Дәрістер мазмұны 1-дәріс. «Әлеуметтік-педагогикалық зерттеулердің теориялары және технологиялары»



бет8/14
Дата26.09.2023
өлшемі409,83 Kb.
#182541
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
Дәрістер ДОК

Ұсынылған әдебиеттер:
Герасимов И.Г. Научное исследование, М, 1972
Кочетов А.И. Педагогическое исследование. Рязань, 1975
Кояетов А.И. Культура педагогического исследования, Минск 1996
Алиев У.Ж. Общая дисциплинария теория науки. А., 1996
Кусаинов А.К., Таубаева Ш.Т. Методика подготовки магистерской диссертации. А., 2006
Больщая Советская энциклопедия. М., Сов. Энциклопедия. 1977, том-1
Қоянбаев Ж. Педагогика. А., 2002
Абиев Ж., Бабаев С. Педагогика. А., 2004.


10-дәріс. Ғылыми-зерттеу ұжымының жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау
Ғылыми-зерттеу институтының жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау

Ғылыми зерттеу жұмыстарын орындаушылар:


ЖОО-да ҒЗЖ:
- негізгі жұмыс уақытында оқытушылық-профессорлар құрамымен жеке жоспарларына сәйкес, ЖОО-ның, ғылыми зерттеу мекемелерінің, конструкторлық және технологиялық ұйымдарының ғылыми қызметкерлері мен мамандарымен орындалады. Оқытушылық-профессорлар құрамы, ғылыми қызметкерлер, ЖОО-ның, сонымен қатар басқа да кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың басшылық етуші және басқа да қызметкерлері негізгі жұмыстар бос уақытта қосымша шаруашылық шартымен және бюджеттік ҒЗЖ-ны орындауға ЖОО жетекшісімен қатыстырыла алады;
- жастардың ғылыми техникалық шығармашылық орталықтарында, студенттік ғылыми үйірмелер, студенттің бюро, өндірістік отрядтар мен басқа да студенттердің ғылыми шығармашылық ұйымдарында, сонымен қатар ЖОО кафедраларында, ғылыми зерттеу мекемелерінде, конструкторлық және технологиялық ұйымдарында, оқу жоспарларында алдын-ала ескерілген студенттердің курстық, дипломдық жобалар, басқа да оқу-зерттеу жұмыстарын сабақтан бос уақытта қосымша ақы үшін орындауы барысында.
ЖОО жетекшілері тақырыптардың ғылыми жетекшілері ретінде қосымша ҒЗЖ орындау алады.
Оқытушылардың ғылыми зерттеу жұмыстары
7.1 ЖОО-ның ОҚП-сының ғылыми қызметінің негізгі бағыттары:
- негізгі, іргелі, ізденушілік, қолданбалы ғылыми-зерттеу конструкторлық-тәжірибелік жұмыстар мен инновациялық қызмет жүргізу;
- мүдделі ұйымдарға, олардың әрі қарайғы жұмыстары мен енгізбелерін қаржыландыруға рұсат беретін, ҒЗЖ-ның нәтижелерін қолдану немесе оларды сатыға дейін жеткізу болып табылады.
ЖОО-ға толық мөлшерде жұмыс істейтін универсиеттің барлық оқытушылары қатысуға тиісті;
ЖОО оқытушыларының ҒЗЖ -сы бойынша жоспарлау тәртібі мен қорытынды шығаруы.
Доктранттар, аспиранттар, магистранттар мен ізденушілердің ғылыми зерттеу жұмыстары
Доктранттар, аспиранттар, магистранттар мен ізденушілердің ғылыми зерттеу жұмыстары ЖОО-ның тікелей кафедралары мен немесе ғылыми зертханаларында ұйымдастырылады. Доктранттар, аспиранттар, магистранттар мен ізденушілердің ғылыми зерттеулерінде жетекшілік етуді (кеңес беру) докторлар мен ғылым кандидаттары жүзеге асырады;
Доктранттар, аспиранттар, магистранттар мен ізденушілердің ҒЗЖ-сы ЖОО факультеттерінің (институттарының) ғылыми кеңесімен бекітілген, жеке жоспарларға сәйкес жүзеге асырылады.
Доктранттар, аспиранттар, магистранттар мен ізденушілердің ғылыми зерттеу жұмыстарының қорытындысы мен олардың ғылыми дайындығының сапа межесі диссертациялар болып табылады.
Жеке оқу жоспарды жүйелі орындамайтын доктранттар, аспиранттар, магистранттар мен ізденушілердің ғылыми жетекшілері (кеңесшілері), оның ішінде мерзімінде диссертацияны қорғауға шығармайтындары факультеттердің (институттардың) ғылыми кеңесінің кепілдемелері бойынша ЖОО ғылыми кеңесінің шешімімен жетекшілік ету (кеңес беру) құқығынан айырылады.

10.2. Студенттер ұжымының жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау



Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары
СҒЗЖ жоғары білікті мамандар даярлаудағы тығыз тұтас білім процесі: оқу-тәрбие және ғылыми-инновациялық болып құралатын міндетті, бөлінбейтін бөлігі болып табылады.
ЖОО-дағы СҒЗЖ жүйесінің негізгі мақсаттары:
- әр студент үшін мүмкіндікті қамтамасыз етпей жағдай жасау (құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық, ресурстық және т.б) мен дамытуға, ғылыми зерттеулер мен ғылыми техникалық шығармашылыққа қатысуға, адамның шығармашылық дамуында өз құқығын іске асыруы – оның қабілеті мен қажеттілігіне сәйкес әрқайсысы үшін сапалы, тең және қол жеткізу болып табылады.
-студенттердің кәсіптік-шығармашылық даярлығын жақсартумен жастарлы ғылыми зерттеулерге, ғылыми техникалық және өнерпаздық қызметке тарту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастырумен және дамытуда білім, ғылыми және инновациялық процестердің тұтастығын қамтамасыз ету.
СҒЗЖ жүйесін қалыптастырудың негізгі міндеттері болып табылады:
- студенттерді рацинализаторлық жұмыс пен өнертапқыштық шығармашылыққа тартау;
- отандық және шетелдік тәжірибеге негізделген ғылыми және ғылыми-техникалық жұмыстардың нәтижелері, жастардың әртүрлі үлгідегі ғылыми шығармашылығын дамыту мен қалыптастыру үшін қолайлы жағдай жасау.
Студенттердің ғылыми жұмыс түрлері:
- ҒЗЖ-ның орындалуына қатысу;
- СҚБ, СЖБ, СТБ – да, ғылыми үйірмелерде жұмыс;
- конференциялар, семинарлар мен дөңгелек үстел жұмысына қатысу;
- ғылыми журналдар мен баяндама жинақтары, материалдар мен конференция тезистерін жариялауға дайындау;
- конкурстарға қатысу (институт, аймақтық, халықаралық);
- ғылыми сынақтан өту.
ЖОО-да өткізілетін ғылыми зерттеу, ғылыми техникалық, жобалау және тағы басқа жұмыстарға студенттердің тікелей қатысуымен бөлінетін ұйымдастыру түрлері мен СҒЗЖ жүйесінің шарасы арқылы қамтамасыз етіледі:
- оқу процесіне енетін ғылыми зерттеу жұмыстары;
- сабақтан тыс уақытта (оқу жоспарларынан тыс немесе тысқары) орындалатын ғылыми зерттеу жұмыстары.
Сабақтан тыс уақытта студенттермен орындалатын ғылыми зерттеу жұмысы (оқу жоспарынан тыс немесе тысқары):
- студенттердің ғылыми семинар жұмыстары;
- мемлекеттік, ЖОО аралық немесе ЖОО ғылыми гранттары ішінде, сонымен қатар кафедралар мен ЖОО-ның ғылыми мекемелерінде орындалатын оқытушылардың жеке жоспарлары аясындағы шығармашылық бірлестік бойынша жұмыстарға мемлекеттік бюджет немесе келісіи тематикасын орындау үшін студенттердің топтармен немесе жеке тәртіпке қатысуы;
ЖОО-да СҒЗЖ жүйесін қою мен ұйымдастыру үшін жалпы басшылық пен жауапкершілік ЖОО жетекшісі мен ғылыми жұмыс жөніндегі проректорға жүктелген.
СҒЗЖ жүйесінің қызмет істеуі ЖОО ғылыми Кеңесімен факульттердің ғылыми кеңестерімен, СҒЗЖ мен ҒСҚ бойынша ЖОО кеңесімен қамтамасыз етіледі.
Студенттердің ғылыми жұмыстарына бөлінген қаражаттар мен олардың жұмсалуымен бақылау ЖОО-ның барлық басқа бөлімшелері мен барлық кафендраларында ректормен жүзеге асырылады.
ЖОО СҒЗЖ жүйесінде ЖОО қаражаты есебінен, сонымен қатар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңында қатыстырылған бұл ресурстардың қосымша көздерден тартылған жаппай ұйымдастыру шараларын жоспарлайды және өткізеді.
Ұлттық тәрбие бағытында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру жолдары.
Қазіргі білім беру жүйесіне шығармашыл, педагогикалық ізденіске бейім мұғалім қажет-ақ. Зерттеуші мұғалім – мұғалім идеалы. Мұғалімдік қызметке әрқашан ізденіс нышандары байқалады, бұл қасиеттер көбіне ешбір басқарусыз қалыптасып жатады. Педагогикалық жоғары оқу орындарының оқу жоспарларының шамадан тыс артық жүктемелерге тап болуы зерттеу жұмысына арнайы уақыт бөлуге мүмкіндік бермейді. Жас мамндардың 70 пайызға жуығы эксперимент жүргізуге, қарапайым статистикалық өңдеу жасауды меңгерген. Қазақстанның жоғары оқу орындарында (қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде, қорқыт ата атындағы қызылорда мемлекеттік университетінде) жүргізілген тәжрибелік жұмыс зерттеуші-мұғалімді даярлау үшін студенттермен де жас мұғалімдермен де жүргізілетін жұмыс мазмұнына сапалы өзгерістер енгізу қажеттігін дәлелдеді. Бұл ретте педагогикалық зерттеулердің негіздері туралы арнайы қосымша ақпарат аса қажет.
Студенттерде зерттеудің дағдыларын қалыптастыру – педагогикалық білім берудің көкейтесті мәселелерінің бірі. Зерттеу әрекеті дағдылары педагогтың кәсіптік дағдылары болып табылады. Студенттердің зерттеулік дағдыларын қалыптастыру мазмұнын анықтай келе біз студенттерді зерттеудің теориялық және тәжрибелік кезеңдермен таныстыру қажет деп таптық. Сонан кейін студенттің эмпирикалық материал жинауға үйренеді, таладу мен нәтижелерді түсіндіруге машықтанады, тұжырымдар мен ұсыныстар құрастыруға дағдыланады. Теориялық дәрістерде студент педагогикалық зерттеу кезеңдерімен, оның ерекшелігімен, мазмұны және әдістерімен танысады.
Мемлекеттік стандартқа сәйкес 4-курсте «Педагогикалық зерттеулер негіздері» деген таңдау пәні оқытылады. Бұл пән студенттерді педагогикалық зерттеулердің әдістерімен, компьютерлік бағдарламалармен таныстырады.
Зерттеуші мұғалімді даярлау барысында оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында оқыту мынындай алгоритіммен іске асырылды:
• негізгі курстарды және психологиялық-педагогикалық пәндердің арнайы курстарын оқығанда алатын білімдерін кіріктіру.
• кіріктірілген шығармашылық зерттеу жұмысын орындау.
Сондай-ақ, 1 курстан басталатын үздіксіз педагогикалық практика барысында студенттер зерттеу жұмыстарын жүргізеді, нәтижелерді өңдейді, жазба жұмыстарды орындайды. Бқл жұмысты зерттеудің алғашқы сатысы деп қарастырдық. Нәтижесінде, әрбір курсте болашақ мұғалімді даярлаудың міндеттері орындалады: бірінші курста ізденіске тұрақты қызығушылық; екінші курста – қажет ақпаратты жинау; үшінші курста – практикалық әрекетке көшу; төртінші курста – оны іске асыру және кәсіби әрекеті жетілдіру. Кәсіби әрекетте ғана әртүрлі пәндереден алынған білімдер мен біліктер тоғысуы.
Біздің экспериментімізде, студенттер ғылыми-педагогикалық зерттеумен бірінші курстан бастап айналысады. Алғашқы педагогикалық практика кезінде-ақ студенттер мектептегі оқушылар тұлғасын зерттей отырып, олардың оқудағы және тәрбиедегі жетістіктерін талдауға үйренеді. Оның ішінде тәрбиеде ұлттық тәрбие элементтерін, ал білім мазмұнында халықтың танымдық тәжрибесінен алынған материалдарды пайдалануы жолдарын зерделейді. Жеке пәндердің ұлттық тәрбие беру әлеуетін анықтау бағытында олар рефераттар даярлайды. Айталық, «Математикадағы қарапайым халықтық есептерді шығару», «Қазақ халқының мақал-мәтелдеріндегі тәрбиелік тағлымдарды пайдалану», «Қазақ халқының салт-дәстүрлерін тәрбие жұмысында қолдану», «Қазақ халқының еңбек тәрбиесі» және тағы басқа тақырыптарға қысқаша рефераттар даярлап, жеке оқушыда қандай қасиеттерді және оқу-тәрбие үдерісінде қандай мазмұнды қарастыратындығына алдын-ала даярланады.
Екінші курсте, сынып жетекшілерінің көмекшісі ретінде сынып ұжымын түрлі әдістер арқылы зерттеп, әрбір сыныппен қандай жұмыс жүргізу керектігін анықтайды студенттер сыныптағы тәрбие жұмысындағы ұлттық нышандарды сараптайды, ресми жүргізілетін «Тәрбие шараларымен қатар», «Наурыз мейрамы және «Оқу-оқу түбі тоқу», «Өнер көзі - халықта», «Ауру – астан» сияқты тақырыптарға сыныптарда тәрбие сағатын өткізеді.
Үшінші курс студенттері өз тәлімгері – пән мұғалімінің іс-тәжрибесін зерделейді. Студенттер мұғалімнің сабақта ұлттық тәрбие жүргізу әдістерімен, тәсілдерімен танысады. Педагогикалық практикаға басшылық жасайтын мұғалімдердің халықтың тәрбие үлгілерінен жинақтаған материалдарының қолданылу жүйесін пайымдайды.
Төртінші курста студенттер пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, ұлттық тәрбие тағлымдары қарастырылған (кіріктірілген) тақырыпта курстық жұмыстар орындайды. Сондай-ақ, кейбір студент осы курстық жұмыс негізінде дипломдық жұмыс даярлайды. Әрине, бітіруші студенттің ғылыми жұмысына уақыттың жетіспеуі, ғылыми зерттеу әдістеріне жеткіліксіз үйретілуі, жаңа, сондай-ақ компьютерлік технологияны пайдалануға бағдарланбауы, сияқты кедергілер кері әсерін тигізуі мүмкін.
Тәрбие үдерісін ғылыми зерттеу логикасы басты екі сіндеттерді шешеді: а) зерттелетін тәрбие үдерісінің мақсаттарын қоюдың негіздерін анықтау; б) мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін құралдарын жүйесін сипаттау. Студент «зерттеу мақсаты» түсінігі терең игеру үшін эмпирикалық материалдармен жұмыс жасайды. Студент жеке тұлғаның қасиеттерінің қалыптасуы мен оның дамуы арасындағы тәуелділік қисынын түсінуге ұмтылады. Зерттеуші ретінде студент зерттеудің мақсаты жеке тұлғаға ұлттық тәрбие беру емес, сол тәрбиені іске асырудың ойдағы нәтижесі, теориялық жүйелі екенін аңғара бастайды. Кейде зерттеуші студент зерттеу мақсатын практикалық әрекет мақсатымен айырбастап алуы да мүмкін. Зерттеудің түпкі мақсаты оқушының бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың тиімді жүйесін ұсыну екенін дәлелді түрде ұғына алады. Зерттеу міндеттері – зерттеу мақсатын іске асырудың алгоритімі екенін нақты мысал арқылы көрсетіп, дәйектер арқылы нәтижесінің моделін сипаттаған жөн.
Студенттер зерттеумен айналыса отырып, гуманитарға ғылымдардағы ойлау әдістері мен стилін меңгереді, өз тәжрибесіне саналы қарауға бейімделеді, өзіне таныс емес тапсырмаларды орындауға дағдыланады.
Студенттердің ғылыми зерттеу жүргізуінің нәтижелі болуы үшін ғылыми жетекшісінің зерттеу саласын анықтап, жоба тақырыбын таңдауы қажет. Студенттер:
• мәселені анықтайды және зерттеу жұмысының жоспарын жасайды;
• ғылыми (психологиялық, педагогикалық) әдебиеттерді зерттеу тақырыбына сай таңдап, жинастырады;
• өз беттерінше әдебиетке талдау жасап, оны ғылыми жетекшімен біріге отырып талқылайды;
• зерттеу жүргізу ретін анықтайды;
• эксперимент жүргізу тәртібін жасайды;
• эксперимент жүргізеді;
• алынған нәтижелерді талдайды және оларды ғылыми есеп немесе көрсетілім түрінде даярлайды.
Студенттерді ұлттық тәрбие мәселелерін бағыттау мақсатында елімізде соңғы жиырма жыл ішінде жарық көрген қазақ халқының тәлім-тәрбиесінен хабардар ететін оқу құралдарын, әдістемелік әдебиетті ұсынып, оқушыларға дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экологиялық, экономикалық, азаматтық, патриоттық, құқықтық тәрбие беруге әлеуеті мол халықтың тәжрибе мен таныстыру қажеттігі туындайды. «Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері, ата-бабаларымыз ерен батыр, тамаша әулетші, мүсінші, суретші, ұста, зергер, шешен, би, күйші, ойшыл, ақын, жырау болған» - дер көрнекті ғалымдар Қ.Жарықбаев, С.Қалиев айтқандай, еліміздегі халық тәрбиесінің тәжрибесін, этностық педагогика жетістіктерін, білім беру мен тәрбие мазмұнының қлттық сипатын күшейтуге пайдалану XXI ғасыр педагогын зерттеуші етіп даярлауға үлкен септігін тигізбек.

Ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша есеп беру


ЖОО-да орындалатын барлық ашық ғылыми зерттеу жұмыстары қолданыстағы нормативті-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жатады. Ғылыми зерттеулер мен ғылыми өндірістік қызметке қызмет көрсетумен байланысты жұмыстар мемлекеттік тіркеуге жатпайды.
ҒЗЖ-ны орындау нәтижесі бойынша күнтізбелік жоспарда қарастырылған аралық және қорытынды есеп жасалады. Орындаушылар осы есеп мазмұнының шүбәсіздігі үшін жауап береді. Есепте нақты ақпараттар көрінуі тиіс:
- есеп кезеңіндегі ғылыми жарияланым саны;
- конференциялар мен тақырыптап тізбесі және оларда сөйленген сөздер;
- есеп беру кезеңінде қорғалған диссертация тематикасы.
ҒЗЖ нәтижесін бағалау:
- оқытушылардың ғылыми мақалалары мен монографияларының дәйектемелері;
- қаржыландырылған ҒЗЖ көлемі;
- зерттеулерді орындалуға грант мөлшері;
- жеке жоспарда белгіленген мерзімде диссертация қорғаған доктранттар, аспиранттар, магистранттар мен ізденушілер саны;
- ҒЗЖ есебі;
- ғылыми мақалалардың жариялану саны;
- ҒЗЖ-ға қатыстырылған студенттер саны;
- алынған патенттер санымен өткізіледі:
1. Әдебиетпен жұмыс әдістемесі.
2. Реферат жазу әдістемесі
3. Ғылыми мақала, есеп және баяндама жазу әдістемесі
4. Әдістемелік нұсқау, монография және тезистің құрылымы
Бүгінгі қоғамға өздігімен дамитын, кәсіби біліктілігін және әрекетін үнемі жетілдіретін маман қажет. Өзінің қызметінде жоғары алғырлық танытып, әлеуметтік-кәсіби білімді тез меңгеруге икемді, біліктілігі мен дағды шеңберін кеңейте алатын, әрекетінің жаңа аймағын меңгере алатын болуы шарт. Осындай нәтижелі сапалы білім беруде студенттердің өздігімен педагогикалық зерттеу жұмыстары ерекше орын алады.
Зерттеу әдебиеттен басталып, библиография құрастырылуы керек. Себебі әрбір зерттеуші әдебиетттермен таныса отырып, зерттеу жұмысына байланысты жетекші педагогикалық тұжырымды және теорияны анықтап алады. Студент ең басты негізгі әдебиеттерді кейін қосымша әдебиеттерді жинақтайды.
Әдебиетпен жұмыс жасаудың екі кезеңі бар. Бірінші кезеңінде зерттелетін мәселенің тарихи қалыптасуын зерттеу. Мәселен, дамуының кезеңгі кезеңдерін сипаттау; негізгі бағыттарын көрсету. Екінші кезеңінде зерттелетін мәселенің шешілмеген, зерттелмеген қандай мәселе қалды, бұрынғылар қандай қор қосты, олардың әдістемесі, дұрыстығы, қорытындылары мен ұсыныстарының мәні туралы айтылады. Зерттеуші өзі үшін нақты зерттеу жұмысының әдіснамалық базасын жасап алады.
Педагогикалық зерттеу үшін төмендегі жағдайларды ескеру керек:
Негізгі ғылыми ұғымдарды білуі және түсінігі болуы.
Терминологияларды пайдаланып фактілерге және құбылыстарға сипаттама бере алуы.
Негізі белгілері бойынша бір-біріне жақын фактілерді таңдай білуі.
Жалпы ғылыми ережелерге сай фактілерді іріктеуі.
Фактілер мен құбылыстарды талдап, саралап бере алуды үйрену.
Ұғымдарды дәл анықтау, ал ұғым ғылыми танымның жоғары сатысы болғандықтан ғылымның жеткен деңгейін тізеді.
Әртүрлі ғылыми зерттеудің нәтижелеріне сай дәлелдеулер беруді ескеру қажет. Әдебиеттермен жұмыс істеу барысында библиография құрастыру, андатпа, реферат жазу, конспектілеу, деректер мен цитаталар көшіріп алу сияқты жалпы ғылыми жұмыстың түрлерін орындалады. Әлеуметтік-қоғамдық өзгерістердің тез жүруіне байланысты соңғы жарияланған әдебиеттерді қолданған жөн. Студенттерге әдебетердің екі түрі : негізігі әдебиеттер және қосымша әдебиеттер таңдау ұсынылады. Негізгі әдебиеттерді жетекші беріп, оған негізі тақырыпқа сәйкес оқулықтар, оқу-құралдары, құжаттар көрсетіледі. Ал қосымша әдебиеттерді студенттің өзі таңдауы керек. Бұл үшін кітапханадан каталогпен жұмыс істеп ізденуі қажет. Қосымша әдебиеттерге журналдар, монография, брошюра, жинақтар жатады. Әдебиеттерді таңдауда арнаулы дәптер арнап альфавит бойынша орналастыруды дағдыландыру көзделеді. Әдебиетпен жұмыстың келесі кезеңдері бар.
1-кезеңінде алынған тақырыбыңыздың тарихын, бұрын қалай зерттелгеніне шолу жасау. Оның өзінде мына мәселелерге көңіл бөлу қажет: негізгі даму кезеңдеріне сипаттама беру; ұлы өзгерістерін бөліп көрсету; негізгі бағыттатырын атау.
Екінші кезең: таңдаған проблемаңыздың қазіргі таңдағы жағдайына талдау. Қандай проблема шешусіз қалды, пікірталас тудырады, әлде мүлде зерттелмеген бе? Негізін салушылар кімдер? Олардың әдістемесі, көзқарасының дұрыстығы, қорытындыларының мәні мен ұсыныстарының тиімділігі қарастырылады. Әдебиеттегі материалды дұрыс таңдау үшін бернеше рет оқу қажет. Бірінші оқуда материалдың көпшілік бөлігін түсінуді мақсат етіп, түсінбегенін белгілеу. Екінші рет оқуда ойланып, қайтадан оқу. Сөздіктерді қолданып, оқытушыдан консультация алуы қажет. Зерттеу жұмысында пайдаланылған әдебиеттердің тізімін құруда белгілі безендіру талаптары сақталуы керек. Оқулықтарды тізу үлгісі: Жарықбаев Қ. Психология. – Алматы: Санат, 1993. – 272 б.
Диссертациялық зерттеулерді жазу үлгісі: Менлибекова Г.Ж. Развитие трудового воспитания в дошкольных учреждениях Республики Казахстан (1960 – 1985.): дис.канд.пед.наук. 13.00.01 –Алматы, 1992. –208 с.
Редакция басқарылған жағдайдағы әдебиетті жазу үлгісі: Алексеев В.Е. Обучение учащихся элементам конструирования в процессе трудового обучения /Под. ред. П.Н.Андрианова. – М., 1972. – С. 102–104.
Интернет желісінен алынған жағдайда: Аронов А.М. Предметно-методологические основы компетентности педагога / Материалы конференции // www.conf.krasu
Педагогикалық баслымдарды пайдаланған жағдайда: Стеркина Р.Б. Преемственность должна строится по законом развития ребенка. // Учительская газета. –1998. – №19. – С.9-11.
Конференция материалдарын қолданған жағдайда: Жиенбаева С.Н. Еңбекке баулу мектепалды даярлығының өзекті мәселесі.// Психолого-педагогические проблемы формирование личности, экономики, материалы Республиканской научно-практической конференций. Алматы: – 2000, – 201– 202– б.
Әдебиетпен жұмыс кезінде кейбір қызықты мәліметтерді және фактілерді конспектілеп немесе цитаты, сілтеме түрінде беруге болады.
Андатпа (аннотация — (лат - ескертпе) мәні, мазмүны, формасы және басқа ерекшеліктері түрғысынан алғанда құжаттың немесс оның бөліктерінің қысқаша сипаттамасы. Андатпа түсінігіне энциклопедиялар мен сөздіктерде мынадай анықтама берілген: Андатпа — (лат аппоіаііо -ескертпе) кітаптың, мақаланың мазмұнын, саяси-идеялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қышқаша сипаттама. Андатпа арқылы кез-келген әдебиеттің зерттеу жұмысына қажет немесе қажет емес екендігін тез іріктей аламыз. Андатпа құру (аннотациялау) алғашқы құжаттарды аналитикалық-синтетикалық қайта өңдеу үдерісін қамтиды. Бұл үдеріс андатпа құрумен — екінші дәрежелі құжатпен аяқталады. Андатпа оқырманға таныс емес басылым туралы алдын-ала түсінік береді және оған қажетті мағлұматты іздестіруге, жинақтауға көмектеседі
Цитата — (лат. Сііо — келтіремін, шақырамын) — баяндалып отырған пікірдің дәлелді болуы үшін бір автордың шығармасынан алынған үзінді. Цитата ықшамды күйде алынады. Сөйлем ұзақ болған жағдайда керек жері алынып, қысқартылған сездер орнына көп нұкте қою шарты бар. Цитата өдетте тырнақшаға алынып жазылады. Ғылыми анықтама еңбектерде цитатаның алынған әдебиеті сілтемеде көрсетілуі тиіс. Мысалы: М.Жұмабаев «Жазылашақ оқу құралдары һәм мектебіміз» деген ғылыми-әдістемелік еңбегінде «мектебіміз белгілі берік негізге құрыла алмады. Бір жақтан – әліпби һәм ғылым, екінші жақтан – ұлт тілі, үшінші жақтан – орталық һәм машина негізінде құрылған еңбек мектебі деп жазды. Міне, қазақ осы күні үш оттың ортасында отыр» деп қынжыла ұлттық мектеп негізін құруды аңсайды [63, 125-б]. Цитатаның бір түріне эпиграф те жатады. Сонымен, цитата дегеніміз — кез-келген қандай да бір мәтіннен, мақала ішінен, кітап бөлімінен, ағартушы ойшылдардың нақыл сөздерін сөзбе-сөз, дәл алынған үзіндісі. Цитата берген кезде бір мәтіннің ішінде бірнеше пікірлердің өзара логакалық байланыста болса да, оларға цитата келтіруде бөлек-бөлек береді. Цитата келтірген кезде белгілі бір ойдың басталып кеткеннен кейінгі пікірі алынса, онда цитатаның алдына көп нүкте қойылады, ал егер сол мәтіңдегі абзац аяқталмай қалып немесе ой толық аяқталмаса көп нүкге соңынан қойылады.
Цитатаның тікелей емес цитата келтіру сияқты түрі де бар. Онда цитат келтіруші автордың сөзін сол күйінде алмай, тек ойын алып, оны өз сөзімен баяндап берсе, онда оған сілтеме жасалынады.
Сілтеме — сілтелінетін, (біреудің еңбегінде айтылған ескертушілік), «ссылочное примечание» — сілтеме ескертпе деген мағынаны білдіреді . Сілтеме - бұл белгілі бір автордың ой-пікірін өз жүмысымызда пайдалансак, онда оған сілтеме келтіріледі, яғни әдебиеттің тізімін қүрудағы альфавиттік реті және сол пайдаланылған бет саны жақша арқылы көрсетіледі. Мысалы, Төлеген Тәжібаев адам ойының қандай категориясыньң, қандай операциясы болмасын, ол түбінде объективтік дүниемен байланысып отыратындығын айтып көрсетті.
Конспектілеу дегеніміз — бұл белгілі бір кітаптағы, мақалалардағы маңызды ой-иікірлерді, керекті даталарды, фактілерді, атаулы күндерді, нақыл сөздерді цитата келтіру, сілтеме жасау арқылы қысқаша мазмұнын баяндап жазып алу. Әрбір адам конспектілеудің өзіндік ерекшеліктерін меңгере алады. Ол сөздерді қысқартып, белгілі шартты белгілермен анықтай отырып, цифрларды пайдалана отырып конспектілеуіне болады. Дегенмен, мұндай конспектілеу үлгісін сол адамның өзі ғана оқи алады (уақытты үнемдеу және жылдамдату мақсатында жүргізіледі). Конспектілеу неғұрлым толық жазып алуды көздейді және конспектілеудің бірнеше түрі болады:
Жоспарлы конспектілеу – кітаптың мазмұны бойынша конспектілеу, оның бөлімі, тараулары, тармақшасы бойынша жасалады.
Еркін конспектілеу– цитатыға сәйкес бір бөлігін өзіңіздің сөзіңізбен сілтемемен беру. Автордың сөзімен цитаты беріледі.
Текстуалдық конспектілеу– цитатыларды жинақтау түрінде берілетін конспекті, әдебиеттің негізгі мазмұнын автордың айтуымен басты идеялары көрсетіледі.
Тақырыптық конспектілеу – тақырыптың мазмұны бойынша цитаты әртүрлі әдебиеттерден таңдалып, авторлардың ойлары айдар бойынша топтастырлады.
1. Реферат– зерттеу нәтижесін жазбаша түрде жеткізетін зерттеудің бастапқы формасы. Реферат тақырыбын таңдау — ең жауапты кезең. Қазіргі кезде кептеген ғылыми салаларға байланысты тақырып таңдау теориялық немесе практикалық қайта өңдеуді, ғылыми түрғыдан қаншалықты жүрмыстар жүргізуге болады. Осындай кең саладағы жұмысқа кіріспес бұрын кімде-кім болса да нені қалай бастауға болатынын білмейді. Сонда да болса жалпы білімнің көлемі осы тақырыпты тандауға, ғылыми жүмыспен алғаш айналысатын тәжірибесі аз адамға көмегін тигізеді. Тақырып таңдағанда қай тақырып өзін қызықтырады соны ескерген дұрыс және оны басқа жақтан емес өзінің практикалық кызметінен іздеуі қажет.
Рефератта тақырыптың теориялық және практикалық мәні ашылады. Тақырып бойынша әдебиеттер талданады. Ғылыми материалдарға талдау жасалынып, олар бойынша қорытынды беріліп өзінің көзқарасымен бағаланады. Реферат зерттеушінің эрудициясын, өздігімен талдай білу біліктілігін, ғылыми ақпараттарды жалпылай және жіктей білу біліктілігін көрсетеді. Реферат жазуда цитаты қолданылады.
2. Ғылыми мақала – зерттеушінің ең көп тараған әдебиет түріндегі өнімі. Ғылыми мақала ғылыми журналдарда, ғылыми және ғылыми-әдістемелік жинақтарда жарияланады. Ғылыми мақалада ғылыми қортындылар, тұжырымдар және ұсыныстар беріледі. Мақаланың алғашқы бөлігінде зерттеу қорытындысының мәнді аспектілерін және педагогикалық практикада жүзеге асырудың жолдарын дәлелдеу керек.
3. Ғылыми есеп және баяндама. Ғылыми есеп беруге қойылатын талаптар: құрылымы нақты, айтылатын материалдар логикалы жүйелі орналасқан, аргументтері мол, ойын қысқа және нақты тұжырымды беруі, жұмыстың нәтижесі деректермен, қорытындысы дәлелдермен және ұсынысы негізделген болуы керек. Ал ғылыми баяндама – мазмұны бойынша ғылыми есеп беруге жақын. Бірақ ол барлық барлық зерттеу мәселелерін қамти алмайды. Бір ғана аяқталған бөлімін немесе аспектісін береді. Ғылыми есеп беру тәрізді безендіруге мән берілмейді. Тілі әдеби тілге жақын ауызша айтуға қолайлы болды.

10.3. Интернетпен жұмыс әдістемесі

Мақсаты: Ақпарат жинаудағы интернеттің орны және жұмыс істеу әдістемесін меңгерту

Жоспары:
1.Ақпарат жинау. Интернетпен жұмыс


2.Ақпарттық ресурстарды іздеу
3.Интернет жүйесін іздеу

Бүгінгі таңда Республикамыздың саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістеріне сай білім беруді жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі – білім беруді ақпараттандыру. Қазіргі уақытта республика мектептерін жаңа компьютерлік технологиямен қамтамасыз ету жұмыстары жүзеге асырылып, ақпараттық технологияны қолдану мен оны енгізу саласында, балалардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру мақсатында информатика курсын мектепке дейінгі кезеңнен бастап үйретуді жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсетілген Шетелдік және отандық әдебиеттерді талдау барысында педагогтың компьютерлік сауаттылық деңгейін анықтау үшін мамандығы информатикамен байланысты емес педагог бағдарлама құра алуы тиіс пе деген сұрақ төңірегінде жасалған түрлі қадамдар байқалды.


Көптеген қазіргі зерттеушілер компьютерлік сауаттылықтың негізін бағдарлама жасай алу машығы емес, компьютерді қолдана алу, оқыту үдерісінде қажетті компьютерлік бағдарламаны таңдай алуы деп санап келді.
Бізідің ойымызша, мұғалім ең алдымен өз саласының білікті маманы болуы тиіс, олай болмаған жағдайда мақсатын айқындап, міндеттерді қоя алмайды, зерттелетін құбылыстар жайлы үлгі құра алмайды, алынған нәтижелерді түсіндіріп, өз кәсіби қызметінде жаңа ақпараттық технологияларды ұтымды пайдалана алмайды, сондай-ақ өз біліктілігін тиісті деңгейде көтере алмайды .
Мұғалімнің мамандық ерекшеліктігін ескере отырып, оқу үдерісінде есептегіш техника құралдарын қолдануға дайындығы міндетті (минималды) білім көлемін, компьютерлік оқыту технологиясының негізгі әдістерін сенімді қолдануына мүмкіндік беретін дағдылар мен машықтарды қамтуы керек. Ақпараттық мәдениет – бұл ең алдымен әдістемелік, дүниетанымдық, жалпы мәдени, гуманитарлық, арнайы және әдістемелік аспектілерді қамтыған ақпаратты өңдеу үдерістерінің мәнін түсіну.
Ақпараттандыру – әр түрлі ақпараттық қорларды қалыптастыру мен пайдалану негізінде азаматтардың, мемлекеттік өкімет органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің құқықтарын жүзеге асырып, олардың ақпараттық талаптарын қанағаттаттандыру үшін тиімді жағдай жасау жолында ұйымдастырылған әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық үдеріс.
Қазіргі кездегі жаңа ақпараттық технологиялар – компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
Бүгінгі таңда ақпарат жинау көзі ресейде, елімізде, шетелде кең тараған аналитикалық ақпараттар, содан кейін фактілі, статистикалық ақпараттар басым. ПК көмегімен екі негізгі ақпараттық ресурс бар. СД және ДБД компакт дискдегі мультимедиялық электрондық энциклопедия оның ішінде көп томды «Британика» 4 компакт-диск кездеседі.

10.4. Курстық жұмыс және оларды орындау әдістемесі

Мақсаты: Студенттерге курстық жұмыстың түрлері және орындалу әдістемесімен таныстыру

Жоспары:
1.Курстық жұмыстың мақсат міндеттері


2.Курстық жұмыстың құрылымы және орындалу әдістемесі
3.Курстық жұмысты безендіру жолдары
4.Қорғаудың ережелері

Қазіргі таңда болашак педагогты жан-жақты кәсіби шеберлікпен дайындау мөселесі бүгінгі күн төртібіндегі көкейкесті мәселелердің бірі. Педагогтың кәсіби шеберлігінің бір саласы оның шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуында, күнделікті педагогикалық жағдайларды талдап шеше білу және өскелең үрпақтың оқу мен тәрбие қүралдарын, жолдарын анықтап білуінде.


Бұл іскерлікті жүзеге асыру үшін студенттер институт, университет қабырғаларында жүргенде курстық жұмыстар, соңғы курстарда дипломдық жүмыстар орындайды.
Курстық жұмыcтың мақсаты — студенттердің логикалық ойлау шығармашылық қабілеттерінің оқу-тәрбие үдерісіндегі дағдысын, ғылыми-зерттеушілік шеберлігінің деңгейін, теорияны практикамен ұштастыра білу мүмкіншілігін практикада қолданып қалыптастыру. Енді осы жоғарыда аталған курстық жүмыстың түрлеріне жеке-жеке тоқталып өтейік:
Теориялық-логикалық сипатгағы курстық жүмыстар. Берілген әдістерді терең оқу арқылы бір ғылыми мәселенің ашылу жағдайын қарастырады. Студенттер мүндай жұмыстарды орьндай отырып, библиографиялық ізденіс жасай білуі керек. Әдеттегі берілген материалдарға талдау жасайды. Зерттелінетін мәселе бойынша ұсыныстар жасап, жаңа идея ұсына алады немесе бұрынғы идеяға түзету енгізеді қорытынды жасайды.
Тарихи логикалык сипаттағы орындалатын курстық жұмыстар. Белгілі бір кезеңдегі өскелең ұрпақтың тәрбие жұмысын қалыптастыру заңдылықтарын, нәтижелерін, мақсатын зерттеу. Мұндай типтегі курстык жұмыстарды негізінен тарих, философия факультеттерінің студенттері белгілі бір тарихи құбылыстың мән-жайын, тарихи оқиғаның шығу себептерін, педагогика тарихы, баспасөз тарихы туралы мәселелерді зертгеу барысында орындайды. Бүл жағдайда тарихи ғылымдарда пайдаланатын зерттеу әдістері қолданылады. Олар: тарихи материалдарды тарихи теориялық түрғыдан талдау, жүйелілік талдау, құрылымдық талдау, статистикалық талдаудан тұрады

10.5. Дипломдық жұмысты орындау әдістемесі

Мақсаты: Студенттерге диплом жұмысының теориялық негізі және әдістемесін үйрету.

1. Диплом жұмысының мақсат-міндеттері.


2. Диплом жұмысының орындалу әдістемесі.
3. Диплом жұмысын безендіру жолдары
4. Қорғаудың ережелері.

Зертгеу жүмыстары, оның ішінде дипломдық жүмыстарды орындауды үйымдастыру, эксперимент жүргізу, студенттерді дайыңдау, эксперимент жоспарын қүра білу, балалармен зерттеу жүргізудің әдіс-тәсілдерін меңгеру, эксперимент қорытындысын өңдеу сияқты зерттеу жүмыстарының өзіндік өлшемдік мәселелерін көптеген ғалымдар өз еңбектерінде зерттеді (И.Д.Андресв, Ю.К.Бабанский, В.И.Журавлев, Н.А.Сорокин, Н Е.Соколова, В.И.Смирнов, А.Д.Оришин, В.И.Загвязинский, В.В.Краевский, М.Н.СкаткиІІ, Я.С.Турбовской, В.В.Ншшмов, Н.И.Болдырев, Ш.Т.Таубаева, З.А.Исаева, С.Н.Лактионова, Н.Д. Хмель, В.А.Сластенин, Қ.Аймағамбетова, Г.М.Храмова, С.Т.Каргин, Л.Н.Маркина, В.К.Омарова, Д.М.Джүсубалиева, және т.б.).


Аталған ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып эксперименттік жүмыстар, оның жүргізілу шарты, мақсат-міндеттерін анықтау мәселелеріне тоқтала келе, дипломдық жүмыстарды орындау үдерісінің бірнеше мөселелерді шешумен байланысты екенін анықтадық. Дипломдық жүмыстарды орындау бірнеше кезендерге бөлінеді. Әр кезеңнен аттап өтуге болмайды. Әр кезеңнің мазмұны жүмыстың жоспарын белгілейді.
Дипломдық жүмысты орындау реті бірізділікті қажет етеді: Зерттеу тақырыбын таңдау, оның өзектілігін негіздеу, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау, зерттеу нысанасын белгілеу, нысана туралы білімдерді игеру, мәселені кетеру, зерттеу пәнін анықтау, болжам жасау, зерттеу жоспарын құру, зерттеу әдістерін анықтау, белгіленген жоспарды жүзеге асыру, болжамды тексеру, зерттелінер насынаны түсіну үшін мәселенің маңыздылығын анықтау, табылған шешімнің практикада қолданылуының мүмкіндіктерін анықтау.
Студенттердің диплом жұмысын таңдаудың нұсқалары
1. Студент оқытушының жетекшілігімен курстық жұмыс, ғылыми конференцияларға мақала дайындағанда, педагогикалық практикада кездескен проблемаларға байланысты бірлесіп таңдауына болады.
2. Студент зерттеу бағытын және осы мәселемен айналысып жүрген ғылыми жетекшіні таңдайды, бірақ кафедра меңгерушісіне өтініш жазады.
3. Оқытушы студенттің зерттеуге қызығуын және мүмкіндігін ескере отырып, диплом жұмысының тақырыбына проблемаларды ұсынады және оның келісуімен тақырыбын және ғылыми жетекшісін кафедра мәжілісінде бекітіледі.
4. Кафедраның айналысып отырған зерттеу тақырыбы мен жобаларына байланысты студенттердің диплом жұмыстарының тақырыбын шығаруға болады. Бірақ олардың ғылыми қызығушылығы мен мүмкіндіктері ескерілуі шарт.
5. Кей жағдайда студент өзіне зерттеу бағытын таңдайды, бірақ кімді ғылыми жетекші ретінде таңдауды білмейді. Ондай жағдайда кафедра меңгерушісіне кімді ұсынатынына өтініш білдіреді.
6. Студент ешқандай тақырып таңдау туралы ойын білдірмейтін жағдайлар кездеседі. Ондай жағдайда кафедра меңгерушісі факультет деканымен бірлесіп студентпен әңгімелесіп тақырыбын және ғылыми жетекшіні таңдауға бағыт береді немесе бекітеді.
Студенттердің дипломдық жұмысының ғылыми аппараты:
Тақырыптың өзектілігі
Зерттеу проблемасы
Диплом жұмысының нысанасы және пәні
Мақсаты
Зерттеу болжамы
Негізгі міндеттері
Мақсат және міндеттерді шешу жолдары
Жаңалық элементтері
Пратикалық мәні.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау. Зерттеу жұмысының негізгі тақырыбына қарай оның мақсаты анықталады. Мақсат тақырыптың мазмұнын ашып көрсететіндей болу керек, ал міндеттер сол мақсатқа жету жолындағы бірнеше кезеңдерден өту жолын керсетеді. Міндеттер әдетте 3-4 пункттен тұрады
Зерттеу объектісі— педагогикалық құбылыс шеңберіндегі зерттелінетін мәселе. Бұл жерде негізгі сұрақ "кім?" және "не?" зерттелінетіні туралы болуы керек. Зерттеу нысанасының қызметі зерттелінетін қүбылыс шеңберінде болады.
Құбылыстың немесе әрекеттің неге бағытталатынын анықтау үшін эксперимент мәнін анықтау керек. Эксперимент аспектісі негізінде жаңа теория, жаңа білім алынады. Зерттеу пәні зерттелінер құбылысты немесе әрекетті білдіреді. Зерттеу пәні, оны анықтау мәселелері, экспермент жүргізу, мөселені анықтаумен тікелей байланысты. Жоғарыда аталып келтірілген ғалымдардың зерттеулеріне сүйене келе зерттеу пәнін анықтауда зерттеушіге, яғни студентке немесе мұғалімге жауапты іс жүктеледі.
Мәселені көтеру. Дипломдык жүмыстарды орындау барысьнда бір немесе бірнеше мөселе болуы мүмкін. Негізгі мәселені көтеріп, жан-жақты ашып беру зерттеу жүмысынъң құндылығы болып табылады.
Болжам жасау. Зерттеу пәнін алдын-ала белгілеп, "мынадай жүмыстарды жүргізгенде, осындай нәтижеге қол жеткізуге болады'', - деп, алдын-ала болжам жасап айту.
Педагогикалық әдебиеттерде гипотезаға әр түрлі анықтамалар берілген: Гипотеза — (грек, һуроіезік — негіздеу, болжау) деген мағына береді. Ғылым дамуының формасы, құбылыстың себебін зандылыққа сәйкес сипаттау. Болжам (версия) — болған істің ақиқатын анықтау үшін жазылған бір немесе бір-бірінен айырмашылығы бар бірнеше мағлұмат. Яғни болжам жасау дегенімізден шығатын қорытынды бір айқындалмаған істі немесе құбылысты, жалпы мәселені шешу үшін фактілерге сүйене отырып, алдын-ала жорамал жасау.
Зерттеу жоспарын құру барысында мақсат-міндеттер негізінде тақырыпқа байланысты теориялық негізі жасалып, педагогакалық экспериментті жүзеге асыру жоспары құрылады.
Зерттеу әдістерін анықтау. Зерттеу әдістемесі тақырыпқа байланысты бірнеше әдістерден тұрады. Жұмыс барысында зерттеу әдістерін дүрыс тандап және оны ғылыми тұрғыда ұйымдастыру керек. Зертгеу әдістерінің нәтижелерін өндеуден еткізу, талдау жасау, жұмысты қорытындылау қажет.
Белгіленген жоспарды жүзеге асыру. Зерттеу тақырыбының, міндеттерінің негізінде зерттеу насынасына алдын ала жоспарланған ғылыми болжамда көрсетілген пункттерді практика нөтижесінде көру.
Болжамды тексеру. Жоспар бойынша эксперимент жүмысының нәтижесінен кейін бақылау эксперменті негізінде алдын-ала жасалынған ғылыми болжамның дәлдігі, айқьндығы анықталады. Болжамның дұрыстығын зерттеу жұмысында мақсатқа жету деп түсіндіріледі.
Табылған шешімнің практикада қолданылуының мүмкіндіктерін анықтау. Зерттеу нәтижесі бойынша белгілі бір шешімге келу және сол шешімнің дұрыстығына, ақиқаттылығына, дәлелдігіне көз жеткізе отырып, нәтиженің практикалық маңыздылығын анықтау. Оны басқа да зертгеушілер өз іс-тәжірибесінде қолдануына жағдай жасау, әдістеме ұсыну.
Дипломдық жұмыстарға қойылатьш талаптар:
Студенттердің орындайтын дипломдық жұмыстары - ғылыми жұмыстар болып табылады. Сондықтан ғылыми жүмыстардың реті, оларды орындауға қойылатын арнайы талаптары анықталған. Ғылыми жұмыстың ғылыми негізде болуы үшін тақырып таңдағанда да, әдебиеттермен жұмыс жүргізгенде де, оның жоспарын құру кезінде де, жалпы жұмысты жазу барысында оның көлемінің белгілі бір ретте болуы, барлық зерттеу жүмыстарының ғылыми дәрежеде безендірілуі, эксперимент қорытындысы мен нәтижелерінің талдау-жинақтаудың зерттеу құндылғын арттыратьндай дөрежеде болуы, ғылыми-зерттеу жұмыстарьна қойылатьш шарт болъш табылады
Сонымен дииломдық жүмыстарға қойылатын негізгі талаптар: дипломдық жұмыс 50-60 беттен кем болмауға тиіс. Бет саны компьютер басылымымен есептелінеді. Негізгі мәтінге жоспары, әдебиеттер тізімі, қосымшалар кірмейді. Дипломдық жұмыстарда пайдаланылған әдебиеттер саны 30-40-тан кем болмауға тиіс. Әдебиеттерге ғылыми еңбектер жинағы, монография, конференция материалдары, газеттер мен журналдағы басылымдар, кандидаттық және докторлық диссертациялар және олардъң авторефераттары жатады. Дипломдық жүмыс графикке байланысты кезең бойынша орындалады. Студент жұмыстың орындалу барысы туралы әр кезең бойынша жетекшіге есеп беріп, одан кеңес алып отырады. Дайын жұмыс пікір берушіге толық безендіріліп, компьютерге басылған, түптелген кафедраның графигіне сай беріледі. Қорғауға дейінгі 7 (жеті) күннен кешіктірмеу керек. Жұмыстьң жобасы дайын болғанда алдын-ала қорғаудан өтеді. Қорғау комиссия мүшелерінің қатысуымен өтеді. Дипломдық жұмысты қорғау кезінде ғылыми жетекшісінің берген пікірі мен тәжірибе жүргізген балабақшадағы тәрбиешінің пікірі ескеріле отырып, комиссия мүшелерінің шешімімен бағаланады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет