Дәрістер. 1 тақырып. Философия, оның пәні мен қоғамдық маңызы



бет2/175
Дата24.10.2023
өлшемі2,79 Mb.
#187769
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   175
Байланысты:
lektsii po filosofii

Пантеизм дегеніміз Құдайды табиғаттың ішінде еріту, табиғаттың өзін Құдай ретінде түсіну. Мұндай Құдайға деген көзқарастың шеңберінде “табиғатты жарату² мәселесі босқа жай қалып қояды.
Деизмді алатын болсақ, онда құдай мойындалғанмен, оның рөлі тек Дүниені өзінің құдіретті күші арқылы жаратумен танылады. Жаратылған Дүние әрі-қарай өзіне тән ішкі заңдылықтары арқылы өмір сүре береді, оның болашақ дамуына Құдай кіріспейді.
Діннің дүниеге келуінен бастап оның негізгі қағидаларына күмәнданған атеистік көзқарастар да туды. (atheos - құдайсыз, құдайға қарсы, грек сөзі). Бүгінгі заманда Дүниеге деген атеистік көзқарас ұстаған адамдардың саны да аз емес.
Құдайдың құдіретті күшіне сенушілік ертелі-кеш соған табынуға әкеліп соғады. Дінге табынушылықтың негізінде әр-түрлі діни мекемелер мен ұйымдар пайда болады (шіркеу, мешіт, синагога т.б.).
Діннің пайда болып даму жолында біршама себептер бар.
Біріншіден, дін мифологиялық санаға қарағанда адамның абстрактылық ойлау қабілетінің анағұрлым биік дәрежеде дамуын талап етеді (о дүние, мәңгілік, шексіздік, әсемдік, ізгілік т.б. ұғымдардың пайда болуы).
Екіншіден, адамның реалдық Дүниедегі, әсіресе, қоғам өміріндегі себептік-салдарлық, қажеттік және кездейсоқтық т.с.с. байланыстар мен қатынастарды сезініп, соларды түсінуге деген өшпес іңкәрі. Бірақ, олардың мәнін дұрыс түсіне алмағаннан кейін, адамдар табиғаттағы заңдылықтарды неше-түрлі құдіретті күштерге теңеп, соларға табыну арқылы оларды адамға керек бағытта өзгертуге ықпал жасауға болатынына сенді.
Үшіншіден, адамның әлеуметтік өмірдегі зардап шегуі, езілуі, зорлық-зомбылықтың жақсылық пен ізгілікке қарағанда басымдылығы оның көкейінде бұл Дүниедегі өзінің өміріне қанағаттанбай, әрдайым шынайы құндылықтарды армандап, оның әлемін о Дүниемен теңеуге әкеліп соқты.
Төртіншіден, адамның өз өмірінің уақытшылығы, әрдайым оның өлместікке деген қиялын оятып, оның мәңгілік, кемеліне келген бақытты Дүние болуы керек,- деген ойын туғызды.
Басқа қоғамдағы сан-алуан құбылыстар сияқты дінде тарихи өзгерістерге түсіп өзінің әртүрлі бағыттарын тудырды. Бүгінгі таңда жер бетінде үш негізгі Дүниежүзілік діндер бар. Христиан дініндегі негізгі идея – эсхатология (eschatos - соңғы, -грек сөзі, logos- ілім) тарихтың, Дүниенің соңында Мессияның (құтқарушы) екінші келуі, тірі және өлген адамдарды таразыға салып, біреулерін тозаққа, екіншілерін мәңгі жұмаққа тартуы. Христиан дінінің негізгі қағидасы – сүйіспеншілік және оны уағыздауда осы дін өте биік жай адамның мүмкіншілігінің шеңберінен шығып кететін дәрежеге дейін көтеріледі (өздеріңнің жауларыңды да сүйіңдер!).
Ислам діні де осы Дүниені жаратқан бір Құдайды – Алланы, оның құдіретті күшін мойындайды. Бұл діннің негізгі ерекшелігі - Құрандағы жазылған қағидалар адам өмірінің барлық жағын үйлесімді түрде ретке келтіріп отыруға тиіс. Сондықтан Ислам діні қоғамның мемлекеттік істеріне, саясатқа белсенді ықпал жасауға тырысады (Афганистан, Пакистан, Иран). Ислам діні басым елдерде, шариғаттың негізінде өмір сүретін Исламдық құқтық мемлекет орнату идеясы көптеген адамдардың мақсатына айналуда.
Ислам дінінің негізгі қағидасы – мейірімділік, қайыршыға, кем-тар адамдарға қол ұшын беру (садақа), зәкет төлеу (адамның өз еркімен әлеуметтік салаға кемінде жылдық табысының 2 пайызын беріп отыруы), т.с.с. міндеттері бар. Бұлардың бәрі де ислам дінінің әлеуметтік-демократиялық жақтарының үлкен ықпалын көрсетеді.
Үшінші дүниежүзілік дін – Буддизм. Бұл діннің негізгі ерекшелігі – оның этикалық-практикалық бағыттануы (ethos - грек сөзі, -әдет-ғұрып, praktіcos - грек сөзі, - белсенділік, іскерлік). Бұл өмірде (бейнеленген болмыс) адам зардап шегеді. Оның себебі – адамның өмірге деген құштарлығында, оның қызығына тоймауында. Ал зардаптан құтылу үшін адам бұл бейнеленген болмыстан бас тарту керек. Ол үшін адам нирвана (сөну, өшу) дәрежесіне көтеріліп, бейнесіз болмысқа өту керек. Сонда ғана адам өмірдегі зардаптан құтыла алады. Дүниежүзілік мәдениетте мұндай өмірден бас тартуға шақыратын бірде-бір философия жоқ сияқты.
Алайда қазіргі адамзатты бірде-бір дүниежүзілік дін толығынан қанағаттандырмайды. Сондықтан, бір жағынан алғанда қайшылықтарға толы цивилизацияға бүкіл адамзаттың басын біріктіретін бір ғана дін болуы қажет сияқты. ХқХ ғасырдың ортасында Иран топырағында пайда болған Бахаизм діні сол рөлді өз мойнына алып орындауға тырысуда.
Екінші жағынан ХХ ғасырда болған екі дүниежүзілік соғыс, миллиондаған адамдардың қырылуы, ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану жолындағы теріс салдарлар, тірі табиғаттың әлсіреуі, көп адамдардың қайтадан көне табиғатқа табынатын діндерге жаңа дәрежеде қайтып оралғысы келетінін сездіртеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет