Іаеvomycetinum - левомицетин (Амбофен) (Б): 0,25 және 0,5 таб. (капс.) шығарылып, тәулігіне 3-4 рет тамақтан 20-30 мин. бұрын белгіленеді; әсері ұзартылған 0,65 таб. тәулігіне 2 рет тамақтан 20-30 минут алдын белгіленеді. Левомицетин натрий сукцинаты (берлицетин) парентеральды жолмен (т/а, б/е, к/т) енгізіледі. 1%, 5%, және 10% синтомицин линименті терінің іріңді зақымдалуында, фурункулезда, карбункулда, күйік, іріңді жарақаттарда және жараларда сыртқа колданылады. Левомицетин қиыстырылған препараттардың құрамына кіреді: «Левомеколь», «Левосин» жағылмасы; іріңді жараларды, күйікті, ойық жаралардың емдеу үшін «Левовинизоль», «Олазоль» аэрозоль түрінде қолданылады. «Ируксол» жағылмасын жараларды тазалау үшін қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |