Apomorphini hydrochloridum - апоморфин гидрохлорид (А): 1% - 1 мл еріт. амп. шығарылады, 0,2 - 0,5 мл т/а енгізіледі. Апоморфин гидрохлориді құсу орталығының триггерлі зонасын қоздырады. Апоморфинді күшті қышқылдар және сілтілермен күю кезінде, асқазан мен үлтабардың ойық жарасында, өкпе, жүрек ауруларында. жүрек ауруларының ауыр түрінде қолдануға болмайды. Рефлекторлы әсерлі құстыратын дәрілерге сонымен қатар ауыр металл түздары: мырыш сульфаты және мыс сульфаты жатады.
Кұсыққа қарсы дәрілерге құсудың шығу тегіне байланысты әр түрлі фармакологиялық топтағы дәрілер қолданылады. Көптеген ауруларда асқазанның және үлтабардың ойық жарасында, гастригге, токсикозда, вестибулярлы аппараттың бұзылуында) құстыру арқылы науқастың жағдайын жақсартуға болады. Оларға: нейролептиктер (этаперазин, іифтазин, галоперидол және т.б.) - бұлар құсу орталығының триггерлі зонасының рецепторын тежеп, сәулемен емдеу, қатерлі ісіктердің химиотерапиясында, хирургиялық операцияларда және жүктіліктің токсикозында қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |