде оқыту үрдісі, оқушыларды тәрбиелеу және дамыту сияқты жұмыстар жүргізіледі, сол үшін де ерекше құралдар мен жабдықтар керек. Топтық практикалық жұмыстар, әртүрлі дәстүрлі емес сабақтар жүргізген кезде орындарынан қозғап өзгерте алатындай ыңғайлы орындықтар мен үстелдер болады. Мүғалімнің үстелі мен тақта сабақта көрнекі құралдар көрсетуге пайдаланылады. Қабырғада (тақта үстінде) экран (оралған түрде), қатарында телевизор, арт жақта кинопроектор.
Кабинетте су құбыры, қол жуғыш міндетті түрде болуы шарт. Су үнемі практикалық, зертханалық жұмыстар және өсімдіктер мен жануарларды күту үшін қажет.
Биологиялық әдебиеттер, әртүрлі анықтамалар, зертханалық және практикалық жұмыстарға арналған әдістемелік ұсыныстар жинакталған шағын
кітапхана ұстазға да оқушыға да оқу материалын меңгеруде кажет.Ғылыми - әдістемелік рөлі. Кабинет - биология мұғалімінін жұмыс орны.Сол себепті онда ұстазға сабаққа және басқа жұмыстарға шығармашылықпен дайындалуға мүмкіндік туғызатын қажетті бағдарламалар, кітаптар, мерзімді басылымдар, әсіресе «Мектептегі биология», «Мектептегі экологиялық білім» т. б. журналдар мен әдістемелік әдебиеттер болуы тиіс.
2 Мектеп жанындағы оку-тәжірибе алаңы да биологияны сапалы оқытуда «маңызды материалдық базаның бір кұрам бөлігі. Биологияны оқыту - практикасында мектептің оқу – тәжірибе алаңының рөлі аса зор. Тәжірибе алаңында оқушылар биология сабақтарында игерген теориялық білімдерін тереңдетіп өз қолдарымен практикалық жұмыстар жасайды. Сол себепті өсімдіктерді өсіру мен баптаудың практикалық біліктілігін игереді. Жануарларды күту, бақылау дағдылары қалыптасады. Көктемде және күзде тәжірибелер қойып осімдіктердің өсуінің биологиялық зандылықтарын анықтайды. Нақты осы табиғи жағдайда өсуі мен даму, оның қажетті
шарттарын оқып үйренеді. Тәжірибелер мен бақылаулар кезінде шаруашылық дакылдарының түсімін молайту мүмкіндіктерін анықтайды.
Оқушылардың еңбек тәрбиесінде биология пәнінің, оның ішінде оқу -тәжірибе алаңының маңызы зор әрі мүмкіндіктері мол. Тәжірибе алаңындағы жұмыс балалардың еңбек мәдениетін, әсемдік сезімін, және ұжымдық дағдыларын тәрбиелейді.
Мектептің оку-тәжірибе алаңын жасауды тыңғылықты педагогикалық ойланылған жоспар құрудан бастау қажет. Оқу- тәжірибе алаңы мектеп ғимаратына жақын орналасуы тиіс. Оны жасағанда, орын таңдағанда, жердің сипаты, бедері мен топырақ жағдайлары, жарық түсуі есепке алынуы кажет. Оқу-тәжірибе алаңы биология пәнінің зертханалық және практикалық жұмыстарының бөлімшесі ретінде болғандықтан онда биология пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес оқылатын өсімдіктер өсіру кажет.

3 Тірі табиғат мүйісі арнайы бөлмеде (реті келсе) немесе биология кабинетінде орналастырылады. Табиғат мүйісінде жануарлар мен өсімдіктер тек қана сакталмайды, ол - сабакта және сыныптан тыс сабақтан жұмыстарда бақылаулар мен тәжірибелер жүргізілетін орын. Бұнда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру, балалардың ой-өрісін кеңейту мүмкіндігінің зор екендігі сөзсіз.


Кез - келген мектепте тірі табиғаг мүйісінің болуы оқушылардың мәдениетіне өсімдік дамуларына және оқу-тәрбие үрдісінің міндеттерін шешуде ықпалы зор.
Табиғат мүйісін жасауда бірінші мәселе - оқу үрдісінде пайдаланылатын тірі нысандар орналастыру. Оқушылар бұл жерде бағдарламаға сәйкес бақылаулар жүргізіп, тірі нысандармен тәжірибелер жасайды. Оқу-тәжірибе алаңы сияқты бұл жерде де жануарлар мен өсімдіктерді ұзақ бақылау зерттеушілік біліктіліктің дамуына ықпал етіп, сарамандық жұмыстың ыңғай дағдысын игеріп, тірі табиғаттың көптүрлілігінің куәсі болады.
Биология кабинеті мен оқу-тәжірибе алаңын ұйымдастырған тәрізді тірі табиғат мүйісін жасауда да оқушылардың ат салысып, белсене араласқаны жөн. Жануарлар мен өсімдіктердің орналастырылуы және оларды ұстау биологиялық, санитарлық-гигиеналық ережелерге сай болуы тиіс. Ұстаздың кеңесімен балалар өсімдіктер мен жануарларды күту және бақылаудың күнделігін құрып, кесте жасайды. Тірі нысандармен жұмыс істеу барысында оқушылардың еңбек мәдениеті, біліктілігі мен дағдылары қалыптасып, табиғатқа деген аяушылык және қамқорлық сезімдері оянып көзқарастарына әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет