топтармен, оқушылармен түрлі рольдерде қарым – қатынас дағдысына
үйренеді.
Жобалау топтары 4 – 6 адамнан шағын болса тиімдірек.(Әрине әр
жобаның мақсатына байланысты жеке жұппен немесе түгел сынып
қатысуымен де орындалатын түрлері бар.)
Ал шағын топтармен ұйымдастыру, бір жағынан, идеяны жүзеге
асыруға қолайлы, екінші жағынан, оған қатысушылардың өзара
қатынастырын қалыптастыруға және қолдауға мүмкіндік береді.
Жобаны жүзеге асыру мерзімі оның мазұны мен мақсатына
байланысты.
Ал
жобалық
жұмыс
барысында
коммуникациялық
қатынастарды қалыптастыру 2 аптадан бір айға дейінгі мерзімде мүмкін
болады.
Жобаның одан да ұзақ мерзімге соғылуы ішкі топтардың, жұптардың,
лидердің пайда болуына әкеледі. Сондықтан ұзақ мерзімді жобаларда оның
белгілі бір кезеңдері аяқталған кезде топтардың ішкі міндеттерін бөлісу,
жаңа топтар мен лидерлерді ауыстырып отыруға болады. Бұл әр адамның
топтағы позицияларын өзгертіп, өзін жаңа сапада байқауына, басқалармен
жаңа қатынастарды қалыптастыруына жағдай жасайды.
Педагог лидерлермен жұмыста өте байқампаз болған жөн, өйкені
лидерді қалыптастыру барысында өзара қатынаста проблемалар туындауы
мүмкін. Атап айтқанда, жеке ерекшіліктеріне сай, кейбір лидерлер істі тиімді
ұйымдастыруда өзге оқушыларды жұмылдыра білетін, оларды тең дәрежеде
ұйымдастыра білетін болса, кейбірі өз лидерлерін тек өз дегенін істетуге,
өзгенің, өзгенің пікірін елемеуге, өз басымдығын үнемі білдіруге бейім
болады. Бұл топішілік конфликтіге апарары сөзсіз. Оны болдырмаудың
тиімді жолы - әр оқушының лидер позициясында да болуын қамтамасыз ету,
рольдерді үнемі ауыстырып отыру.
Сондай – ақ топ ішінде ауысып отыратын «time – kepeer» (уақыт
регламентін қадағалаушы), идеяларды жазып отыратын хатшы, т.б. рольдер
болуы қажет.
Қорыта айтқанда шағын, не үлкен топтар нақты бір жобаны орындау
үшін құрылады және жоба жұмысы аяқталғанда бұл топ таратылады. Жаңа
жоба пайда болғанда жаңадан басқаша топ құрылғаны дұрыс.
Жобалау әрекеті оқушылардың коммуникативтік қатынастарын
қалыптастыруға ықпал етеді, оларды рольдік позициялардан әртүрлі
әрекеттер мен қарым – қатынастар құруға жағдай туғызылады.
Достарыңызбен бөлісу: