Мәдениеттану пәнінің мақсаты -мәдениеттану тілінің қоғамдағы
орны мен ролін, оның теориялық негіздері мен әлемдік озық
үлгілерін, қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен рухани
ізденістерін студенттермен бірге талқылау.
Мәдениеттану жеке пән ретінде ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде
қалыптаса бастады, сондықтан да оны әлі де болса буыны бекімеген
жас ғылымдар саласына жатқызамыз.
Мәдениеттану пәні сонымен қатар жергілікті және аймақтық
мәдениеттердің
сапалы
ерекшеліктерін,
олардың
өзара
байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен мирасқорлығын,
қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат баласының біртұтас
мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды.