float.as_integer_ratio() - қатынасы осы санға тең болатын жұп сандар.
float.is_integer() - мән бүтін сан бола ма.
float.hex() – float-ты hex-ке түрлендіреді (он алтылық жүйеде).
classmethod float.fromhex(s) - он алтылық жолдағы float.
>>> (10.5).hex()
'0x1.5000000000000p+3'
>>> float.fromhex('0x1.5000000000000p+3')
10.5
Python тілінде сандармен жұмысқа қатысты стандартты өрнектерден басқа бірнеше қажетті модульдер бар. Келесі math модулі күрделі математикалық функцияларды қамтамасыз етеді. Оның қолданылуы төмендегідей.
>>> import math
>>> math.pi
3.141592653589793
>>> math.sqrt(85)
9.219544457292887
Келесі random модулі - кездейсоқ сандар генераторы мен кездейсоқ функцияны таңдауды жүзеге асырады.
>>> import random
>>> random.random()
0.15651968855132303
Достарыңызбен бөлісу: |