Байланысты: Д рістер кешені 1-тарау О ушыларды о у жетістіктерін лшемдік б
Бірігіп құрастырылған критерийлердің (мұғалім – оқушы) іс ретінің үлгісі: Критерийлердің мазмұны оқушыларға да, ата – аналарға да түсінікті,
оңтайлы болуы керек. Бағалау критерийлерін оқушыларға жеткізу
(стендтарға, тақтаға, жұмыс дәптеріне жазу). Критерий оқушыларға өз
жұмыстарын объективті бағалауға мүмкіндік береді. Критерийлер бойынша
бағалау ептілігі, адам өмірінің соңыны дейін қалады. Ұмытпаңыз:
оқушыларға критерийлерді сабақты бастамас бұрын ескерту қажет.
Нәтижелі
құрастырылған
критерий
бағалары
және
олардың
градациялары (басқыштаушылық) оқушыларға не және қалай бағаланатының
анық көрсетеді және оқушыларға жұмысты орындау барысында жақсы
басшылық болады. Критерийлер градациясы дегеніміз – бұл күтілетін
нәтижеге жетудегі әр деңгейдің баяндамасы.
Критерийлер қаншылықты тиянақты болса, оқушылар соншалықты
тапсырманы табысты орындап, жақсы түсінеді. Мысалы (математика пәні
бойынша):
ұғымдар мен терминдерге мағыналы анықтамалар бере білу;
қоршаған ортаны тану үшін математикалық тілді, заңдар мен
заңдылықтарды,
математикалық терминдер мен ұғымдарды қолдана білу;
ғылыми ақпаратты түсіндіре білу.
Нақты қалыптаспаған критерий градацияларына мысал: