біліктілікті жоғарылату курсын өту ойластырылды. Санкт-Петербург -
Владивосток маршруты жоба қатысушылары ЮНЕСКО-ның Бүкіл әлемдік
мұралар нысандары қатарына енген елдің мақтанышын көре отырып,
ересектерді оқыту ұйымдарының аймақтық тәжірибесімен пораллелді
танысатындай етіп жасалған.
Жоба
кең
әлеуметтік
контекстпен,
белсенділіктің
тармақталған
құрылымымен ерекшеленді, себебі онда әр түрлі аймақтар мен елдімекендер,
әлеуметтік серіктестіктер, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар, бизнес-
құрылымдар қатысты. Ересек халықты оқытудың қазіргі көптеген түрлері
мен формалары көрсетілді. Жоба шеңберінде ересектерді білімдендірудің әр
түрлі аспектілері мен андрогогика бойынша ғылыми-әдістемелік және
арнайы әдебиеттер көрсетілді, «Ресейдегі ересектерді білімдендіру»
тақырыптық жиынтық дайындалды. Қорытындыға келген соң, «Апталықты»
өткізу салтын жалғастыру шешілді, ол үшін міндеті темір жолдық емес,
теңіздік маршруттың жаңа нұсқасын өңдеу болып табылатын жаңа жұмыс
тобы қалыптасты.
Бұндай масштабтағы әлеуметтік-педагогикалық жобалар бір жағынан, кең
қоғамдық резонансқа, екінші жағынан - оларға қатысу нақтылы адамдар
өмірінде естен кетпейтін жағдай болды, әлеуметтік-педагогикалық
белсенділіктің жаңа түрлерін меңгеруге импулс беруге есептелген. Бұл
жағдайдағы жобалау іс-әрекеті мағынасы бойынша бірнеше әр түрлі
бағыттарға бөлінеді: бұл әлеуметтік-педагогикалық зерттеу, менеджмент
негізінде құралдарды іздеу, потенциалды әріптестермен өзара әрекеттесу,
қоғамдастықпен байланысты ұйымдастыруды қосатын жоба алды зерттеуді
ұйымдастыру; педагогикалық мазмұнды өңдеу; алдын ала ұйыммен ғылыми-
әдістемелік жұмыс; маршруттағы жұмыс. Бағыттардың әр қайсысы
әрекеттерді болжамдық өңдеуді және кеңістікпен уақыттағы нақтылы
коорденацияны талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: