Бронхолитикалық дәрілердің жіктелуі:
1.В-адреномиметиктер: изадрин,орципреналин,(астмопент),сальбутамол(вентолин), фенотерол(беротек), тербуталин(бриканил)
2. а- және В- адреномиметиктер:адреналин гидрохлориді
3. симпатомиметиктер: эфедрин гидрохлориді
4. М-холиноблокаторлар: атропин, метацин, ипратропиум бромиді(атровент), окситропиум бромиді, тровентол
5. әсері миотропты спазмолитиктер: теофиллин, эуфиллин, теопек, теоретард, теобилонг,эуфилонг
Миотропты әсерлі спазмолитиктерге (метилксантиндер):
теофиллин, эуфиллин (80% теофиллиннен және 20% этилендиаминнен тұрады) жатады. Бронх тонусын төмендетіп қана қоймай, жүрек, бүйрек, бас миының қан тамырларын кеңейтіп, АҚ-н төмендетеді, кіші қан айналымының шеңберін жақсартып, диурезді жоғарылатады. Әсері үзақ препараттары бронх спазмын алдын any үшін қолданылады.
Жанама әсері: теофиллин препаратын қабылдағанда асқазанның шырышты қабықшасының тітіркенуі, эпигастрий аумағының ауырсынулары, лоқсу, құсу, диспепсия, бас ауыруы мен бап айналуы, қозғыштық және ұйқысыздық, жүрек қызметінің күшеюінен жүректің оттегіне қажеттілігінің жоғарылауы, тахикардия жэне аритмия (әсіресе к/т енгізгенде) байқалуы мүмкін. АҚ бірден төмендеуінде, стенокардияда, жүрек ырғағының бұзылуында, жүктілікте және эпилепсияда қолдануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |