Байланысты: ЛЕК Әлеуметтік педагогтың педагогикалық-психологиялық жұмысын ұйымдастыру дарис
Дәріс мазмұны: 1.Отбасыны диагностикалау әдістемесі.
2.Түрлі категориядағы отбасылармен жұмыс әдістемесі.
3.Әлеуметтік патронаждың және бақылаудың әдістемесі.
Қазіргі таңдағы әлеуметтік педагогикалық жәрдем, тұлғаның жеке басына отбасына деген қоғам және мемлекет тарапынан көрсетіледі. Дәл уақытта әлеуметтік педагогиканың әрекет шектеулілігі аз мөлшердегі тұлғалар туралы статистикалық анықталады.
Әлеуметтік педагогикалық бағыттылық келесі жұмыс мазмұнында.
1.баланың өзін- өзі дамытуға әсер ету.
2.Бітірушілерге бейімделу және сауықтыру қызмет көрсету.
Отбасы денсаулығын қамтамасыз ету және көңіл бөлу.
4.Оқушыларға жеке және әлеуметтік проблемаларын шешуге көмек
5.Орынбасарлар, педагогтар, психологтар басқа да қызметтермен қызметтес болу.
6.Балалар патронажы, яғни медициналық әлеуметтік жәрдем беру.
Әлеуметтік педагогикалық жәрдем көрсету жаңашыл ПМПК, сауықтандыру ПМПК орталықтар бар.
Еңбек және әлеуметтік даму туралы мүмкіндігі шектеулі балаларға келесі байланыс түрлері бар.
Ақыл- ойы айтарлықтай кем балаларға арнайы интернат үйі.
физиологиялық дамымаған балаларға арнайы интернат үйлер.
Арнайы технологиялық училещелер
мүгедек және қарияларға арналған үйлер
Медициналық- әлеуметтік- педагогикалық патронаж келесі бағыттарда:
жеке жәрдем таңдаудағы бағыттарын ұйымдастыру.
Түзету програманы жобалау және жүзеге асыру.
ата-аналарға арналған түзету педагогикалық кеңес ұйымдастыру.
Оқытуда қамтамасыз ету.
Білімдендіру процесіндегі балаларды оқыту мен әлеуметтендіру.
Арнайы педагогикалық жүйемен, технологиялармен қаруландыру.
Баланың дамуына қолайлы мүмкіндіктер жасау, инновациялық түрде арнайы біліктендіру процеғсіне жағдай туғызу.
Әлеуметтік ортада жеке адам, тұлға ретінде өзө статусына ие болу.
Әлеуметтік сауығудың ең бірінші мақсаты, себебі-үстеме компенсация процесстері белгілі бір әлеуметтік түрге жетуге бағытталған, яғни, кемістікке байланысты зардабынан алшақтайды.
Медицина саласының көзқарасымен “ мүгедек ” ұғымы тұлғаның өмірлік және еңбек қабілетінің бұзылуын білдіреді. Бірақ та, мүгедектердің әлеуметтік және мамандыққа бейімділігінің деңгейі тек денсаулық жағдайына ғана қатысты емес, сонымен қатар психологиялық параметрлерге де байланысты. Мамандар мүгедек жасөспірімдерді тексеру арқылы адамдардың мүгедегінде психологиялық ықпал және тұлғаның денсаулығы шешуші рөл атқарады деген қорытындыға келді. Ол тұлғаның сыртқы ортамен қарым қатынас тәсілдерінің және қалыптасу формаларының даму деңгейінің анықтылығы ұғымын береді ( салмақтылығы,талпынуы, реттелуі, т.б.)
Мүгедек жасөспірімдерге әсер ететін психологиялық ықпал және жеке денсаулығының психологиялық параметрлерін қарастырайық.
Өзіне деген қарым-қатынас. “ Мен” концепциясы. Бұл тұлғаның өзіне деген және басқа адамдар мен қарым-қатынас құру негізіндегі жүйе. “ Мен” концепциясына мыналар кіреді:
Когнетивтілік ( өзінің қабілеттілігінің, сыртқы және әлеуметтік мәнділігінің бейнесі):
Эмоционалдық ( өзін-өзі сыйлау, өзін-өзі жақсы көру және т.б.)
Еркіндікті бағалау ( өзін-өзі бағалауын жоғарылатуға талпыну, сыйластыққа жету және т.б.)
Сонымен қатар, нақты “ Мен” бейнесінің қалыптасуын, дамуын және түзетуін “ Мен ”концепциясының тепе-теңдік деңгейімен салыстыру маңызды.
Басқалар мен қарым-қатынасы. Бұл параметр кіші әлеуметтік ортадағы, басқалардың мәнділік ортасындағы қарым-қатынас мінезіне қатысты. Басқа адамға деген қарым-қатынас дамуының бұрыстығын және дұрвыстығын шектеуге мүмкіндік беретін қабылдаудың өлшемі болып табылады.