Дәрістер мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет225/335
Дата11.05.2022
өлшемі2,73 Mb.
#141889
түріБағдарламасы
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   335
Байланысты:
Д рістер мазм ны бастауыш сынып о ушыларыны жобалау рекетін й
NN-SD361 Инструкция, 55c14c37-1524-417b-90ca-01d7a3dbd87c, Колданбалы механика. лекция каз, Lecture 5 Nurdan Madina, Ботаника и наука, 3 -Жеңістің 78 жылдығына1
3.
 
Оқу және техникалық жобаларға қойылатын негізгі талаптар. 
Жобалау – кәсіби оқытудың міндетті бөлігі.Оның өнімдері ретінде оқу және 
техникалық жобалар жақсы белгілі. ЖОО-ғы оқыту тәжірибесінде жобалау 


іс-әрекеті әр түрлі бағыттарда қолданылады. Бір жағынан, дәстүрлі 
дипломдық жобалау (әсіресе техникалық оқу орындарында) маман 
даярлауды ұйымдастырудың оқытушы, сонымен қатар бақылаушы формасы 
болып табылады. Курстық немесе дипломдық жобаларды дайындау нәтижелі 
акт ретінде көрінеді, ол студенттің кәсіби өнімді өз бетінше жасауы мен 
адамдар алдына көрсету қабілеттілігін анықтайды. Екінші жағынан – 
жобалау педагогикалық іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде, сонымен бірге білім 
беруді гуманитаризациялау мәселесін шешуде кең қолданылып келеді. 
Кәсіби білім беру кезеңінде техникалық жобалау мақсаты болып тек жаңа 
объектіні( инновациялық өнім) құру ғана емес, оған жаңалық беру, жоғары 
сапа мен оның өмір сүру жағайларын өзгерту де есептеледі. Жобалауға деген 
талаптарды әдеттегідей тапсырыс беруші қояды. Инженерияда, құрылыс пен 
архитектурада жобалау үрдісі келесілерді талап етеді: 

Берілген іс-әрекет, ғылым немесе проктика саласында алдын ала 
зерттеулер жүргізу; 

Жобалауға қатысты тапсырмалар даярлау; 

Эскиздік ( бағдарлау жалпы көрініс деңгейінде ) жоба жасау; 

Жобалық-сметалық және техникалық құжаттарды дайындау; 

Жобалау процесі ұйымдастыру мен қамтамасыз ету. 
Әдетте, бұл операцияларды сәтті орындау үшін студенттің алдын ала 
дайындығымен қатар, жобаны қолдау типінің дамуымен, кәсіби білік пен 
дағды кешенін, сонымен қатар мінез құлықтың еркін қырларын 
қалыптастырумен байланысты педагогикалық міндеттердің бір қатарын 
шешу қажет. Техникалық білім беру жүйесіндегі вуздық жобалау арнайы 
әдебиетте өңделіп, егжей тегжейіне дейін бейнеленген, сондықтан, 
оқырманды библиография мен Интернеттің сай келетін беттерін қарауға 
жіберіп, оған тоқталмаймыз . Берілген оқулық саласында жобалау іс-әрекетін 
педагогтарды дайындау жүйесінде қолдануға қызығушылық тудырады. 
Жобалау алғашқы кәсіби ұстанымдарды қалыптастырудың әдістерінің бірі 
екендігін тәжірибе көрсетіп отыр. Стокгольмдік университеттің психология 
және педагогика факултетінің бірінші курс студенттерінің орындаған оқу 
жобаларынан мысал келтірейік. Оның пәндік нәтижесі болып адамдардың 
бет-әлпетін галериялық фотопрезентация саналады. Жобаның ортақ мәні 
барлық жас мөлшеріндегі адамдарды көрсетіп, өмірдің әрбір кезеңінің 
ерекшеліктері мен мағынасын көрсету болып есептеледі.
Болашақ педагогтар мен психологтар семестр бойы журнал басылымдарынан 
ізденіп, өз бетінше портреттер жасап, сюжеттік канва жасап, фотофилімге 
қажет музикалар қатарын жинақтады. Көрсетілім жарты сағат көлемінде 
болды, осы уақыт аралығында комментариялық бірде бір сөз айтылмады: тек 
қана калейдоскоп әр түрлі адамдардың бет әлпетін үлкен планмен және жас 
мөлшердің ерекшеліктеріне сай келетін, хроналогиялық тәртіпте: туылғаннан 
бастап қартайғанға дейін сипаттайтын ғажап музыка. 
Бірінші курстықтардың жобалық ойларына терең енуі мен оны жүзеге асыру 
сапасынан алынған әсері өте күшті. Фотофильм өз бетінше уникалды 


педагогикалық психологиялық құбылысты көрсетті және кейінрек 
факултетте оқу құралы ретінде қолданыла алатын еді. 
Жобаның жүру барысында көптеген студенттер өздеріне қажет тәжірибелік 
біліктерді меңгерді: суретке түсіру, суреттерді безендіру, дыбыс жазу 
монтажы бойынша жұмыстар. Бірақ, бұдан да жобаны жүзеге асыру 
барысындағы педагогикалық нәтиже ретінде « адамдардың бет әлпетіне » 
құнды ұстанымдардың пайда болуы мен бекітуі, әр бір студенттің адамға 
оның тағдыры контекстінде қызығушылық көрсетуі маңызды.
Кәсіби даярлаудың маңызды міндеттерінің бірі болашақ педагогтарды өз іс 
әрекеттерін жобалауға үйрету және ол ұйымдастыруға тиіс білім беру 
процестері есептеледі. Ол үшін, ең алдымен, бұл процестер мен іс-әрекет 
түрлерінің құрылымы және негізі, олардың қалыптасу механизмдері мен 
бағалаудың 
праксиологиялық 
кретерилері 
(өнімділік, 
«дұрыстық» 
критерилері) туралы жалпы теориялық елестету қажет. Бұл жағдайда 
студенттерде өздерінің әрекеттеріне рефлекцивті қатынас жасау, оларды 
мөлшерлеу, қайта мөлшерлеу, коррекциялау мүмкіндігі пайда болады. Бұл 
жұмыстың шынайы жағдайларына тез бейімделуге сонымен қатар, 
иновациялық іс- әрекетке енуге көмектеседі. 
Осылайша, алғашқы мектептік практикаға шығу үшін дайындық шеңберінде 
педагогикалық ЖОО-ң гуманитарлық факултетерінің біреуінің студенттеріне 
өз бетінше жобалық режим бойынша өздерінің индивидуалды ерекшеліктері 
мен таныс емес балалар және педагогикалық ұжыммен танысуға актуалды 
дайындықты ескере отырып, алдағы жұмыстың бағдарламасын құру 
ұсынылды. Жоблаық іс-әрекеттің логикасы өзіндік диагностика мен алғаш 
практикалық 
сабақтарда 
меңгерілген, 
өзіндік 
күшті 
және 
әлсіз 
педагогикалық-тұлғалық жақтарына бағытталған әдістемелерді ұйғарды. 
Кейін алынған мәліметтер негізінде өздеріндегі мүмкін болатын 
қиындықтарға индивидуалды прогноз жүргізілді. Сонымен бірге, кейбір 
студенттерде ұқсас мәселелер анықталды, соған байланысты пратиканы 
өтудің бағдарламасын құру тапсырмасы берілген мақсатты-мәселелі 
топтарды қалыптастыру қажет болды. Олар келесідей талаптарға жауап 
беруі қажет: 

Студент мүмкін болатын қиындықтарды жеңе алатын жұмыс істеу 
ситуацияларын құруға максималды әсер ету керек; 

өзінде бар мықты жақтарға сүйенетін сәтті іс-әрекетті қамтамасыз 
етуі керек; 

Практика барысында өнімді өзара әрекеттестікке түсе алатын, 
сонымен қатар практиканың өтуі индивидуалды немесе топтық формада 
өткенді қалайтын ересек және бала әріптес ерекшеліктерін, категориялар, жас 
мөлшерін таңдау жөнінде нұсқаулықтар болса. 
Оқытушылардың паралелді күшімен студенттер үшін практикаға шықпас 
үшін өздеріндегі проблеммаларды жоюға көмектесетін сабақтар, тренингтер, 
кеңестер ұйымдастырылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   335




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет