БұқаржырауҚалқаманұлының шығармашылығы
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.Бұқар жырау- ХҮІІІ ғасыр әдебиетіндегі көрнекті тұлға, ұлы ойшыл, қоғам қайраткері.
2.Бұқар жырау толғауларының тақырыптық тұрғыдан жіктелуі.
3.Бұқар жырау поэзиясының көркемдігі. Бұқар жырау шығармашылығының зерттелу жайы.
4.Бұқардың Тәуке ханға, Абылай ханға қызмет көрсетуі.
4.Абылайдың алдында беделді, қабырғалы биі болуы.
5.Бұқар шығармашылығының зерттелінуі:
Бұқар жырау – өз дәуірінің данышпаны қазақ хандығының нығаюы, орталықтандырылған мемлекетке айналдыру жолында Абылай ханның кеңесшісі, ақылгөй биі, көрнекті мемлекет қайраткері.
Бұқар жырау Қалқаманұлы, ХVІІІ ғасырда қазақ хандығының нығаюы жолында еңбек еткен көрнекті мемлекет қайраткері, қолбасшы би, болжағыш көреген қоғамыныңүгітшісі, бітімшісі, сыртқы саясатта бітістірушісі, ақындығына келсек, қазақәдебиетінің дамуында көрнекті рөл атқарған соқталы тұлға.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар.
Тест:
1.Бұқар жырау қай жылдары өмір сүрген?
A)1801 - 1892
B) 1550 - 1611
C) 1446 - 1524
D) 1452 - 1529
E) 1668 - 1781
*****
2.Бұқар жыраудың:
Қырық жасқа келгенде
Алтын тонның жеңі едің,
Қырық беске келгенде,
Жақсы жаман демедің
Елу жасқа келгенде,
Үш жүздің баласының
Атының басын бір кезеңге тіредің, -
деген жыр жолдары кімге арналады?
A)Абылай ханға
B) Бөгембай батырға
C) әкесі Қалқаман батырға
D) Қабанбай батырға
E) Ағыбай батырға
*****
3. Бұқар жыраудың «Сен - бұзау терісі шөншіксің, Мен - өгіз терісі талыспын...»
деген жыр жолдарында троптың қандай түрі қолданылған?
A) эпитет
B) метафора
C) теңеу
D) метанимия
E) синекдоха
*****
4. Бұқар жырау «Ханға жауап айтпасам» толғауында Абылай ханға қай жыраудың жырының мәнін түсіндіреді?
A) Қазтуғанның
B) Доспамбеттің
C) Асан қайғының
D) Жиембеттің
E) Үмбетейдің
5. Бұқар жыраудың табиғат көріністері жырланатын толғауын табыңыз
A) Тілек
B) Ел бастау қиын емес
C) Ай заман-ай, заман-ай
D) Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек
E) Бағаналы орда, басты орда
6. Бұқар жыраудың Абылай ханға арналған толғауын табыңыз
A) Шүршіт келем деген сөз бар-ды
B) Бірінші тілек тілеңіз
C) Ай не болар күннен соң
D) Ал, тілімді алмасаң
E) Алыстан қызыл көрінсе
*****
7. Бұқар шығармаларын тақырыптық ерекшеліктеріне қарай неше топқа бөлуге болады?
A) 4
B) 3
C) 2
D) 6
E) 5
*****
8. Жыраулар поэзиясының көркемдік ерекшелігін арнайы қарастырған зерттеуші
A) Қ. Сыдиқов
B) М.Мағауин
C) Е.Исмайлов
D) Ж. Тілепов
E) Ә. Марғұлан
9. Бұқар жыраудың отаршылдыққа байланысты туған жырын табыңыз
A) Көкшетаудан салдырған
B) Айналасын жер тұтқан
C) Асқар таудың өлгені
D) Ал, тілімді алмасаң
E) Биік тауға жарасар
*****
10. «Қазақтың көне ауыз әдебиеті нұсқаларында жырау ақындықтың ең көне болғанға ұқсайды» деген пікірдің авторы
A) М.Мағауин
B) Е.Исмаилов
C) Ә.Марғұлан
D) Қ.Сыдиқов
E) Ә.Дербісәлин
*****
Сұрақтар:
1.Бұқардың Абылай туралы екі өлеңін кім орысшалап хатқа түсірді?
2.Бұқар жыраудың өлеңдерін кім жинастырды?
3.Бұқар шығармашылығын зерттеген кімдер?
4. толғау шығармаларының тақырыбы мен өзекті ойын айқындау;
5. толғаудың ғибраттық, танымдық қырларын, философиялық астарын қарастыру,
6. жырау тіліндегі көркемдік тәсілдерді, тілдік ерекшеліктерді қарастыру арқылы толғаудың тілдік, көркемдік қырларын тану;
7. жырау толғауларындағы афоризмге айналған сөз айшықтарын саралау;
|