4.2. Педагогикалық жобалаудың заңдылықтары мен ұстанымдары Мақсатты әрекет ретіндегі жобалаудың мәні өзгерістерді басқару идеясымен тікелей байланысты. Осы тұрғыдан алғанда жалпы жобалау қызметінің де, нақты жобалардың да ауқымы жобалау қызметін жүзеге асыру нәтижесінде болатын өзгерістер деңгейіне қатысты өлшенеді. Сондықтан, нәтижесінде нақты жобалар құрастырылатын (басқарушыларды оқыту бағдарламасы, тренингтер, семинарлар, жаңа оқулықтар, белгілі бір педагогикалық зерттеу нәтижесі ретіндегі өнім, т.б.) жобалау мен сол нәтижелердің педагогтар мен білім алушыларды, басқарушыларды, ұйымды, немесе, жалпы жүйені дамытуға жасайтын ықпалын айыра білу және оны пайдалана білудің маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |