ресурстарды әр кезеңге бөлуді, ірбір кезеңнің күтілетін нәтижесін белгілеуді,
адамдар арасында жауапкершілікті бөлісуді талап етеді. Жобаның әр
кезеңіндегі іс
-
әрекеттер нақты жоспарланады, қатаң қадағаланады. Сөйтіп,
бұл кезеңде жобаны жүзеге асыру жолдары, оны байқаудан өткізу
орындалады. Нәтижесі –білім беру жүйесінің жаңа сапаға өткендігін назарға
алу.
Жобаны жүзеге асыру барысының мониторингі, әр кезеңнің
нәтижелері мен тиімділігін бағалап отыру.
Мониторинг екі түрлі мақсатты
көздейді. Біріншіден, қойылған мақсат
– міндеттердің қаншалықты тиімді
орындалып жатқанын бақылау, екіншіден, жобаны жүзеге асыру барысында
қажеттілікке сай өзгерістер мен түзетулер енгізу үшін ақпараттар жинақтау,
яғни, жобаның тиімділігіне баға беріп, уақытында түзетулер ендіріп отыру.
Бұл жерде бағалануы мүмкін параметрлер:
Жұмыстың ұйымға, әлеуметтік ортаға, адамдарға ықпалын анықтау
(мысалы, жоба болмаса қалай болар еді);
Ресурстардың тиімділігін анықтау (олардың қол жеткен нәтижелерге
сәйкестігі);
Өткізілген шаралардың тиімділігін анықтау? Олар мақсатына жетті ме,
жасалған еңбек пен шыққан шығын күтілетін нәтижені берді ме?
Достарыңызбен бөлісу: