-
Оқиғалы модель – сценарийдің орындалу кезінде қандай іс-әрекет жіберетіні яғни
сценарийлер арқылы басқарып жіберу тәсілін анықтайды.
Macromedia Flash.
World Wide Web (Дүниежүзілік торы) бүгінгі күні қарқынды дамуда. Әдеттегі
статикалық ақпаратты Web-сайтары (Web-sites) бұрынғыдай соңғы қолдаушылардың
қызығушылығын өзіне тарта алмайтын болды. Сондықтан график және GIF
форматындағы анимациялық файлдарды еңгізу арқылы Web дизайнерлері мен өңдеушілер
өз Web парақтарына керемет көрініс беруге тырысады.
GIF, JPEG және PNG дәстүрлі форматтарда сақталған графиктер сайттарға жақсы
көрініс пен эффектілер бергенімен жүктелу кезінде ондай беттердің өлшеміне байланысты
графикалық файлдар көп уақыт алады. Ондай жағдайда анимация құрудың тиімді құралы
ретінде, программалық өнім – Macromedia Flash болып табылады. Яғни ол Web өңдеу
кезіндегі алғ Web дизайнерлері мен өңдеушілер өз Web парақтарына қойылған
мақсаттарға жетуге көмек береді. Басқа графикалық қосымшалармен салыстырғанда Flash
Web және файлдан шығаратын қорытындыларды баспаға шығаруға арналған көптеген
артықшылықтары бар.
Мысалы: Өзіндік математикалық формулаларымен анықталатын, формалар өлшемін,
түсін және орналасуын сипаттайтын векторлық графиктерде қолданылады. Векторлық
графиктер түзулерден және қисықтардан тұрады. Демек ол расторлық, сондықтан графика
үлкен емес растор нүктелері мен пиксельдерден тұрады. Математикалық формулаларды
қолдаудың негізгі артықшылығы Web үшін ең қажеттісі файлдарды аз өлшемде сақтау.
Дауыстарды, графиктерді және анимацияларды қысып сақтау. Ондай файлды қысу,
ағымды жіберу кезінде, сайттың Web браузерінде толық жүктелгенше көрініс беруіне
қызмет етеді. Бұл дегеніміз сайттың бір векторлық графика көрініс беріп жатса, ол
уақытта басқа графикалар мен дауыс, анимациялар жүктелу үстінде болады.
Flash-та интерактивтілік түрлі құрамдардан тұруы мүмкін. Қарапайым графиктерді
анимацияларды немесе ірі тақырыптарды кез-келген сайт объектілерінде немесе
аймақтарда шексіз қолдану мүмкіндіктерінен басқа толық бағытталған құрамдарды
енгізуге болдады: батырмалар, меню немесе анимациялар фрагменттері. Ондай
әрекеттерді (Actions) енгізу арқылы интерактивті фильмдерді құруға болады. Flash-та
интерактивті элементтерді басқаруды құру үшін сценарийлерді құру тілі – Action Script
ұсынылады.
Flash–та өңделген көрініс пен мәтіндер, векторлық графиканың негізінде
әрқашанда анық және нақты көрінеді. Flash қолданушының суреттер салуына көмектеседі.
Flash кейбір кездерде негізгі геометриялық формаларды құру үрдісінде оларды тани
алады. Сонымен бірге қолданушының дұрыс сыза алмаған формаларын, қалауынша дұрыс
геометрикалық формаға келтіруіне мүмкіндік туғызады. Мысалға доғал немесе
дөңгелекті тезірек сызу керек болса, кез келген дөңгелек форма сызсаңыз, оны толқынды
және лайықты доғал немесе дөңгелек етеді. Flash сонымен қатар тік немесе толқынды
тұзулер құруға көмектеседі.
Flash құрамында сапалы Flash фильмдерді құруға арналған негізгі құралдары бар.
Бұл құрал ActionScript – оқиғалы-басқарылатын тіл және Flash-те орнатылған. Сіздің
беттеріңізді ActionScript интерактивті етеді. Сіз пернетақтаның немесе тышқанның әсерін
сезінесіз және кез келген бір анық кадрды ойнату кезінде осы кадрға қандай да бір іс-
әрекет жасай аласыз.
ActionScript-ті толық меңгеру үшін алдын-ала программалаудан (C++, JavaScript)
тәжірибеңіз болуы қажет. Дегенмен Flash тілінің қасиеттернің бірі Flash-те сапалы код
жазу үшін, Flash немесе ActionScript-ті жан-жақты меңгеруіңізді қажет етпейді. Сіз
өзіңіздің жұмысыңызға қажетті тілді ғана қолдануыңызға болады.
Достарыңызбен бөлісу: