Дәрістер мазмұны 1-дәріс. «Білім беру аймағындағы жобалау»



бет38/134
Дата13.12.2021
өлшемі408,01 Kb.
#125563
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   134
Байланысты:
Дәрістер

үшіншіден, «қалай жасау керек?» деген сұраққа сай, яғни, мақсат пен міндеттерді жүзеге асыруда қандай құндылықтардың басшылыққа алынатыны, қандай әдіс - тәсілдер мен құралдар пайдаланатыны белгіленеді.

Тәжірибе барысында бірнеше педагогикалық бағыттарды қатарынан жобалау негізінде жаңа педагогикалық жүйенің «көрінісі» қалыптаса бастайды және осы жаңа «көрініс» педагогикалық жүйенің өзін-өзі қайта құру субъектісі ретінде жаңа қажеттіктерін тудырады. Осыған сай, педагогикалық жүйенің жаңа құндылықтары мен жаңа қатынастары, қызметтік құрылымдары мен байланыстары, жаңа қызметтер бағыты пайда болып, тәжірибеде бекітіле береді. Бекіту процесі де маңызды болып табылады, өйткені, уақыт пен жаңа талаптар сынағынан өткен кейбір нәтижелері, белгілі бір тұжырымдамалар, нормативтік құжаттар, бағдарламалар, нормативтік нұсқаулар ретінде қабылдауды, тәжірибеге енгізуді қажет етеді.

Педагогикалық әрекеттер теориясында білім беру әрекеттен тыс бола алмайды, тұлға бойына өзгерістер ендіру оны белгілі бір мотивтер негізінде әрекеттерге тарту арқылы жүзеге асырылады. Аталған пікірлер педагогикалық жүйе ретіндегі білім берудің басты қайшылығы білім алушы мен педагогтардың мақсаттары арасындағы қайшылықты көрсетеді.

Педагогикалық мақсат қою – бұл мақсатты құрастыру процесі, өте жауапты логикалық–құрастырушылық жұмыс. Ол келесі алгоритм бойынша орындалады: «қалыптасқан жағдайды талдау – қажетті нормативтік құжаттарды ескеру – олардың негізінде қанағаттандырылуы тиіс мүдделер мен қажеттіктерді белгілеу– осы мүдделер мен қажеттіктерді қанағаттандыруға мүмкіндік беретін күштер, ресурстар мен мүмкіндіктерді анықтау – берілген ресурстар мен күштерді жұмсау арқылы қанағаттандырылатын ең тиімді мүдделер мен қажеттіктерді анықтау – мақсат құрастыру, яғни, мақсат қою».

«ҚР Білім туралы Заңының» 11-бабында «білім беру жүйесінің мақсаты: ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп көрсетілген.

Білімділік – тұлғаның игерілген әлеуметтік тәжірибесін пайдалана отырып проблемалар класын, түрлерін өз бетімен шешуге қабіллеттілігін крсететін жалпы білім нәтижесі. Білімділік деңгейі тұлғаның өзі шешуге қабілеті жететін проблемалар класы, түрлері арқылы белгілінеді. Олар:


  • сауаттылық–оқу әрекетіндегі проблемаларды шеше алу қабілеттілігімен сипатталатын білімділік деңгейі. Сонымен қатар, бұл деңгей өз әрекетін ұйымдастыра алу, өзге де білім үрдісіне қатысушылармен қарым– қатынас жасау проблемаларын шеше алуды да қамтиды;

  • функционалдық сауаттылық– қоғамдық ортадағы әлеуметтік рольдерді (оқушы, тұтынушы, қызметкер, клиент, азамат, отбасындағы, жолдастар арасындағы, қызмет бабындағы рольдер, т.б.) жүзеге асыру проблемаларын шешуге қабілеттілігімен сипатталатын білімділік деңгейі.

  • құзыреттілік – өмірлік және кәсиби жолын таңдаудағы проблемаларды шеше алу қабілеттілігімен сипатталатын білімділік деңгейі. Оның негізгі компоненттері:

Білім беру сапасындағы өзгерістердің бағыттары:

  1. Білім берудің жаңа нәтижелеріне жету – ол білім нәтижелерінің жаңа компоненттері тұлғалық, метапәндік және пәндік нәтижелерді меңгеру негізінде жүзеге асырылады;

  2. Мектеп бітірушілердің білімділік деңгейінің өзгеруі – қарапайым сауаттылық, функционалдық сауаттылық, құзіреттіліктер;

  3. Білім беру әрекеттеріндегі табысты болу масштабының өзгеруі, табысты болу аумағының ұлғаюы, табысты білім әрекеттерін игерген оқушылардың саны көбеюі, оқушылардың дербес жетістіктерінің көбеюі;

  4. Қоғам дамуына сай оқушыларды жаңа проблемаларды шешуге дайындау

  5. Қорыта айтқанда, білім беру нәтижесін өзгеруі оның деңгейіне ғана емес мазмұнына да байланысты.

Білім беру мақсатының өзгеру жағдайлары мен мүмкіндіктерін қарастырып көрейік. Біздің кеңестік тарихымызда мектепте білім беру мақсаты «тұлғаның жан жақты және үйлесімді дамуы» болып келді, бірақ ол декларативті түрдегі ұран күйінде қалып, шын мәнінде, негізгі мақсат пәндік білім нәтижелері болып әлі күнге дейін қалып отыр. Ал пәндік білім нәтижелерінің көрсеткіші ретінде әр пәннен алған білімдерінің жиынтығы, есептер шығара білуі, тарихи даталарды есте сақтауы алынады.

Білім жүйесін жаңғырту жағдайында негізгі мақсаттар ретінде метапәндік, пәннен жоғары жетістіктер – оқушылардың оқу тапсырмаларын орындаудағы және танымдық түріндегі ғана емес, өмірдегі түрлі ситуацияларындағы сан-алуан проблемаларды шеше білуге қабілеттіліктерін қалыптастыруға бағытталған ұмтылыстар жасалуда. Оларды талдап көрейік:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет