Дәрістер №1 тақырып. «Мемлекеттің төлем жүйесі» түсінігің мәні


Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы



бет6/17
Дата07.02.2022
өлшемі89,96 Kb.
#94222
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Лекция Акша,несие,банк

3.Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО) – төлем жүйесін пайдаланушылардың төлем құжаттарының негізінде олардың шоттарына ақша қаражаттарының уақтылы түсуін, сондай-ақ оларды өзара толық ақпарттармен қамтамасыз ететін мекеме.Қазіргі уақыттағы
Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы қазіргі заманға сай құрал-жабдықтармен жабдықталып, төлем тапсырмаларымен есеп айрысуларды қамтамасыз ететін электронды бағдарламалар қондырылды. Ондай бағдарламаларға Кубаж-1 және Кубаж –2 жатты. Кубаж-1 бұл ҚР Ұлттық банкінің автоматтандырылған жүйесін, ал Кубаж-2 Кубаж-1 бағдарламасының жетілдірілген нысанын сипаттайды.
1996 жылы Қазақстан банкаралық есеп айрысу орталығы базасында Ірі төлемдер жүйесі ұйымдастырылып, ол жүйе жалпы төлемдерді нақты режимде жүзеге асырып, электрондық төлемдерді өңдеуді жүзеге асырды.
4.Төлем жүйесін жетілдірудің келесі бір шаралары ретінде ҚР Ұлттық банкінің филиалдарынан екінші деңгейдегі банктің коршоттарын ҚР Ұлттық банктің орталық аппаратына көшірді.
Корршоттарды орталықтандыру ҚР Ұлттық банкіне жедел түрде есеп айырысу банкінің қызметін атқаруға, сондай-ақ банктік және төлем жүйесіне жасалатын бақылау қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.
Ұсақ төлемдер нарығын дамыту және осы салада қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 1999 жылдың 1 тамызынан бастап, ҚР Ұлттық банкінің облыстық филиалдарындағы клирингтік палаталар жабылды.
Екінші деңгейдегі банктер арасында корреспонденттік қатынас орнатулар 2000 жылы 25 қарашада ҚР Ұлттық банкінің N 428 қаулысымен бекітілген “ҚР екінші деңгейдегі банктердің арасында және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асырушы ұйымдардың арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесін” басшылыққа алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет