Дәрістер кешені Дәріс №1 Дәріс тақырыбы


Windows жүйесіне Python тілін орнату



бет2/13
Дата06.09.2022
өлшемі0,72 Mb.
#148863
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Windows жүйесіне Python тілін орнату


Алдымен оны ресми сайттан жүктеп алу керек. Басқа сайттардан көшіру қауіпті, яғни вирустық программалар болуы мүмкін. Программа тегін. Келесі сайттың адресіне кіру керек: https://python.org/downloads/windows/, ішенен "latest python release" және python 3 таңдау керек.



Сурет 1 Бағдарламаны көшіруге арналған сайттың алғашқы бетінен үзінді


Таңдаған нұсқа бойынша сипаттамалары жазылған терезе пайда болады. Беттің соңына дейін көшіп, "download page" ашамыз.





Сурет 5 Жүктеуге болатын файлдар тізімі


Бұл жерден жүктеуге болатын файлдар тізімін байқауға болады. Сіздерге егер жүйе 32- биттік болса, онда Windows x86 MSI installer, егер жүйе 64-биттік болса, онда Windows x86-64 MSI installer файлын таңдау керек.





Сурет 2 Жүктеуге арналған файлдар тізімі


Python тілі жүктелгенше күтеміз. Жүктелген файлды ашу керек. Шығарушы қатарында Python Software Foundation жазуын көрсеңіздер, онда дұрыс таңдалды. Басқа жазу тұрса, ондай файлды ашпаған жөн [15].



Сурет 3 Хабарлама терезесі


Барлық қолданушыларға немесе тек бір қолданушыға орнатуды орындаймыз (өз қалауларыңызбен орнату керек).





Сурет 4 Орнату жағдайын таңдау терезесі


Орнатуға арналған буманы таңдау керек. Дискіден кез келген буманы таңдауға болады.





Сурет 5 Орнататын буманы таңдау терезесі


Компонентерін таңдауға болады. Егер таңдау білмеген жағдайда үнсіз келісім бойынша қалдыру керек.





Сурет 6 Компоненттерді таңдау терезесі


Python бағдарламасының орнатылғанын күту керек.


Finish батырмасын басқан соң бағдарлама орнатылды деп есептеу керек. Бұл нұсқада IDLE «зірлеу ортасы ендірілген. Дәл қазір алғашқы бағдарлама жазуға болады.
Енді алғашқа бағдарламаны кез келген мәтіндік редакторда немесе IDLE әзірлеу ортасында жазуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет