Дәріс тезистері дәріс Мыңжылдықтар тоғысындағы ұлттардың қайта өрлеуі



бет6/32
Дата07.02.2022
өлшемі300 Kb.
#82404
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

Халықтық психология психика мен мінез-құлықтың қанға «сіңген», тез өзгеріп, не жоғалып кетпейтін ұлттық бітісі, мезгіл мөлшерімен алғанда ұзақ дәуірдің жемісі. Халықтық психология – адамдардың қоғамдық және жеке тәжірибесінен, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдерінің жүйесі. Бұл – адам мінез-құлқының көптеген жақтарын қамтып, белгілі этностың өзіне тән психикасы жөнінде біршама мәнді мағлұматтар беретін ілім-білімдердің жүйесі. Әйтсе де, бұлар арнайы ғылыми жүйеге негізделмегендіктен, адам психологиясын ажыратуға жөнді жарай бермейді. Мұндай жағдайда біз тек ғылыми психологияның деректеріне ғана сүйенеміз. Халықтық психологияның теориялық мәселелерін зерттеу мен этнографиямен астарласа дамыған этнопсихология атты ғылым саласы шұғылданады. Этнопсихология зерттейтін проблемалар (этностереотип, этноцентризм, ұлттық тұрпат, халық рухы, ұлттық намыс, ұлттық сана, дәстүр, салт, т.б.) сан алуан. Біз төменде солардың бірі – «ұлттық мінезге» тоқталамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет