Дәрістер мазмұны 1-дәріс. «Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдістері»


-дәріс. Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің нәтижелерін оқу-тәрбие практикасына ендіру жүйесі



бет93/127
Дата22.12.2023
өлшемі1,7 Mb.
#198510
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   127
Байланысты:
Лекции

11-дәріс. Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің нәтижелерін оқу-тәрбие практикасына ендіру жүйесі.
Дидактикалық зерттеудің нәтижелерін сынақтан өткізу және енгізу. Апробация - бұл шынайылықты дәлелдеу, жұмыс нәтижесіне оппоненттердің сындарлы бағасы, сыны. Апробация кезінде жұмыстың мәнін бағалау, ұғыну және туындаған сұрақтардың есебі, оң және сын пікірлер, қарсылықтар мен кеңестер орын алады. Олар жұмысты одан әрі жетілдіруге ынталандырады, негіздемесін тереңірек дәйектеп немесе зерттеу қағидаларын дәлелдеу тәсілдерін қайта қарауға мүмкіндік береді. Апробация болжамның дұрыстығына көз жеткізуге немесе оны жөндеп қайта қарауға көмектеседі. Сонымен қатар ұсыныстарды, ескертулерді, кеңестерді ескеруге мүмкіндік жасайды, сөйтіп жұмыстың сапасын жақсартуға, нәтижені барынша дәлелді, сенімді етуге мүмкіндік жасайды. Әсіресе, оппоненттердің проблемалық, келешек үшін маңызды, мақсатты, жаңа аспектілерге, дәлелдеудің жаңа деңгейіне бағдарланған сұрақтары - өте құнды болып табылады. Мұнда зерттеу жұмысын барынша анық, түсінікті етіп баяндауды ойластыру өте маңызды.
Кезкелген ғылыми проблеманы шешудің міндетті элементі жасалған қағидалар мен идеяны дидактикалық практикаға ендіру болып табылады. Зерттеуші ғылыми ізденісінің соңғы қорытынды кезеңінде диссертациялық зерттеу нәтижесінде алынған нәтижелерді жинақтап, болашақта қолдану мүмкіндіктерін қарастырып, практикада жүзінде меңгеру жолдарын ойластыруы керек. Ғылыми зерттеу жұмысы аяқталғаннан кейін практикаға ендіру үдерісі дәлелденген, тексерілген зерттеу нәтижелерін, қорытындылар мен ұсыныстарды өмірде жүзеге асыру арқылы жалғастырыла беруі керек. Зерттеу нәтижелерін практикаға енгізудің табысты болуы, теориялық және әдістемелік ұсыныстарды және тұжырымды нақты норматив, ереже және әдістемелік ұсыныс, тұжырымдама, ұйғрым деңгейіне жеткізу бәрінен бұрын зерттеушінің дайындығына байланысты анықталады.
Әдістемелік ұсыныстар әдетте педагогикалық практикада оқулық, оқу-әдістемелік құралдар және әдістемелік құрал, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жазу жолымен жүзеге асырылады.
Зерттеу нәтижелерін практикаға енгізу үдерісін бірнеше буынға бөлуге болады:

  • практиктердің зерттеу қорытындыларымен және ұсыныстармен танысуы;

  • оған қызығушылық, жағымды қатынастың қалыптасуы;

  • лауазымды тұлғаларды оларды пайдалана білуге, жаңа идеяны, ережелерді, әдістері мен тәсілдерін практика жүзінде және студенттерді оқытуда қолдануға практикалық үйрету;

  • Оларға зерттеу нәтижелерін білім беру үдерісіне белсенді түрде енгізуді ұсыну және оны бақылауға алып отыру;

Бұл буындардың барлығы да зерттеу нәтижелері туралы ақпаратты да, оларды жаппай практикаға ендіруді ұйымдастыруды да қамтиды. Ғылыми ізденістің жүрісі және қорытындысы туралы ақпарат алудың негізгі көздері зерттеушінің немесе һзге мамандардың лекциялар оқып, лауазымды тұлғалар алдында оларды қызықтыратын материалдармен, ғылыми хабарламалармен шығуы болып табылады.
Ғылыми нәтижелерді сынақтан өткізу мен практикаға енгізудің мынадай жолдары бар:

  • алынған нәтижелердің республикалық, шетелдік баспасөзде, энциклопедиялық басылымдарда жариялануы;

  • педагогикалық қауымдастық алдында халықаралық, республикалық, аймақтық конгресстерде, симпозиумдарда, ғылыми-практикалық конференцияларда, сминарларда, тренингтерде, педагогикалық оқуларда, слеттерде, білім беру қызметкерлерінің съездерінде, жоғары оқу орны ПОҚ (профессор-оқытушылар құрамы) алдында конференциялар мен семинарларда, білім беру қызметкерлерінің август конференцияларында баяндамалар жасауы;

  • зерттеудің негізгі қағидаларын кафедра, лаборатория, ҒЗИ- ның, ЖОО-ның Ғылыми кеңестерінде, орталықтарда, педагогикалық кеңестерде, мектептердің педгогикалық кеңесі мен әдістемелік бірлестіктерінде, ҚР Білім және Ғылым министрлігінің, өзге де салалық ведомстволардың коллегияларында, магистранттардың, докторанттардың әдіснамалық семинарларында талқылау (жасалған шараларды өткізу және нәтижелер жоспарына сай болуы);

  • ЖОО-ның, колледждердің, мектептердің оқу-тәрбие үдерісіне бағдарлама, оқулық, әдістемелік ұсыныстар, стандарт, пән бойынша ОӘК енгізу (енгізу туралы акт бойынша);

  • Республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми жобаларға қатысу (ҒЗЖ ның бағдарламасы, жарияланымдар, ҒЗЖ есептері, № мемлекттік тіркеу болуы);

  • "Жылдың үздік оқытушысы" конкурсында грантқа ие болу, "Жылдың үздік мұғалімі" және Ы. Алтынсарин, М. Әуэзов атындағы сыйлықтар конкурсына қатысқаны туралы құжаттардың болуы, акимат, үкімет, Президент конкурстарын қатысқаны туралы құжаттарының және еңбектерінің тізімінің болуы;

  • ізденушінің қызметі туралы, шығып сөйлегендері туралы және т.б. (шығыс деректерімен);

  • салалық, салааралық және халықаралық ұйымдардың (академиялардың, университеттердің, институттардың және т.б.) мүшесі болуы;

  • еңбектеріне жасалған сілтемелердің болуы (түпнұсқадан көшірмесі);

  • ізденушінің ғылыми еңбектері туралы оңды пікірлер;

  • зерттеу тақырыбы туралы радио, телебағдарламаларда, газеттерде жариялануы;

Демек, зерттеу нәтижелерін және ғылыми ұсыныстарды практикаға ендіру педагог-зерттеушінің әдіснамалық мәдениетінің бір мезгілдегі мазмұндық та, іс жүргізушілік те компоненттері болып табылады.
Ғылыми танымның түсінік аумағын анықтау үшін зерттеуші термин, дефиниция, ұғым және категория сөздерінің мағынасын түсініп, білуі керек. Ұғым -ақиқат өмірдің таным үдерісінде бейнеленуінің бір түрі. Ұғым ғылымда бірден орнықпайды. Олар ақиқат дүниенің және эмпирикалық тәжірибенің мәнін түсінудің нәтижесі сол немесе өзге ғылымның бөлігі ретінде қалыптасады. Термин - ұғымның ғылымның даму бағытының нақты шегіндегі басқа ұғымдармен арақатынасын ашуға арналған сөз, сөз тіркесі және белгілер арқылы айтылуы. Ғылыми терминология белгілі бір өзіне тән тәртібі болады. Жинақталған білімдер жүгі ғалымдарға педагогиканың ғылыми терминологиясының барлық жүйесі өзара байланысты түсініктер блогын құрайтын бірнеше терминдерден тұрады деп сендіруге мүмкіндік береді.
Осы кезге дейін "ұғымның" нақты ғылыми категория ретінде мәнді түсінік берілмеген, сондықтан оны былайша қарастырады:

  • ғылыми зерттеулерді жинақтау, пәннің мәнін көрсететін зерттеу пәнінің танымдағы зерттеу аппараты;

  • педагогикалық құбылыс туралы белгілер жүйесі түрінде дәл грамматикалық рәсімдеу;

  • елеуші қасиеттерді кескіндейтін ойлау формасы, педагогикалық құбылыстар және педагогикалық құбылыстар мен олардың қайшылықтарының байланыстары және дамуы;

  • кейбір кластар педагогикалық құбылыстарын олардың ортақ белгілері негізінде жалпылаушы және айқындаушы ой (ойлар жүйесі);

  • сезіммен қабылданған жалпы ортақ қасиеттері бар педагогикалық құбылыстар мен үдерістерді қысқарту;

  • педагогикалық ойлаудың даму сатысы ғылыми-зерттеу мәдениетінің элементі және педагогика ғылымның дамуының негізгі кезеңі ретінде;

Мұндай толық емес тізімнен ұғымның педагогикалық нысанның (құбылыстың, үдерістің немесе жүйенің) табиғатын ашатын, аяқталып қалған және біткен бірдеңе емес, оның өз ішінде даму мүмкіндігінің бар екенін көруге болады. Сондықтан педагогикалық ғылым терминологиясы түсініктілік аппараттың дамуы есебінен байитыны кездейсоқ емес.
Дидактикалық ұғым – бұл дидактикалық нақтылықты тану үдерісінің дидактикалық құбылыстардың, үдерістердің немесе жүйелердің жалпы, арнайы белгілері бойынша тиянақтау арқылы алынған нәтижесі.
Дидактикалық термин – бұл дидакт-зерттеушілердің қабылдаған және заңдастырылған дидактика ғылымындағы белгілеу, атау немесе қандай да бір дидактикалық ерекшеліктің (феномен) аты.
Дидактическая анықтама (дефиниция) дидактикалық ерекшеліктің (феномен) ерекше, өзіне тән белгілерін айқындайтын маңызды белгілерін суреттейтін, оның мәнін ашатын шама. Сол бір дидактикалық терминге дидактикалық фенменді зерттеу мүмкіндігінің күшіне қарай сол немесе өзге теориялық-әдіснамалық көзқарас тұрғысынан әртүрлі анықтамалар берілуі мүмкін. Кезкелген ғылымның даму үдерісінде ұғымдар бірігеді, іріленеді және ғылымның неғұрлым жалпы, іргелі, бұдан өзге де белгілі бір ғылымда қолданылатын ұғымдар пайда болатын "тектік" түсінігіне, категориясына қарай өзгереді.
Ұғымдық-терминологиялық жүйе диагностика және түрлену әдістерімен, әдістемесімен, алгоритмімен, модельдермен қатар, зерттеудің ғылыми аппаратының бір бөлігін білдіреді.
Келесі рәсімді келтірген пайдалы деп есептейміз:

  • үдерістің маңызды аумағын бейнелеуге жеткілікті болатын зерттеудің базалық ұғымдарының шеңберін (тізімін) анықтау. Олардың ішіне зерттеу ерекшелігіне орай білім беру, әлеуметтендіру, дербестендіру, тәрбиелеу, оқыту үдерісінде тұлғаны дамыту, қалыптастыру, ақпарат, оқыту, ынталандыру, парадигма және т.б. сияқты ұғымдар да кіруі мүмкін;

  • мағыналық толықтыру бойынша базалық ұғымдардың мәндестігін орнату, егер мәндес болмаса, онда оған анықтама және түсінік беру;

  • зерттеу авторының енгізген авторлық ұғымы және авторлық түсіндірмесін айқындау және түсіндіру.

  • туынды ұғымдарды айыра білу. Мысалы, "әлеуметтендіру" базалық ұғымымен қатар әлеуметтік бейімделу, әлеуметсіздену, ауытқу, әлеуметтік тәртіп және т.б.

  • ұғымдардың белгілі бір түсінік матрицасы, түсінік қатары сияқты логикалық қатарын түзу. Мұндай қатарды түзудің негізі әрекет теориясы, тұлғалық-әрекеттік тұғыр, мақсатты - бағдарламалық басқару теориясы және т.б.сияқты негізқалаушы теориялар болуы мүмкін.

Зерттеудің ұғымдық аппаратын қалыптастыру төрт түйінді кезеңге бөлінеді:

  • зерттелуші үдерістің және ұғымның тұтас, сонымен қатар оның компоненттері немесе аспектілерін айқындайтын құрылымын (ұғымдық матрица) анықтау;

  • ұғымның мазмұнын, олардың белгілі немесе жаңа енгізіліп отырған терминдер арқылы терминологиялық айтылуын анықтау, оларды негіздеу;

  • категорияларға (негізгі, базалық ұғым) бөлу, категориялық-ұғымдық жүйе түзу;

  • ұғымдық жүйе элементтерінің өзара қарым-қатынасын, оның зерттелуші үдерістер мен құбылыстардың тереңдік және тұтастық дәрежесін ашу.

Дидактикалық зерттеулер педагогикалық болмысты теориялық зерделеу мен сипаттаудың түрлерінің бірі бола отырып, зерттеу пәнінің табиғаттың ерекшелігін жиынтықтап ашатын ұғымдық бейнесінен басталады.
Ұғымды таңдау зерттеу нысаны қарастырылатын көру бұрышы ретінде анықталады. Сондықтан ұғым арқылы айқындалған дидактикалық құбылыстың мәні таңдалып алынған авторлық көзқарастың зерттеудің мақсаты мен міндеттері анықтайтын туындысы болып табылады. Зерттеу міндеттерінің тіпті бір пәннің болса да әртүрлілігі дидактикалық болмыстың бейнеленуінің әртүрлі аспектідегі алғашарттарын жасақтайды.
Ұғымды таңдау барысында зерттеуші ғылыми терминологияға қойылатын жалпы талаптарды ескеруі керек:

  • дәлдік - мағынаның біртектілігі;

  • анықтық (айқындық) - өпедагогикалық нысанның өте жақсы белгілері мен сапаларын бөліп ала отырып, анықтама беруге мүмкіндік;

  • жүйелілік ұғымның педагогика ғылымының ұғымдық аппаратындағы орнын анықтау.

Категория, термин немесе ұғымды жиі анықтау ғылыми-зерттеу әрекетінің теориялық мәнді нәтижелерінің түрлерінің бірі ретінде қарастырылады.
Ұғымдық-терминологиялық жүйенің маңызды сипаттамаларының қатарына төмендегілер жатады:

  • педагогикалық құбылыстың мазмұныны ашудағы аспектілік тазалық;

  • ұғымның пәндік анықталғандығы;

  • ұғымды талдаудың бірмәнділігі;

  • өнімділік зерттеу нәтижелерін анық көрсетудің құралы ретінде ;

  • терминдерді бірегейлендіру, яғни мағынасы мен мәнін тәртіпке келтіру.

Зерттеушінің таңдап және реттеген ұғымдардың барлық жүйесі категориялар төңірегінде - біршама терең және жалпылама деңгейде құрастырылған жүйенің негізі ретінде шоғырланған.
Байтылған, логикалық рәсімделіп айтылған ұғым мазмұны қарастырылып отырған нысанның тегі, зерттеудің пәндік аумағы көрсетілген және түрінің айырмашылығы, маңызды белгілері арқылы анықталған және қасиеттері айқындалған анықтама болып табылады.
Ұғымдық қатарды, жекелеп алғанда терминологиялық материацаны жасақтаудың басқа да бағдарлаушы алгоритмі төмендегі амалдардан (операциялардан) тұратын әдістері бар:

  • базалық ұғымдар тізімін жасау;

  • бірдей параметрлерді анықтау үшін салыстырмалы аналитикалық мәліметтер матрицасын құру;

  • матрицалар координаталары бойынша мәліметтерді ойша іздеу және жоқ мәліметтерді анықтау;

  • терминдерді жинаудың толықтығын және толық еместігінің есебі және осының негізінде проблеманың жасақталуының бағасы;

  • ғылыми ізденістің келесі міндеттерін анықтау және нақтылау.

Ұғымдар қатарының логикалық құрылымын жасауда зерттеушінің ақырында зерттеу пәнін түсінуде және оның табиғатын ашуда түбегейлі өзге ұғым алуы маңызды. Зерттеуші ұғымдық жүйе құруда аспектілік тазалықты және пәндік анықтылықты басшылыққа алуы керек.
Зерттеуші ұғымды талдауға, бәрінен бұрын зерттеу проблемасын талдау кезеңінде қарайды. Мұнда терминдер қорынан негізгі, одан кейін негізгіден жоғары тұратын жалпы түсінік ескеріледі, орталық базалық ұғымдарды айырықша бөлуге болады (олар бірнешеу болуы мүмкін) және шалғай, шеткері ұғымдар қарастырылады.
Алғашқы кезеңде зерттеуші библиографиялық дерек көздерін іздеу мақсатында зерттеу проблемасы айқындалған ұғымдарды таңдаудан бастайды. Қорытынды кезеңде ол ұғымдардың анықтамасына, мазмұнына, көлеміне, басқа ұғымдармен байланысына және практикалық әрекет туралы түсінікке түзету енгізу үшін қайтадан ұғымға назар аударады.
Диссертация жұмысын бірізбен, ретті және жүйелі жүргізуді қамтамасыз ету үшін төмендегіше зерттеу бағдарламасын жасау қажет:

  1. Ғылымда бұл проблема туралы не белгілі?

  2. Оқытудың бұл бағытында (аспектісінде) практиканың жағдайы қандай?

  3. Проблема бойынша жетекші идеяның даму тенденциясы қандай?

  4. Зерттеудң жетекші идеясы ретінде ретінде нені алуға боады?

  5. Зерттеушіге ұжымда өз көзқарасын қалай насихаттауға болады?

  6. Педагогикалық жаңалықтардың қандай тиімділік критерийлерін таңдау керек?

  7. Зерттеудің әртүрлі кезеңдерінде зерттеу жұмысының әдістері және мазмұны қандай болады?

  8. Эксперимент, ізденіс нәтижесінде ең жоғары объективті мәліметтерді қалай, қандай жолмен алуға болады?

Осының барлығы ғалым-дидакттардың оқыту проблемасын зерттеуі барысындағы жалпы көқарастарын анықтайды. Олар зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесі түрінде көрінеді.
Таңдалған зерттеу объектісі мен пәніндегі қарастырылып отырған мәселенің өзектілігін пайдалана отырып, оның мақсатын анықтауға болады. Зерттеу мақсаты әр түрлі әрекеттердің белгілі бір тетігі «мақсат– құрал– нәтиже» болып табылады. Мақсат – сезінілген бейне, пайдалы нәтиже, оған міндетті түрде қол жеткізеді. Ғылыми зерттеу өте күрделі, әр жағдайда өз логикасымен, зерттеу әдістерімен және ұйымдастырылуымен ерекшеленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет