Дәрістер кешені №1 дәріс Тақырыбы: Әлеуметтік педагогиканың методологиялық негіздері



бет8/83
Дата08.02.2022
өлшемі196,92 Kb.
#123849
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   83
Байланысты:
ЛЕК Әлеуметтік педагогтың педагогикалық-психологиялық жұмысын ұйымдастыру дарис

Тиімді әлеуметтену – бейімделу мен оқшауланудың белгілі бір тепе-теңдігінен тұрады.
Жоғарыда айтылған әлеуметтенудің мәні субьект-субьект көзқарасы жағдайында іске асырылады.
Субьект – обьект жағдайында – әлеуметтенудің мәні ретінде тек қана бейімделу процесі қарастырылады.
3. Әлеуметтенудің кезеңдері, факторлары, құралдары
Кез келген қоғамда адамның әлеуметтенуінің әр кезеңінің өз ерекшеліктері болады. Жалпы алғанда, ол кезеңдердің адамның физиолгиялық жас ерекшеліктерінен көп айырмасы жоқ. Шартты түрде бұл кезеңдерді:

  • сәбилік (туғаннан 1 жасқа дейін);

  • ерте балалық шақ (1-3 жас аралығы);

  • мектепке дейінгі балалық шақ (3-6 жас аралығы);

  • бастауыш мектеп кезеңі (6-10 жас аралығы);

  • кіші жасөспірімдік шақ (10-12 жас аралығы);

  • жасөспірімдік шақ (12-14 жас аралығы);

  • ерте бозбалалық жас (15-17 жас аралығы);

  • бозбалалық жас (18-23 жас аралығы);

  • жастық шақ (23-30 жас аралығы);

  • толысқан шақ (30-40 жас аралығы);

  • сақа тартқан шақ (40-55 жас аралығы);

  • егделік шақ (55-65 жас аралығы);

  • қарттық (65-70 жас аралығы);

  • ұзық өмір сүру (70-тен жоғары), - деп бөлуге болады.

Біз жастық шаққа дейінгі кезеңді, яғни өскелең ұрпақтың әлеуметтену процесін қарастырамыз
Әлеуметтену процесі адамның дамуына белгілі бір дәрежеде ықпал ететін өте көп мөлшердегі түрлі тұрмыстық ахуалдардың көмегімен жүреді. Адам өміріне әсер ететін бұл жағдайларды факторлар деп атайды. Олар ғылымда әлі зерттеліп болмаған, кейбіреулері, тіпті, ғылымға белгісіз болуы да мүмкін. Белгілі бір деңгейде ғана (онда да жан-жақты емес) белгілі факторларды шартты түрде 4 топқа бөліп қарастыруға болады:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет