Қалай дегенмен де бір адам бойынан аталмыш белгілердің таза күйінде ешқайсысын кездестіре алмаймыз, себебі олар бір-бірімен байланыста жалғасып келіп отырады.
Суреттен көріп тұрғанымыздай, бейімделу үдеріс ретінде бірнеше сатыдан тұрады, осы сатылардан өткеннен кейін, сол қоғамға толықтай бейімделіп болды деп айтуға болады. Яғни, сонда бейімделу – аккультурациялық үдерістің нәтижесі болмақ (сурет 1).
Сурет 1 – Аккультурациялық үдеріс нәтижесі
Аккультурация үдерісінің жағымды нәтижесі – ұзақ уақыт барысында тұлғының жаңа ортаға толықтай бейімделуі. Қоршаған орта талаптарына қарай жеке тұлғаның немесе топтық сана-сезімнің психологиялық және әлеуметтік-мәдени тұрғыда өзгерістердің пайда болуы. Психологиялық жағынан жаңа мәдени орта шеңберінде белгілі бір қанағаттанған сезімде болуы, көңіл-күйінің орнында алғашқы кездегідей үрей қорқыныштан айрылып тұрақты жағдайға енуін айтсақ, әлеуметтік-мәдени жағынан жаңа мәдени ортада нақты бағыт бағдары бар, кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдап, еркін жүріп-тұратын, ортаға бейімделген күнделікті қалыпты өмір сүруін айтамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |