Тақырып 5. Бағалаудың негізгі мақсаттары
Мақсаты:
Бағалаудың негізгі мақсаттарын анықтау.
Жоспар:
1.
Бағалаудың негізгі мақсаттары
2.
Бағалау жүйесінің қазіргі бағыттары
3.
Бағалаудың өлшемдеріне түсінік беру
Демонстрациялық материалдар түрі:
презентация, мультимедиялық
кешен, плакат
Дәріс түрі:
тезис дәріс
Бағалау
- оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл,
оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның
үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Бағалау, көбінесе, баға
қоюдың синтездік түрі (1-ден 5-ке дейінгі ранг) арқылы жүзеге асады.
Сондай-ақ, мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін
тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның
себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі
болып табылады. (Қазақ Әнциклопедиясы, 1 том).
Осы уақытқа дейін білім мен білікті тексерудің түрлі әдістері
қолданылып келді. Алайда тарихи даму процесінде бағалаудың түрлері мен
тәсілдері, бақылау-өлшем іс-шаралары, оның мазмұны, оқушыларға әсері,
ынталандыру әлементтері және басқа факторлар өзгерді.
Көп жылдар бойы бағалау оқушының жетістіктерін басқа оқушының
нәтижесімен салыстыру арқылы жүзеге асырылып отырды, ал бұл
бағалаудың
Достарыңызбен бөлісу: |