Дәріс Трансформир тәсілдері. Тегіс жердің фотопланын дайындау. Трансформирленген сурет дәлдігіне тигізетін жер бедерінің әсері



бет1/11
Дата04.01.2022
өлшемі322,5 Kb.
#109279
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
дәріс 7. Фотограмметрия

  • Дәріс 7. Трансформир тәсілдері. Тегіс жердің фотопланын дайындау. Трансформирленген сурет дәлдігіне тигізетін жер бедерінің әсері.
  • Аралас түсіру әдісі
  • Орынгожин Ерназ Советович,
  • техника ғылымдарының докторы,
  • ҚР ҰИА академигі.
  • Телефон: 87028390911
  • Алдыңғы дәрісте «Фотосхема және фотоплан дайындау технологиясы. Аэросуреттерді пландық және биіктік байластыру» тақырыбын өттік.
  • Фотосхема жэне оны дайындау тәсілдері. Фотосхема деп жұмыстық аудандардан құралған жер бетінің фотографиялық көрінісін айтады. Фотосхеманың масштабы тұрақ- сыз болғандықтан оны пайдалану жерлерін зерттеп байқауда неме- се жоғарғы дәлдікті керек етпейтін жұмыстарда ғана қолданады.
  • Фотосхема маршрут санына қарай жеке және көп маршрутты болып және пайдаланылатын суреттерге қарай жанасулы және келтірілген болып бөлінеді. Келтірілген суреттер берілген масштабна жақындатылған аэрофотосуреттерден дайындалады. Көп маршрутты фотосхемалар жерді пайдалану шекараларында трапеция немесе планшет көлемінде дайындалады.
  • Фотосхемалар жеке немесе біріккен суреттерді қырқу арқылы жасалады. Жеке суреттерді қырку тәсілінде, жабу жолағының шамамен ортасынан, анық көрінетін бірдей контурлік нүктелерді тауып инемен тесіп белгілейді. Әр сурет бөлек контурлік жұп нүктелердің үстімен сызғыш бойымен скальпелмен қырқылады. Қырқылған суреттерді резіңке желіммен қатты қағазға немесе картонға жабыстырады. Суреттердің қосылған жеріндегі көрініс элементтерінің түйіспеушілігін суреттің жоғарғы және төменгі жағына бөліп үлестіреді.
  • Осылайша дайындалған фотосхема қырқу жолағының бойымен сәйкес нүктелер көріністерінің түйіспеушілігімен бақыланады. Кес- індінің шамасы 0,5 мм аспауы керек. Нүктелердің түйіспеу көрсеткіші (дәрежесі) аэрофотоаппараттың көлбеу бүрышына, жер бедеріне, түсіру биіктігіне жэне қүрастыру қателеріне байланысты болады.
  • Бақылап болғаннан соң фотосхеманың шеті түзетіліп қырқыла- ды. Фотосхемада жұмыс ауданы, трапеция номенклатурасы немесе пайдалану жерінің аты, дайындау жылы, орташа масштабы және орындаушының аты-жөні көрсетіледі.
  • Біріккен суреттерді қырқу әдісінде қатар суреттерді бірінің үстіне бірін жабу жағымен туралайды. Суреттерді ауырлықпен бас- тырып, барлық аудан бойынша бірнеше анық контурлік нүктелерде инемен тесіп жабу сапасын бақылайды. Содан соң шамамен жабу жолағының ортасымен суреттерді қосып, скальпелмен қырқады.
  • Қырқу ізі түзу немесе толқын тэрізді сызық болуы мүмкін (сурет). Қырқу кезінде ұзындық элементтерді тік бұрышпен қиып өту керек жэне майда элементерді айналып өтіп, бір түсті ірі элементтердің үстімен өткені дұрыс. Осылайша барлық суреттер қырқылады. Қырқылған суреттер қатты негізге жабыстырылады. Біріккен суреттерді қырқу әдісін бақылау үшін қалған қырқынды- ларды кесу сызығының бойымен орналастырып, бақылауды нүктелерін тесу арқылы жүргізеді.
  • Фотосхемадағы нүктелер көрінісінің айырмашылығы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет