Сеfalexinum - цефалексин (Б): 0,25 капс; 0,5 таб. шығарылып, тәулігіне 4 рет белгіленеді.
Цефалоспориндердің II буыны: цефуроксим (кетоцеф, зинацеф), цефамандол (мандол), цефаклор (цеклор)
Әсері ету спектрі: І-буын препараттарына ұқсас, бірақ грамм (-) микроорганизм қоздырғыштарына әсері күшті.
Қолдануы: жоғарғы тыныс жолдары мен бронх-өкпе инфекциялары; урогенитальді инфекциялар, өт жолдары, сүйек, буын инфекциялары, отит, синусит, менингит, септицемия, перитонит және т.б.
Сеfuroxim- цефуроксим (Б): 0,75 және 1,5 құрғақ зат флаконда шығарылып, б/е және к/т енгізіледі.
Цефуроксим-аксетил - 0,25 таб. тәулігіне 2 рет белгіленеді.
Цефалоспориндердің III буыны: цефотаксим (клафоран), цефтазидим (мироцеф, фортум), цефтриаксон (лонгацеф, роцефин, лендацин), цефоперазон (цефобид)
Әсері ету спектрі: грамм (-) микрофлораларға әсері кеңірек, бірақ І-буын препараттарына қарағанда грамм (+) микроорганизмдерге әсері әлсіздеу. Цефтазидим мен цефоперазон көкірің таяқшасына, цефотаксим мен цефтриаксон анаэробтарға әсер етеді.
Қолдануы: пневмония, эндокардит, урологиялық және құлақ, тамақ, мұрын инфекциялары, менингит, сепсис, перитонит, жұмсақ ұлпа, сүйек, буын инфекциялары және т.б. Барлық препараттары парентеральды енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |