Дәрістер жиынтығын құрастырған терапия пәнінің оқытушылары: Қалиева Гульмира Омарбековна Каримова Гульзара Айтбековна Рецензия: Дәрістер жиынтығы «Емдеу ісі»



бет85/106
Дата24.12.2023
өлшемі311,53 Kb.
#198880
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   106
Байланысты:
лекции по терапии

Қалқанша бездің ұлғаюы дәрежесі:
0 – қалқанша без сипағанда анықталмайды.
І-дәрежесі – қалқанша без көзге көрінбейді, сипағанда анықталады.
ІІ-дәреже - қалқанша без көзге көрінеді, сипағанда анықталады, бірақ мойын конфигурациясын өзгертпейді.
ІІІ-дәреже - без мойын түрін өзгертеді, жуандатады.
ІV-дәреже – жемсау үлкен, жақсы көрінеді.
V-дәреже – жемсау көрші мүшелерді қысады.
Емі. Эутиреоидты жемсауда йод препараттары тағайндалады: 1 таблеткада йод мөлшері 100, 200 мкг/ тәулігіне.
І-дәрежелік жемсауда – йодбаланс. 2 дәрежеден бастап левотироксин, йодтирокс қолданады. Көрші мүшелер қысылған кезде және жемсау тез өскен кезде операция жолымен емдейді.
Алдын алу. Эндемиялық жемсауда йолталған ас тұзы қолданылады. Малдың жеміне йод қосып береді. Ағзаға түсетін йодты көбейту үшін теңіз тағамдарын көп қолдану керек: теңіз оражапырағы ( ламинария, ламинекс), теңіз балықтары.


Гипофиз аурулары.
Гипофиз – эндокринді жүйенің ең негізгі безі. Гипофиз гормондары ағзадағы барлық эндокринді мүшелермен ағзаның көптеген функцияларына әсер етеді. Гипофиз гормондарының артық немесе аз бөлінуі әр түрлі ауруларға соқтырады.
Гипофиз гормондарының аз бөлінуінен дамиды:
Гипофизарлы нанизм немесе ергежейлік
Жыныстық дамудың кешігуі немесе мүлдем дамымауы.
Екіншілік гипотиреоз
Гипопитуитаризм – барлық гормондардың жетіспеуі
Гипофиз гормондарының артық бөлінуінен дамиды:
Гиперпролактинемия – әйелдерде етеккір циклы және лактациясы бұзылады, ерлерде жыныстық сезімнің төмендеуі, импотенция, кейде – лактация.
Гигантизм
Иценко-Кушинга ауруы, қантты диабет, остеопороз, семіздік, қан қысымның жоғарлауы.
Диагностикасы. Гормон мөлшерлерін анықтау.
Емі: Жетіспейтін гормондардың орнын толтыру немесе мөлшерін азайтуға гипофизға операция жүргізу. Симптоматикалық ем.


Бүйрек үсті безінің аурулары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет