Байланысты: Д рістер жина ы растыр ан фармакология
Золпидем- әсері қысқа (2-3сағ)
Метаквалон - әсері 6-8 сағ.
Жанама әсері: күндіз ұйқының келуі, әлсіздік, атаксия, жүру бағдарының бұзылуы, еңбеке қабілеттіліктің төмендеуі, материалды кумуляция байқалуы мүмкін. Дәріні доғарғанда абстиненция, ұйқы мен көру қабілетінің бұзылуы, тырысу мен ортостатикалық гипотензия байқалады. Сондықтан ұйықтататын дәрілерді 4 аптадан артық қабылдауға болмайды. Препаратты абайлап, мөлшерін азайтып доғару қажет. Басқа да жанама әсерлері: диспепсия (жүрек айну, ауыз қуысына металл дәмінің келуі) және аллергиялық реакциялар. Бауыр мен бүйректің қызметі бұзылғанда,(әсіресе жүктіліктің алғашқы 3 айында), көлік жүргізушілеріне және жылдам қимыл қажет ететін қызметкерлерге қолдануға болмайды. Ұйықтататын дәрілермен бірге алкогольды сусындар қолдануға болмайды. Ұйықтататын дәрілермен анальгетикттерді, наркотикалық дәрілерді, нейролептиктерді, транквилизаторлдарды бірге қолданғанда синергизм байқалады.