Дәріс №3.Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беру.
Инклюзивті білім беруді дамыту мәселесі – отандық білім беру саласының басым бағыттарының бірі. Бүгінгі таңда әлем жұртшылығының жіті назарындағы мәселе. Инклюзивті білім беру жүйесін іске қосу - қоғамды ізгілендірудің маңызды шарттарының бірі. Олай дейтініміз - инклюзивті білім беру барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық қатыстыруға, әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, әлеуметтік жағдайына қарамай қолдауға, жалпы білім беру бағдарламалары бойынша тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Инклюзивті оқыту балалар дискриминациясын жою, баршаға тең дәрежеде қарым-қатынас жасауды қамтамасыз ету, ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай тудыру идеясы негізінде жүзеге асырылады. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, қазір Қазақстанда 47 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі балалар бар. Бұл дегеніміз – қазақстандық білім беру, денсаулық сақтау саласы ғана емес, заң шығарушы органдар, қоғамдық ұйымдар мен ата-аналар, БАҚ т.б. түрлі деңгейдегі органдардың, ұйымдар мен мекемелердің бірлесіп шешуін қажет ететін қоғамдық-әлеуметтік мәселе шешімін күтіп тұр деген сөз.
Инклюзивті білім беру, мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары бірқатар заңнамалық-құқықтық актілер мен құжаттарда негізделген. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Қазақстан Республикасында кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Инклюзивті білім берудің теориялық аспектілеріне қатысты ғылыми еңбектер қоры да ауқымды. Бірақ тәжірибе жүзінде талқылайтын, ортаға салатын, бірлесіп ойланатын мәселелер әлі де баршылық. Өйткені, инклюзивті оқыту – баланың ерекше сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған оқыту. Әр бала ерекше болса, оған білім мен тәрбие беру, дамыту жолдары да әрқилы болмақ.
Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді. Осы бағдарлама аясында инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді шешу көзделген:
-мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары жасалады;
- мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді;
- түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;
-мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді.
2016-2017 жылдары аталған бағыттағы іс-шаралар тиянақталып, ары қарай жалғастырылады. 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жабдықтау арқылы «кедергісіз аймақтар» құруы жоспарланған. 3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге қол жеткізу үшін жағдайлар жасалу міндеті (мектептерде педагогдефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы) қойылған. Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету жүзеге асырылмақшы. Түйіндей айтсақ, мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік тұрғыдан қорғау, олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан келгенше жағдай жасамақшы.
Білім беру жүйесіндегі инклюзивті бағыт ЖОО маман даярлау бағытын өзгертуді талап етеді, ал бұл өз кезегінде бітіруші моделін, білім беру бағдараламасының мазмұнын, оқу жоспарларын түбегейлі өзгертіп, педагогикалық мамандықтарды даярлайтын оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жаңғыртуды және нығайтуды қажет етеді.
Инклюзивті білім беру (фр. inclusif - включающий в себя - өзіне қосушы; лат. include-заключаю, включаю - құрамына кіру, енгізу, инклюзивті – inclusive – қосылушы – включающее. Inclusion - включение – қосылу) - ерекше қажеттілігі бар білім алушылар үшін білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ететін, барлығының әртүрлі мұқтаждығына бейімдеу жоспарындағы білімнің баршаға арналған жалпы, кәсіби орта және жоғары білім берудің даму үдерісі.
Сонымен қатар, инклюзивті білім беру – барлық білім алушы жастардың жалпы және кәсіби орта, жоғары білім беру үдерісіне енуі, әлеуметтік бейімделуі, жасына, жынысына, этникалық, діни өзгешелігіне қарамастан баланың жеке қажеттілігіне коррекциялық-педагогикалық, отбасылық, әлеуметтік қолдау көрсету, белсенді отбасының ықпалын қамтамасыз ету болып табылады. Барлық білім алушыларға білім алуға жағдай жасау - дене бітіміндегі, интеллекттік, эмоциялық, әлеуметтік, тілдік дамуындағы ерекшелігіне қарамастан оларды педагогикалық үдеріске қосу.
Инклюзивті білім беру оқытуда әртүрлі қажеттілігі бар білім алушыларды индивидуум ретінде мойындауға бағытталған әдіснаманы дамытуға тырысады. Инклюзивті білім беру оқытуда әртүрлі қажеттілікті қанағаттандыру үшін орамды болуды көздейді. Сонымен қатар, қалыпты дамып келе жатқан құрдастарының, яғни өзінің сыныныптастары, топтастары, достары мен ауласындағы балалар арасында қалыпты сезінуге мүмкіндік беретін жағдайда білім беру мекемелерінде оқыту болып табылады.
Дәстүрлі білім беру жүйесінде «ерекше» балалар оқитын жағдайлар:
арнаулы (коррекциялық) оқу орындары;
үйде оқыту;
арнаулы мектеп-интернаттар;
коррекциялық мектептер және мектепке дейінгі мекемелер;
оңалту орталықтары болып табылады.
Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамыту мәселесін шешудің бірден бір нұсқасы төмендегідей:
- ерекше қажеттілігі бар білім алушыларды білім беру үдерісіне тарту;
- қазіргі қоғамда мүгедек балаларды әлеуметтендіру;
- қазіргі қоғамға өзін сенімді бағыттау үшін мүгедек балалардың белсенді мінез-құлық ыңғайлануын құру;
- өзінің бойындағы ақауларды абыройға айналдыру;
- ерекше қажеттілігі бар адамдарға қатынасты өзгерту.
Инклюзивті саясат - бұл ата-ананың мектеп таңдауға құқығы болуының саясаты.
Қазақстанда инклюзивті білім беруді енгізуде шешілмеген төмендегідей мәселелер мен кедергілерді де айта кеткен жөн:
- ерекше қажеттілігі бар білім алушыларға жаңылыс қатынас - олар туралы адекватты көзқарас болмағандықтан біз қорқақтаймыз;
- арнайы дайындалған педагогикалық құрамның болмауы - дамуында ауытқуы бар балаларды жалпы мектептерде оқытуға дайын емес. Мемлекет бұл орайда маман дайындауда жоғары педагогикалық білім беру стандарттарын өзгертуі қажет;
- білім беру ұйымдарында материалды-техникалық жабдықталудың өз деңгейінде болмауы. Білім алушылар үшін арнайы қондырғалардың және оқу материалының болмауы, сонымен қатар, педгогтар үшін әдістемелік құралдың жеткіліксіздігі;
- мемлекеттік стандарттың қатаң талаптары. Интеллект деңгейі бойынша артта қалушы білім алушылардың жетістігін бағалауда кең ауқымды түрлендіру жүйесін енгізу маңызды болып табылады.
Мемлекеттің алдында тұрған басты міндеттердің бірі ең алдымен ғылыми-педагогикалық қауым арасында ақпараттық-ағартушылық жүргізу болып табылады. Бұл үдеріс бірашама жылдар көлемінде орын алып келеді. Әсіресе, нормативтік-құқықтық база құру, оқылатын материалдар мен оқытушы құрамын дайындау, инклюзивті білім беруді енгізу бойынша алыс-жақын шетелдің тәжірибесін талдау Қазақстанға оқытудың сауатты жүйесін құруға мүмкіндік береді.
Мамандар инклюзивті білім беру жүйесін жоспарлы дамытуды көздейді. Осы орайда, олар арнайы мектептерде толықтай жауып, барлық қабілеті ерекше білім алушыларды жалпы мектепке ауыстыру мүмкін еместігін баса айтады.
Кейбір адамдардың қалыпты балаларды оқыту сапасының төмендеу мүмкіндігін назарға алып, инклюзивті білім беруге қауіппен қарайтындығын да айта кету қажет.Дегенмен, мамандар инклюзия білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын қанағаттандыру мақсатында оқытудың жоғары сапасын ықыластанған деген пікірді алға тартады.
ЖОО-да инклюзивті оқытудың басты міндеті - әрбір студенттің қажеттілігін қанағаттандыру жүйесін құру болып табылады. Инклюзивті жоғары оқу орындарында барлық білім алушыларға, тек мүгедектер ғана емес, жетістікке жетуге, қауіпсіздігін сезіну, ұжымда болу құндылығына мүмкіндік беретін қолдауды қамтамасыз етеді.
Қазіргі таңда инклюзивті білім беруді дамытуды ғылыми-әдістемелік және кадрлық қамтамасыз ету өзектілігін жоғалтқан жоқ. Инклюзияға әлеуметтік сұраныс жоғары. Тәжірибенің сұранысы бүгінгі күні «кімді, қалай, қай жерде және неге үйретеді?» сұрақтарын алға тартады.
Болашақ мамандарды инклюзивті білім беруге даярлау бағытында «Инклюзивті білім беру» элективті курс енгізілді. Жоо-дағы оқыту үдерісінде әртүрлі мамандықтың студенттері инклюзивті білім беру ерекшелігі туралы ақпарат білуі тиіс. Соңында мұндай білім беру инклюзивті оқытудан инклюзивті қоғамның басымдылығын, гуманды социумды, әрбір адамның әлеуетін, өзіндік өзектенуді қамтамасыз етеді.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше білім беру назарсыз қалмауы үшін әр педагог әдіс-тәсілдерін нақты ойластыру қажет. Тек қана балаға бейімделген тәрбие оның ішкі потенциялын ашуға мүмкіндік туғызады, әр адамға қарап, сабырлылыққа тәрбиелейді, отбасыларымен қарымқатынастықты нығайтып, оқу барысына кірістіреді. «Табиғаттың мүмкіндігі шектеулі деп есептемейік! Адамның өнері арқылы бұл мүмкіндіктін шектеусіз сипатқа ие болуы да ықтимал», Ж. Ламетри айтқандай, қазіргі таңда барлық әлемде жеке қажеттілікті түзету, педагогикалық қолдау мен бейімдеу баланы емес, балалардың білімдік сұраныстары мен жеке ерекшеліктеріне ортаның, отбасының белсенді қатысуымен білімт беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын барлығы үшін бір мектеп немесе инклюзивті білім беру туралы айтуда.. Бұл арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Нағыз инклюзив білім берудің екі жүйесін жалпы және арнаулы жүйелерді бір біріне қарама-қарсы қоймай қайта жақындатады. Олардың арасындағы шекараны ашады. Инклюзивті білім берудің Қазақстанда өріс алуы қажеттілік әрі перспективалық іс екенін мойындаймыз. Осы кезде ғылыми ортада педагогикалық қауымдастықтар арасында инклюзивтік білім беру (баршаға қол жетімді және бәріне бірдей білім беру жүйесіне қосу) идеясы кең етек алып келеді.
Жалпы білім беретін мектепте сау балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың бірлесіп (интеграциялы) түрде оқуын ұйымдастыру консилиум арқылы әзірленеді. Консилиумға мектептің пән мұғалімдері, педагог-дефектологтар, психологтар қатысады. Жеке бағдарлама есту, сөйлеу, көру қозғалу мүшелері мен интеллектідне ақаулықтары бар оқушылардың танымдық мүмкіндігіне бейімдетіледі.
Инклюзивті білім беру жағдайындағы жалпы білім беретін мектептерде білім беру процесін ұйымдастыру типтік және қолданыстағы оқу жоспарларына сәйкес жүргізілуі, жылдық күнтізбелік оқу жоспары және сабақ кестесі арқылы регламенттелуі тиіс. Бұл ұсыныстар мүмкіндігі шектеулі бар балалар оқитын бастауыш сынып мұғалімдері мен пән мұғалімдеріне оқу бағдарламаларын әрбір жеке жағдайға байланысты оқушылардың білім жөніндегі талап-тілегіне бейімдеуді жүктейді. Білім беру бағдарламалары мектептің педагогикалық және әдістемелік кеңестерде бекітілу керек.
Инклюзивті білім беру жағдайында сынып жетекшілерінің рөлі де артып күрделене түседі. Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арнаулы қолдау көрсетілуін: шәкірттердің оқу процесі аясында жұмысты ұйымдастыруына көмектесу; оңды қарым-қатынастар негізінде балалар ұжымын қалыптастырып, дамыту; ата - аналармен тығыз ынтымақтастық орнату мәселелерінің реттелуін нақ солар қамтамасыз етуі тиіс.
Инклюзивті білім беруді дамытуды мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алу жүйесін жетілдірудің басты бағыттарының бірі ретінде қарастырған жөн.
Десекте қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады.Осы ретте мектебімізде әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының даму деңгейі мен жас ерекшелігі ескеріліп білім берілуде Инклюзивті білім берудің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру.
Бұл арнаулы білім беу жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды.
Инклюзивті білім беру – ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады.
Инклюзивті оқыту-даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі.
Түзету сыныптарда балалардың ата-аналары мектептерге ПМПКның ұсыныс бойынша жеңілдетілген бағдарлама бойынша оқытуға толық құқылы. Жалпы білім беретін мектептер, балалабақашалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген баланың деңгейіне қарай жеңіл бағдарламамен білім беруге тәрбиешілермен мұғалімдер инклюзивті білім беруге дайын болғаны жөн. Тәжірибе көрсеткендей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалып жатады. Мұндай қалыптасқан жүйе баланың даралық қажеттілігін қанағатттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкншілігін қалыптастырады.
Инклюзивті білім беруді ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіндік алады.
Инклюзивті оқыту балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға ата-аналарын белсенділікке шақыруға балалардың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді саясат.
Технология әзірлеуде оқыту мен дамыту арасындағы арақатынасты анықтау.
Дәстүрлі оқыту мен түзетулер міндетін шешуге тиімді әдісінен аса мәнді болып табылдады.
Сапалы жеке оқытудағы жаңа әдістерді әзірлеу.
1) Түзету сыныптарындағы балалардың оқу-таным әрекетін ұйымдастыру және оны іске асыру әдістері;
2) оқу-таным әрекетіне түрткі (мотивация) жасау, әсер ету әдістері;
3) оқу-таным әрекеттерін топтарда жұмыс істеу арқылы дамыту ,сайыс сабақтарын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады өзін-өзі таныту жолдасына көмектесу,сайысқа түсу оқушылардың оқуға деген құлшынысын тудырады.
- сөздік, көрнекілік және практикалық әдістерді қолдану, сахналык қойылымдар қою, жағдаят тудыру. (олар қабылдау мен есте сақтауға ,өмірге жақын дүниені қабылдауға негізделеді);
- ойын технологиясын қолдану түзету сыныптарында өзіндік нәтижесін береді. Өздігінен орындау, мұғалімнің басшылығымен орындау әдістері (қиялға, ерікке, ерекшеліктеріне негізделеді).
Балалардың қызығу мүддесін туғызу, зейінін жинақтау және оқуда борыш, жауапкершілік туғызу әдістеріне топтық ойындар,суреттерді сөйлету, ертегі кейіпкерлерін қонаққа шақыру сратегиялары сәтті өтеді. Ауызша тексеру, жазуша тексеру оқу техникасын тексеру, көру диктантттары,сөздікті жұппен жұмыс арқылы тексеру әдістері енеді.
Түзету сыныптарында пайдаланатын тиімді жол – оның тіке байланысқа негізделіп, адаммен – адамның тікелей қарым-қатынасы арқылы тілді үйретуді жүзеге асыруында. Тілді оқытуда үйренуші мен үйретушінің арасында бір-бірімен көзбе-көз кездесу, ауызба-ауыз тілдесу, яғни, тікелей қатынас болмаса, сөйлесім әрекеті де іске аспайды. Тілді үйретуге байланысты қандай бағыт-бағдарды таңдап алу керек, оған қатысты орындалатын жұмыстармен тапсырмалар қандай, оны іске асыруда бұл жұмыс түрлерінің алатын орны мен қызметі қандай дегенді анықтап белгілемей, алға қойған мақсатқа жету мүмкін емес. Түзету сыныптарында отан ,туған облысымыздың, қаламыздың көрнекі жері, тарихы, атаулы оқиғаларын білгізудің мәні зор себебі өмірмен байланысты тақырыптарға қызығушылықтары бар.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңы қабылдады. Осы заң аясында жарымжан балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған.