Дәрістер мазмұны 1-дәріс. «Білім беру аймағындағы жобалау»



бет96/134
Дата13.12.2021
өлшемі408,01 Kb.
#125563
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   134
Байланысты:
Дәрістер

Жобалау және модельдеу. «Жоба» ұғымына түрлі анықтамалар берілуде. Модельге қатысты айтсақ, «жоба – белгілі бір орындалатын, бірақ дәл осы кезеңде жасалмаған ситуациялардың моделі» деуге болады. Белгілі бір жағдайдың ең әуелі болашақ моделі құрастырылады, тек содан кейін ғана техникалық амалдар жасалады. Осылайша, жобалау әрекетінің маңызды жағы - қалыптасқан жағдайды таңдау, оның қайта құрудың негізгі сипаттамаларын жасау, немесе модульдеу болатынын көрсетеді.

Оқушылар үшін жоба нәтижесі ретінде алынатын нұсқаның моделін жасау маңызды екенін айту керек.

Модельдеудің екі түрлі типі бар – ғылыми модельдеу және көркем модельдеу, олар танымның соған сәйкес екі түрі – ғылыми таным және көркемдік таным сипаттарын береді.

Ғылыми таным, кеңірек қолданылып жүрген таңбалық – белгілік түрде белгіленетін құбылыстар мен қарым – қатынастар. Мысалы: графиктер, формалар т.б белгілерде берілген құбылыстың мәні, пәндік ерекшелігі беріледі. Оқушы мәтінді оқи отырып, ондағы құбылыстар мен оқиғаларды ойша модель құрастырады.

Жалпы өмірде кездесетін кез – келген құбылысты модельдеуге болады, бірақ ол модельдің барлығы да белгілі бір міндетті шешуге қажет болмауы мүмкін.

Оқушылардың жобалау әрекетін белгілі бір пәндерде оқыту барысында ұйымдастыруда да модельді жаңадан жасаудан бұрыннан бар модельді өзгерту, оны нақтылау көңіл аударады. Қарастырып отырған құбылыстың күрделілігіне байланысты модельдің бірнеше нұсқасы сипатталуы мүмкін.

Ғылыми танымға сүйенетін модельдеу талдауға құрылса, көркемдік модельдеу – жаңадан жасауға, қайта құруға негізделеді. Ғылыми модельдеуде құбылысты бір қырынан сипаттауға болатын болса, көркемдік модельдеу құбылыста тұтас қамтиды. Сондай – ақ көркем модельдеуде жобалық өнім ғана емес, оның авторы да маңызды рольге ие болады. Ю.И.Лотманның айтуынша «автор модель жасағанда өзінің ой – санасының жетегімен әрекет етеді және модель оның дүниетанымы мен өмірге көзқарасы негізінде құрылады. Сондықтан, көркемдік модель де екі обьектінің – құбылыстың және автор тұлғасының моделі» бола алады.

Көркемдік модельдеу барысында құбылыстың сұлбасы немесе формуласы арқылы ғана сипаттауға кейбір құбылыстардың күрделігі мүмкіндік бермейді. Соған орай, оқушылардың жобалауында сол құбылысқа олардың көзқарасын білдіретін модель жасау ыңғайлы және шығармашылық еркіндік береді. Осындай әрекеттер арқылы оқушыны қарастырылып отырған белгілі бір пәндер шеңберінен шығып, жобаны кеңінен қарастыруға да жағдай туғызылады. Бұлар оқушылардан нақты пәндер талап ететін қатаң шешімді ғана емес, өз бетіндік әрекеттерін дамыту арқылы өзінің құралдарын, әдістерін құрастыруға да еркіндік алады.

Оқушылар жобасының мәнісі, сипаттамасы неде, яғни жобалаудың ерекше қызметі ретінде сипаттайтын белгілері:


  • идеясы, түпкі ойы болуы:

  • жүзеге асыру жолы болуы;

  • нәтижесі белгіленуі, орындалуы;

Жоба – белгілі бір уақыт аралығында орындалатын, нақты мақсатты орындауға бағытталған әрекет. Жобалау өнімі міндетті түрде қалыптасқан жағдайды өзгертуге ықпал етеді деп күтіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет