Дәрістер кешені Алматы -2020 1-дәріс. Тақырыбы



бет15/28
Дата25.12.2021
өлшемі113,91 Kb.
#105555
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28
Байланысты:
лекция Сервисная культура 20





9 дәріс. Тақырыбы:  Қонақ үйде орындар мен бөлмелерді брондау тәртібі

Дәрістің мақсаты:  Қонақ үйде орындар мен бөлмелерді брондау тәртібі туралы білім беру


Кілттік сөздер: мәдениет, іскерлік әңгіме, іскерлік қатынас, әтикет, іскерлік әтикасы, психологиялық мәдениет, кәсіпкерлік мәдениет

Негізгі сұрақтар

1. Брондау

2. Қонақ үйде брондау

Брондау - қонақ үйде орындар мен бөлмелерге алдын ала тапсырыс беру. Бұл үрдістен қонактарға қызмет көрсету үрдісі басталады. Бөлмелерді брондау қызметімен брондау бөлімі немесе қабылдау және орналастыру қызметінің менеджерлері айналысады. Осы бөлімшелерге клиенттерден бөлмелерді брондауға сұранымдар келіп түседі. Сұранымдарды ресми жинау үрдісінен басқа, брондау бөлімі қонақ үйдің орындарына деген сұранысты зерттеу қажет. Қонақ үйдің көп жылдық тәжірибесін зерттей отырып, сол аймакта өткізілетін шаралардың жоспарын ескеріп (спорттық сайыстар, карнавалдар, съездер, фестивальдар және т.б.), орынға деген сұранысты болжап, өткен және казіргі кезеңде бөлмелердің толтырылуына талдау жасай отырып, брондау бөлімі маркетинг бөлімімен бірлесе отырып, қонақ үйдің қызметін жоспарлайды. Жаппай шараларды өткізу кезінде қонақ үйдің орындарына сұраныс арта түседі. Қонақ үйлер үшін қатысушыларының саны көп шаралар үшін орындарды брондау тиімді, өйткені бұл жағдайда алдын ала тапсырыс болатын шарага дейін жүргізіледі жэне оны жою мүмкіндігі өте төмен (яғни алдын ала тапсырыс берілген орыннан бас тарту). Қонақ үйдің толтырылуы маусымға, берілген аймақтағы іскерлік белсенділікке, экономикалық жэне саяси жағдайға байланысты болады. Саяси түрақсыздык жағдайында туристердің бұл аймакка деген қызығушылығы төмендейді, өйткені кауіпсіздік жағдайлары төмен болады. Маусымның шакырау кезінде қонақ үйде қос брондау қызметі болуы мүмкін. Қос брондау - болашақ кезеңде қонак үйдегі орынды белгілі бір күнге, екі клиентке үсыну туралы растау. Қонақ үй үшін, қонақ үшін бөлменің алдын ала брондалуы қолайлы. «ҚР қонақүй қызметін ұсыну туралы ережеге» сәйкес «атқарушы екі жақтың қолы қойылган құжатты дайындау жолымен, сол сияқты сұраным тұтынушыдан түскенін растауға мүмкіндік беретін пошта, телефон немесе басқа байланыс арқылы бөлмені брондауға сұранымды қабылдау жрлымен қонақ үйдегі орынды брондау шартына отыруға құқылы». Егер ұйым қонақ үйдің қызметтерін жиі пайдаланатын болса, онымен келісім шартқа отыру тиімді болып табылады. Бұл жағдайда ұйымга реттік нөмір беріліп, келісімнің шарттарын орындаған жағдайда қонақ үй осы ұйымнан жіберілген туристерге жатақ орындарын ұсынады. Қазіргі таңда көптеген туристік фирмалар белгілі бір қонақ үймен келісім шартка отыруға үмтылады. Клиенттерді тұрақты жеткізіп отыратын туристік фирмалар үшін, қонақ үй тұрғын жай, тамақтану және кейбір қызметтерге жекілдіктер орнатады.

Қонақ үй мен туристік фирма арасындағы келісім шартта келесідей пункттер белгіленеді: туристерді орналастыру үшін сұанымның қандай мерзімде берілуі, төлем қалай жэне қашан жүргізіледі. Брондау үрдісі әдетте жалға алу үрдісіне ұқсас, өйткені ұзақмерзімді кезеңді қамтиды жэне бірнеше бөлмелер, кейде қабаттарды қамтиды. Қонақ үйде бөлмені немесе орынды брондаудың бірнеше тәсілі бар: жазба, ауызша жэне компьютерлік. Клиент пошта немесе факс арқылы конак үйге сұраным-хатты жібереді Брондауға берілетін әрбір сұраным мен тапсырысты жою сұранымы тіркелуі тиіс. Сұранымда келесідей мәліметтер болуы қажет:

Бөлмелердің саны мен санаты;

Қонақ үйде тоқтау мерзімі;

Келгендердің аты - жөні;

Төлем нысаны (қолма - қол жэне қолма - қолсыз есеп, төлем жүргізетін ұйымның деректемесі). Сұраным тіркеледі (тіркеу нөмірі белгіленеді) және расталады немесе сұраным алынған тәсіл негізінде бас тартады. Телефон арқылы брондау кезінде клиентке мұқият көңіл бөлу керек, өйткені сол жүргізілген сөзге карай сол конақ үй туралы пікір қалыптасады. Телефонның тұтқасын қонақ үйдің толтырылуы туралы ақпаратқа ие қызметкер алу тиіс. Телефон аркылы брондау кезеңінде жазба түрдегі растау талап етіледі. Брондаудың компьютерлік тәсілі қонақтар мен клиенттер үшін түрлі мүмкіндіктерді ұсынады. Әлемдік тәжірибеде брондаудың келесідей компьютерлік жүйелер бар: брондаудың корпоративтік жүйесі тізбекке кіретін отельдерді біріктіреді, брондаудың басқа желісі тізбекке кірмейтін тәуелсіз қонақ үйлерді біріктіреді. Орындарға тапсырысты, басқа калада немесе басқа елде орналасқан қонақ үйге желі аркылы жүзеге асыруға болады. Автоматтандырылған желінің артықшылығы, брондау сол қалада орналасқан тізбектің кез келген баска да қонақ үйге жіберу мүмкіндігі болып табылады. Компъютердіц көмегімен брондаудың таңы да екі нұсқасы бар: отельдің дербес Интернет - парағы болады немесе ол Интернет - брондау жүйесінің мүшесі болып табылады. Жүйелер уақыт өте өздерінің ұсынатын мүмкіндіктері мен аз шығындардың салдарынан қеңінен қолданыла бастады. Бұл тәсілдің тиімділігі клиенттердің тартылуы жоғары болған сайын, алынган тапсырысқа жауап беруге уақыт аз жұмсалады.
Бақылау сұрақтары:

1. Брондау дегенміз не?

2. Қонақ үйде брондау түрлері?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет