Дәрістер мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет200/335
Дата11.05.2022
өлшемі2,73 Mb.
#141889
түріБағдарламасы
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   335
Байланысты:
Д рістер мазм ны бастауыш сынып о ушыларыны жобалау рекетін й

құзыреттілікті 
қалыптастыру.
Жобалау 
арқылы қарым – қатынас белсенділігін арттыруға болатыны сөзсіз. Бірақ 
жобалаудың мәнін тек қана коммуникативтік қатынастардан құралады деп 
есептеу оның шеңберін тарылтып, оны оқушылардың әңгімелесе білу 
диалогын ұйымдастыру немесе жазбаша қарым – қатынасын дамытумен 
шектейтін болады. Дәстүрлі оқытуда оқушылардың өз ойларын еркін 
білдіруге жағдай туғызылуы төмен деңгейде, олардың беретін жауаптары 
мен күтілетін жауаптарының мазмұны әдетте белгілі болып келеді. Оқушы 
сол өзінен күтілетін жауапқа ғана даярланады. Оның бір жағынан тиімділігі 
– оқушының сөйлеу әрекетін құру жүйеленеді, белгілі бір нормаға жауап 
береді және оны бақылауға және бағалауға болатыны – болса, екінші 
жағынан, кемшілігі – оқушыға өз ойларын жеткізу мүмкіндігі шектеулі, 
еркін ойлау мен пікір білдіруге жағдай туғызылмайды. 
Жасөспірімдердің бір – бірімен қарым – қатынасы осы жаста 
өзгере бастайды, олар үшін қарапайым қатынас жеткіліксіз, өйткені 
коммуникация арқылы оларда өздерін көрсетуге, дәлелдеуге қажеттік пайда 
болады. 
Жобалау әрекеті осы қарым – қатынас мәдениетін сапалы 
дамытуда белгілі бір роль атқарады. 
Жобалау барысында айырмашылығы көп байқалмайтын 
коммуникацияның екі түрлі қыры бар екенін айта кету керек. Олар: 
қарым – қатынас барысында ауызша және жазбаша сөйлесу; 
топтық қарым – қатынасқа түсу; 
Осы екі қыры тәжірибе барысында бір – бірімен бірігіп кететін болса 
да, оқушылардың жобалау әрекетін ұйымдастыру және талдау кезінде 
оларды ажыратып қарастыру қажет болады. 


Оқушылар білім берудің әрбір кезеңінде өз бетімен ауызша және 
жазбаша өз ойын білдіре білу дағдыларын меңгеруі қажет және әрбір білім 
беру ұйымы оны міндетіне алуы тиіс. Бұл – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   335




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет