Тақырыбы: Қиын балалармен жұмыс барысында мұғалімдерге ұсыныстар
Дәріс мазмұны:
1. Мұғалімдерге қиын балалармен жұмыстануға қажетті ұсыныстар
2. Ата аналардың қиын балалармен жұмыстануға арналған ұсыныстар
1.Гипербелсенді балалармен жұмыс барысында мұғалімдерге ұсыныстар:
гиперактивті баламен жеке дара жұмыс істеу;
әр істеген жағымды әрекетін мадақтау және мүмкіндігінше жұмысқа тарту;
сабақта кедергі келтіретін факторларды азайту. Ол үшін баланы тақтаға қарама – қарсы, ортадағы алдыңғы қатарға отырғызу пайдалы;
қиындықтар туындаған жағдайда мұғалімнен тез арада көмек ала алатындай жағдай жасау қажет;
сабақ барысын нақты жоспарланған , стереотипті тәртіп бойынша құру;
гиперактивті балаға арнайы күнделікпен немесе күнтізбемен жұмыс істеуге үйрету;
сабақта ұсынылатын тапсырмаларды тақта бетіне жазу;
белгілі бір уақыт аралығында бір ғана тапсырма беру;
тапсырманы мөлшерлеп беру, яғни бір тапсырманың өзін бірнеше бөліктерге бөліп, әр бөліктің орындалуын қадағалап, тексеріп отыру;
сабақ барысында дене жаттығуларын жасату.
Достарыңызбен бөлісу: |