Байланысты: Д рістер жина ы растыр ан фармакология
Acidum nicotinicum - никотин қышқылы (Vit РР, В3) (Б): 0,05 таб.; 1% 1 мл еріт. амп. шығарылып, к/т еңгізіледі. Тотығу-тотықсыздану процестеріне қатысып ағзада никотин қышқылының амидіне айналады. Тамақтың құрамында болмаған жағдайда пеллагра: дерматит, диарея, деменция (жарымес) жэне дистрофия байқалады. Никотин қышқылының айқын, бірақ қысқа мерзімді қан тамырды кеңейтетін әсері бар. Ол кезде беттің қызаруы, бас айналуы, АҚ-ң төмендеуі, тахикардия және т.б. байқалады. Ал никотинамид мұндай әсер көрсетпейді. Никотин қышқылы қандағы холестериннің және бос май қышқылдарының құрамын төмендетіп, липид алмасуына қатысады. Екі препарат пеллаграда (В3 тапшылығынан болған ауру), бауыр ауруларында, қышқылдығы төмен гастритте, тері ауруларында, қан тамыр спазмдарында және атеросклерозда қолданылады.