Дәрістер мазмұны 1-дәріс. «Әлеуметтік-педагогикалық зерттеулердің теориялары және технологиялары»


-дәріс. Ғылыми зерттеу ұйымдарындағы құжаттарды құрастыру қисыны. Патент және куәлік үлгілерімен таныстыру



бет11/14
Дата26.09.2023
өлшемі409,83 Kb.
#182541
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Дәрістер ДОК

13-дәріс. Ғылыми зерттеу ұйымдарындағы құжаттарды құрастыру қисыны. Патент және куәлік үлгілерімен таныстыру.

Зерттеушіге бұл үшін жобалау және құрастырушылық мәдениеті керек.
13.1.«Жобалау», «болжау», «құрастыру», «үлгілеу» ұғымдарының байланысы.
13.2. Жобалық мәдениет. Жобалық мәдениеттің концептуалдық құрауыштары.
13.3.обалаудың педагогикалық мәні.

13.1. «Жобалау», «болжамдау», «құрастыру», «үлгілеу» ұғымдарының байланысы. Кілттік сөздер: жобалау, үлгілеу, үлгі, болжау, жобалық мәдениет, құрастыру.


Жобалық әрекет «жобалау», «болжау», «құрастыру», «үлгілеу» ұғымдарымен тығыз байланысты. Болжау бұл белгілі бір атаудың алдағы мүмкін болатын күйі туралы ықтималды ғылыми пікір, оның болашақтағы көрінісін арнайы зерттеу мен ғылыми болжаудың әртүрлілігі. Сонымен қатар, «ізденушілік болжам» ұғымы да кездеседі. Ізденушілік болжамның мақсаты берілген өлшемге бағдарымен қоса, мәселені шешудің мүмкін болатын жолын анықтайтын нормативтік және перспективалық мәселені, тиісті шешімді іздеу.
Жобалау мен болжаудың мақсаты мен нәтижеге жету бағдары жалпылыққа ие. Алайда, жобалық тәжірбиеде тікелей қолдануына, нәтижеге қол жеткізу үшін жүзеге асырылуына қарамастан, қаталдық пен жауапкершілікті көбірек талап етеді. Болжам «келешек жайында пікір» ретінде қорытындыда белгілі бір түрленушілікке жол беріледі. Жобалау мен болжамның өзара әсері жобалауда зерттеу әрекеті болжамның жаңа қайнар көзі болу ықтималдығына баға болып табылатындығына негіз болады. Болжам міндетті ойлау процедурасы ретінде жобалауда осы не басқа объектінің немесе болашақтағы атаудың мүмкін болатын күйін, перспективасы туралы қалыптасу үшін қолданылады.
Құрастыру бастапқыда инженерлік әрекет түрі ретінде пайда болады; құрастыру инженерлік объектті не жүйені белгілі бір үйлесімділікте құрастырумен байланысты, содан соң өндірісте құрылады. Көбінесе бұл жағдайда типтік, стандартталған элементтер(бөлшектер) қолданылады, осылардың үйлесімділігінен жаңа өнім шығады.
Құрастырудың қазіргі таңдағы түсінік ауқымы кеңеюде. Мысалы, әлеуметтік салада, құрастыру әлеуметтік байланыстар жүйесін табу, нақтылау, өңдеу мен орнату мағынасында қолданылады. Құрастыру мен жобалау оның пәндік іске асырылуына түпкі ой үйлесімділігінің жүйелі кезеңі. Құрастыру үрдісінде жобаланатын объект элементтері, бөлшектері өңделеді, ол жобалауда осы элементтердің өзара байланысты жүйесі құрылады, өңделеді және жоба дайындалады.
Жобалау,сонымен қатар, үлгілеумен байланысты, үлгілеу әртүрлі табиғат объектілерін олардың ұқсастығында (үлгіде) зерттейді.
Үлгі (лат. modulus- өлшем, үлгі, норма) – бұл элементтер арасындағы қатынас пен қасиеттің бейнеленген немесе жүргізу құрылымының және зерттелінетін объектінің схема, суреттеу, физикалық конструкция не формула түрінде құралған үлгі.
Үлгі материалдық (пәндік) және идеалдық болуы мүмкін. Материалдық үлгі объектінің (мысалы, архитекторлық құрылыс үлгісі, самолет үлгісі) геометриялық (физикалық, динамикалық, функционалдық) сипатын айқындайды. Идеалдық үлгі – объектінің бейнелік не белгілік түсінігі (мысалы, математикалық, физикалық үлгі).
Үлгілеу жобалауда шынайы өмірде кездеспеген не олар қандайда бір себеппен белгісіз объектіні атауды, үрдісті таныстыру мен қайта қалыптастыру үшін кең қолданылады. Үлгі объект, атау мен үрдістің жеке аспектілерін бөліп көрсетуге, оның берік қасиеттерін анықтауға, соларға сүйеніп іс жүргізуге және оларды дәлірек логикалық сараптауға салуға мүмкіндік береді.
Жобалау саласында үлгі мыналарға мүмкіндік береді:
Объект не атау бейнесін құруға;
Шынайы үрдісті болашақтағы әрекетімен елестетуге;
Жобалаудың мүмкін болатын нәтижелелеріне қол жеткізуге, салыстыруға, бағалауға;
Мәселені шешудің балама нұсқаларының бірін негізді таңдауға.
Жобалық процедура шеңберіне болашақтағы объект, үрдіс пен атау үлгілерін құру жатады, сондықтан үлгілеу жобалаудың бір бөлігі ретінде қарастыруға болады.
Сонымен, жобалау ақыл-ой әрекетінің басқа түрлерімен де байланысы бар, олардың әдісін жобалық мақсатты іске асыруда қолдануға мүмкіндік береді.

13.2. Жобалық мәдениет. Жобалық мәдениеттің концептуалдық құрауыштары.

Жобалаудың қазіргі таңдағы контексінде «жобалық мәдениет» термині де қатар жүр. Әдіскер мамандар оның құрылымына төмендегідей мазмұндық-мағыналық бірлігін кірістіреді:
Жобалаушының еркіне сәйкес немесе жобаланатын пәндік ортаның ішіндегі құндылықты-мәндік бейне.
Шығармашылық пен теориялық сана мазмұны болып табылатын шығармашылық және ғылыми тұжырымдамалар, сонымен қатар, жобалаушының шығармашылық еркін көрсететін қызмет бағдарламалары.
Жобалық үрдісті жүзеге асыруда тұлғалық қатынастың күрделенуі үшін қажет – құндылықтар.
Белгілі бір жағдайда орта қатыстылығы, белгі-бейнелік тиістілік жобалық мәдениеттің экологиялық құрамын қалыптастырады. Кейде аталған құраманың болмауынан жобаға алғашқы көзқарастың ұнамдылығын сәтсіздікке итермелеуі мүмкін. Жобалаушының ой елегінен өтетін шығармашылық ой-пікірлерің терминдеріндегі теориялар, әдістемелер, эвристика - жобалық мәдениеттің концептуалдық құрауышы болып табылады. Құндылықтар тобы аксиологиялық құраманы құрайды(Бұл жайында О.И.Генисаретский ұсынған жобалық мәдениет амалы қолданылған). Сонымен, білім беру саласында жобалық әрекетті құру мен бағалауда, оның экологиялылығын , концептуалдылығын, құндылық бағдарын ескеру керек.
Жобалық мәдениет шеңберінде жобалық әрекетке негізделген амалдар қалыптасты және қазіргі таңда педагогика саласында кеңінен қолданылуда.
Жобалық-мақсатты амал мақсатқа сәйкес жобалауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Осы амал шеңберінде мақсатты жобалар жүзеге асады. Мақсатты жоба-өзара байланысты амалдар жиынтығы және бұл белгілі бір объектіні өз күйінен нақты белгіленген уақыт кезеңі арасында қалаған күйге қайта құруға бағытталған. Мақсатты жоба тапсырысқа ие. Оған әкімшілік органдар (мемлекеттік, территориялық) органдар не мекемелер жатады, олар қажетті жобалық ресурстарды игереді. Осы тәрізді әрбір жобада жеке өзіндік өмірлік цикл болады.
Жобалық-модульдік амал арнайы құрылған функционалдық модульді вариативті қолданумен жобалауға бағытталған, ол тұтас жүйенің құрылымдық компоненті ретінде қарастырылады, әрекеттің белгілі бір не бірнеше бағыттарын орындауды қамтамасыз етеді. Модулдік әлеуметтік-педагогикалық конструктор үйлесімділіктің екі нұсқасын қарастырады. Бір модулдің функциялары өзінің міндетіне сәйкес локальдік жоба жолымен орындалады. Күрделі міндетті орындау үшін әрбір модулдің ерекше ресурстарына кіріктіріледі. Мекеме деңгейінде осындай модулдер ретінде сервистік қызметер не орталықтар(ақпараттық,әдістемелік,ғылыми-зерттеу) қатысады. Әдістемелік қамтамасыз ету деңгейінде құжаттандыру, зерттеу әдістемесі, тесттер, бағдарламалық өнімдер және т.б.

13.3. Жобалаудың педагогикалық мәні.


Педагогтың жобалық әрекетін талдау үшін болмысты тану мен қайта қалыптастыру тәсілі ретіндегі идеяға көңіл аударайық:
«Жоба» сөзіне қатысты алға озу, перспективалар идеясы
Жобалау пәнінің өзекті мәселесі мен қалауының(ол қандай болуы керек) арасындағы «потенциал әртүрлілігі» идеясы
Болашаққа қадам идеясы(келешек қажеттілігіне біртіндеп,кезеңімен жақындау, ұғымды Н.А.Берштейн енгізді)
Жобалау барысында ресурстар мен күш-жігердің бірігушілігі, ортақтылығы, бірлестігі
Ортақ іс-әрекетті орындау жоспарын сақтау бойынша қатысушылардың «белсенділіктерінің бөлінуі» идеясы(В.Х.Килпатрик ұсынған жоба әдісі)
Жобалық әрекет қоғамдық сипатты айқын көрсетеді. Бұл жоба мәселесін таңдауда әлеуметтік келісіммен, жобалауда коммуникацияның күрделі түрлерін қолданумен, басқа адамдармен пәндәк не кәсіби салада өзін-өзі басқару қажеттілігімен, әлеуметтік маңызды нәтижеге жетумен байланысты.
Жобалаудың ерекшелігі-жаңа өнім құру және тек көрінуі мүмкін екендігін өз мезгілінде тану. Ол шынайылықтың ғылыми-болжамдық елестетудің типі болып табылады және оны тәжірбие дамуның талаптарына сәйкес қамтиды және өзгертеді. Жобалық әрекет - бұл толық аяқталмаған әрекетті(сол мезеттегі) өзгертуге әрдайым талаптанушылық және сол сияқты жобалау авторларының пікірі бойынша келешекке баңытталушылық. Педагогикалық жобалаудың бұдан басқа мақсаты-адамдардың өзгеруі, жобаның іске асуы.
Тәжірбие дәлелдегендей, жобалық әрекет объективті түрде педагогикалық потенциалға тән. О.С.Газман бойынша, бұл-автодидактизмнің ерекше тікелей нәтижемен қатар(жоба құрумен байланысты) жаңа білімді игеруді қамтамасыз ету, жаңа түсінік қалыптастыру, жаңа атаулардың, құндылық динамикасының барысында жаңа ақпарат алумен, басқа ойлап табушының ұстанымымен, «адам жағдайын басқару» ұстанымымен бірге белсенділіктің жаңа түрлерін игерумен байланысты(Бедерханова В.П. Становление личностноориентированной позиции педагога.-Краснодар, 2001.-с.171). Мұны жобалық әрекетке енгізу кез-келген жастағы адам ұстанымын өзгертеді,оны әлкуметтік өзін- өзі басқару мен қоршаған әлемді қайта қалыптастыруға қатысудың субъективтік формасын өзгертеді. Жобалаудың тұлғалық-әрекеттік бастамасы өзін-өзі жетілдіруге түрткі болады. Бұл таңғаларлық жайт емес, жобаланатын тақырыпта өзіндік «Менін» іспен көрсетуде педагогикалық салдардың ұзағынан созылары белгілі. Жобалық әрекет ерекше жобалық талантқа қатысты, оған қоса балалар мен ересектердің қайнар көзі ретіндегі тәсілі болып табылады. Сонымен қатар, адамның барлық тұлғалық құрылымын тәжірбие жүзінде дамытады. Жобаға қатысушыларда жоспарланған өнімнен басқа жобалық әрекеттің ірбір кезеңінде белгілі бір тұлғалық жетілу қалыптасады. Құндылық, норма, мақсат қою динамикасы айқын көрінеді.
Жобалық әрекет басқа әрекеттің фрагменті болып табылатын іс-әрекеттерден қалыптасқан мозаикалық табиғатымен ерекшеленеді. Осы арқылы жобалық әрекетке қатысу потенциалының дамуы жобаны іске асырудың әрбір кезеңінде белсенділік түрлері мен формаларын игеру қажеттілігі мен мүмкіндігі арқылы артады. Мұнда сөз диагностикалық, болжау, бағалау іс әрекеті туралы, ойлау және жоспарлау, қолдау, басқару, коммуникация,экспертизамен байланыста болатын ойлау және практикалық процедуралардың әр түрлі формалары мен түрлері туралы айтылған. Жобалауды ұйымдастырушыларға қатысты мынадай маңызды сұрақ туындайды: жобаны іске асыруда қайсысы септігін тигізеді(приоритетке септігін тигізеді): қол, сана, сана-сезім? Осыған байланысты, жобалық әрекеттің жетекші адамзаттық бастамасы не болып табылады? Бұл сұрақтың жауабы жобаға кіретін дамушы әлеуетті қолдануға байланысты. Кез келген адамға жобаға енуі барысында қоршаған ортаға басқаша қарау, іздену белсенділігі пайда болу және шынайылыққа қызығушылығы арту мүмкіндіктеріне ие болады. Сонымен қатар, онда шығармашылық елес пен сыни ойлау қасиеттері дами бастайды. Бұдан басқа, жобаға қатысушылардан ерік-жігер мен табандылық,дербестілік пен жауапкершілік, өзін-өзі тәртіптілікке үйрету талап етіледі. Бұл талаптарды ескермеу – жобалау логикасын алдын-ала қарастыратын нақты анықталған қадамдардан жүйелі өту қиынға соғады. Жобалық әрекеттің әрбір қатысушысы басқа адамдармен бірге іс атқаруы қажет, бұл олардың коммуникациялық мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі. Оған қоса, жобалық әрекет алынған нәтиже жаңашылдықтары қатысушының әсерленуі мен рефлексияға қабілеттілігінің даму мүмкіндігіне қол жеткізеді.
Тұтастай алғандағы, жобалауға тән белгілер білім беру саласындағы жобалық әрекетте кең таралған. Алайда, бұл - барлық әлеуметтік-психологиялық «иемдену» жобалық әрекет қатысушысының әрқайсысында кездеседі деген сөз емес. Жобалаудың әр кезеңіндегі педагогикалық өнімділік шарттары бар. Бұл педагогикалық әрекет мазмұны, ерекшелігі мен даралылығымен толықтырылады. Білім беру саласында жобалық әрекеттің өзіндік мақсаты болмайды. Ол педагогикалық



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет