Дәрістер мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет81/335
Дата11.05.2022
өлшемі2,73 Mb.
#141889
түріБағдарламасы
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   335
Байланысты:
Д рістер мазм ны бастауыш сынып о ушыларыны жобалау рекетін й

басқарудағы жобалау
болып табылады. 
Басқарудағы 
жобалау 
білім беру саласын жаңартатын, оқыту мен 
тәрбие үрдісін үшін жаңа жағдайлар жасай алатын көпфункционалдық 
педагогикалық процесті басқару қызметі ретінде қарастырылуда. 
Жобалаудың білім берудегі қызметін анықтауда жоғарыда келтірген 
зерттеушілер пікірлеріне сүйене отырып, 
зерттеушілік, талдаушылық, 
жобалаушылық, жаңартушылық, нормалаушылық, құрастырушылық, 
т.б. 
көптеген сипаттағы мәндерін белгілей аламыз.
Педагогикалық жүйелерді басқарудағы жобалау білім беру процесінің 
синергетикалық заңдылыққа сәйкес 
өзін – өзі дамыту әрекеттерін 
қолдайтын құндылықтар мен мақсаттарға негізделуі
тиіс. Педагогикалық 
жүйелер жобалау қызметін қолдануға болатын әлеуметтік жүйелердің 
ішіндегі ықпал ету мүмкіндігі мол құрылым, өйткені, жобалау қызметі 
негізінде білім беру жүйесінің өзін дамытумен қатар, қоғамдық – саяси,
мәдени, экономикалық салалардағы оң өзгерістерді жүзеге асыруға болады.
Білім беру ұйымын басқарудағы жобалау. 
Педагогикалық жүйелердің 
басқа да әлеуметтік жүйелер сияқты білім беру ұйымның нәтижелігі мен 
тиімділігі оның құрылымдық, ақпараттық әлеуеттерінің, ресурстарының


тиісті деңгейде қамтамасыз етіліп отыруынан ғана емес, ең бастысы, ұйымды 
басқарудың ұтымды жүйесін құрастырудан және оны үнемі жетілдіріп, әрі 
дамытып отырудан болады. 
Қоғам дамуындағы қайта құрулар білім жүйесіндегі өзгерістердің, оны 
басқарудың жаңа сипаттарын қалыптастырудың алғы шарттары болады. 
Мысалы, Ф.Кумбс «білім беру жүйесі дағдарыс үстінде, оның әкімшілікке 
негізделген құрылымы одан шығу жолдарын ұсына алмайды, өйткені бұл 
құрылым баяғы заманнан бері бері өзгерген жоқ. Сондықтан, оның жай 
дамуы бұдан бұрынғы білім мен сол кездегі қоғам туғызған қарапайым
міндеттерге сай болғанымен, бүгінгі қоғамның жаңа талаптарын орындауға 
дайын еместігін көрсетеді. Ол - білім беруді жаңаша ұйымдастыру, оған 
сыни көзқараспен қарау және жаңалықтарды белсенді ендіруді жүзеге 
асыруға есептелмеген құрылым» деп атап көрсеткен. 
Жүйелерді 
ұйымдастырушылық 
дамытудың 
логикасына 
сай
педагогикалық жүйелер өз құрамындағыбелгілі бір кіші жүйелерден тұратын 
болғаннан кейін оны дамыту мақсатты, мазмұнды және әдістерді өзгертуді 
көздейді. Сонымен қатар, басқару процесі барлық білім беру деңгейлерін 
қамтитын болғаннан кейін сол жүйелердің әрқайсысын дамытуды көздейтін 
басқару міндеттері қойылуы тиіс. 
Ұйымдарды басқарудың жалпы теорияларына тоқталсақ, б
асқарудың 
ғылыми теориясын 1916 жылы жасаған А.Файоль өзінің алдында кез – 
келген ұйымды табысқа жеткізетін басқарудың универсалдық принциптерін 
құрастыру мақсаты тұрды. Оның принциптері классикалық болып есептеліп, 
осы күнге басқару тәжірибесінде қолданылып, көптеген теориялардың 
негізіне алынуда.Бұлар басқарудың өзара тығыз байланыстағы маңызды 
универсалдық қызметтері: жоспарлау, ұйымдастыру, міндет бөлісу, 
үйлестіру, қадағалау, бақылау. 
А.Файоль ұсынған құрылым бүгінгі күнге дейін басқарудың негізгі 
қызметтері болып келсе де, сынаушылар оны, 
біріншіден,
қатаң 
орындаушылыққа негізделген, құрылымы өзгертуге келмейтін сипаттағы 
механизм деп есептейді
. Екіншіден
, бұл сипаттары оның қоғамдағы 
өзгерістер болмайтын, ішкі және сыртқы тұрақты жағдайларда басқаруға 
қолайлылығын көрсетеді. 
Үшіншіден,
оның ең басты кемшілігі адамның 
ұйымда өзін ұстауының психологиялық механизмдерін, ерекшеліктерін 
терең ескермейтін, оны қалыптастыратын түрлі қалыптан тыс факторларды 
елемейтін сипаттары. 
Аталған классикалық көзқарасқа қарама - қарсы, ұйымдағы қарым -
қатынастарға негіз болатын адам факторларын қолдайтын мүлдем жаңа 
көзқарас дами бастады, оның ең алғашқысы 1924 жылы Чикаго маңындағы 
Хоторн өнеркәсібіне қатысты Элтон Мэйо жасаған «адамдық қатынастар 
теориясы» болатын. Ол классикалық теорияны да, оның ықпалынан 
қалыптасқан адамның әлеуметтік жағдайын қарастырмайтын көзқарастарды 
да қатаң сынға алып, қызметтік құрылымына өздерінің «адамдық 
қатынастар теориясын» ұсынды. Оны қолдаушылардың айтуынша,
құрылымы айқын білінбегенімен, адамдар көзқарасы топтық құндылықтық 


қатынастар қалыптасуына ықпал етеді, сондықтан, басқарушылар 
ұйымдағы адамдардың түрлі мотивтерін дамытуға, материалдық жағдайлар 
туғызуға, т.б. ынталандыруға назар аударуы тиіс. 
Бұл зерттеулер жаңа қарым қатынас түрлерін, адамдарды ұйым 
жағдайында мақсаттық тренингтер мен семинарлар арқылы мотивациялау, 
басқару стилінде қалыптасқан қатынастарды өзгерту,т.б. жаңа бағыт болып 
басқару теориясына қосылды.
Сонымен қатар, аталған көзқарас адам факторларын дамытуда 
маңызды болғанымен, классикалық құрылымның негізіне алынған көп 
мәселелерді назарынан тыс қалдырды. «Бұл теориялардың әуел бастан 
кемшіліктері, -делінген М.Мескон, М.Альберт, Ф. Хедоури зерттеулерінде, 
«олар бір ғана басты элементін негізге ала отырып, басқару тиімділігінің 
бұдан басқа да көптеген факторлардан тұратын нәтижеге бағытталатынын 
қарастырмайды» дейді. Аталған рационалдық және адам қатынастары 
туралы теориялардың мықты жақтарын зерделеу - басқарудың жүйелілік, 
ситуациялық және ұйымдастырушылық сипаттарын қамтитын синтездік 
түрін қарастыруға әкеледі. 
Өткен ғасырдың аяғында жобалау негізінде басқару тұжырымдамасы 
пайда болды. Ұйымдардың нәтижелі қызметін арттыру мақсатында 
менеджерлер жүйелі диагностика, жоспарлау, орындау мен өзгерістерді 
қолдаудың әдістері мен процедураларын басқарудың эволюциясы негізінде 
жасады. Жобалау негізінде басқарудың мәні ондағы адам әлеуетін тиімді 
пайдалануға жағдай туғызу, тұлғалық және тұлғаралық қатынастарды 
дамыту,олардың 
құндылықтық 
бағдарларына 
ықпал 
ету 
арқылы 
ұйымдардың нәтижелі қызметі етуіне мүмкіндік беру. 
В.С. Лазарев қазіргі педагогикалық ұйымдарды басқару түрлерін оның 
сипаттарына қарай бірнеше түрге бөледі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   335




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет