Рецепт үлгісі: Официнальды балауыз: Rp.:Suppositorium cum Ichthyolo 0,2
Da tales doses №10
Signa.1 балауыздан таңертең және түнде.
Күрделі құрамды коммерциялық балауыз Rp.:Suppositoria “Bethiolum” №10
Da. Signa. 1 балауыздан күніне 2 рет
4. Жапсырма – Emplastrum (Gen.sing-Emplastri.) Жапсырмалар (пластырь – теріге тартатын жабысқақ таңғыш) – дене температурасында жұмсарып, теріге жабысу қасиеті бар жұқа қабатты майысқақ масса. Агрегаттық күйіне қарай қатты және сұйық жапсырмалар деп ажыратылады. Қатты жапсырмалар бөлме температурасында консистенциясы тығыз, ал дене температурасында жұмсарады. Сұйық жапсырмалар (тері желімі) теріде еріткіш буланғаннан соң пленка түзетін ұшқыш сұйықтықтар.
Рецепт үлгісі: Rp.: Emplastrum Plumbi simplicis 50,0
Da. Signa. Терінің зақымдалған жеріне жылытып қою үшін.