компьютерге қажет емес cookies-терді енгізуі мүмкін (компьютер иесінің емес, яғни
қонақтың келтірулерімен ассоциацияланады).
Осындай жағдайда cookies-ті орналастыруға тыйым салып немесе жұмыстың
аяқталуымен оны жоюға болады.
Cookies-ті жою сіздің компьютеріңіздің жұмыс қабілеттілігі жағынан тиімді, бірақ
есте сақтаған жөн, егер сіз жиі кіретін сайтқа тиісті cookies-ті жойсаңыз, онда бұл cookies-
термен бірге сіздің келтірулеріңіз жойылуы мүмкін.
Cookies-те қандай проблемалар пайда болады?
Егер қандай да бір сайтқа бір ДК-ді пайдалана отырып бірнеше адам қатысса, онда
келуші Web-сервер әртүрлі келушілерді бір адам ретінде қабылдайды және олардың
дербес келтірулерін шатастырады.
Егер сіз интернетке кіру үшін әртүрлі компьютерді пайдалансаңыз (біреуі үйде,
екіншісі офисте) онда әрбір жағдайда барлық 3 компьютерде әртүрлі cookies-файлдар
болады. Сонымен қатар cookies-тер өшіріледі (мысалы:жүйені қайта орнату барысында).
Сол себептен егер сіз cookies-ті жойсаңыз және алдында кірген сайтыңызға қатыссаңыз,
ол сізді жаңа пайдаланушы ретінде қабылдайды.
Бұл қиыншылықтардың барлығын сайтта тіркелу арқылы айналып өтуге болады. Бұл
жағдайда сервер сіздің қай компьютерден кіріп отырғаныңызға тәуелсіз сіздің
логиніңізбен, парольмен бірге cookies сақталады және сізге дұрыс ақпарат ұсынылады.
Cookies мәтіндік түрде сақталғандықтан, пайдаланушы оны жоя алады немесе өзгерістер
енгізе алады, Web-қолданбаны құрастырушылар әдетте cookies-те тек маңызды
мәліметтерді сақтамайды және Web-сервердің жұмысын ол пайдаланушы дискіне
орналастыруға тыйым салған жағдайда да жұмыс жасайтындай етіп ұйымдастырады.
Дискіде cookies-тің болуы пайдаланушы қандай сайттарға кіргенін талдауға, кейбір
жағдайда пайдаланушы нақты сайтқа хабарлаған мәліметтерді де талдауға мүмкіндік
береді.
Достарыңызбен бөлісу: