Дәрістер тезистері


Инклюзивті білім берудің талаптары мен артықшылықтары



бет2/5
Дата10.11.2023
өлшемі31,45 Kb.
#190782
1   2   3   4   5
Байланысты:
1-2-3-4-5 дәрістер

Инклюзивті білім берудің талаптары мен артықшылықтары
Әлемдік тәжірибеде инклюзивті білім беру ерекше оқытуды қажет ететін
адамдарды оқыту мен тәрбиелеуде жеке тәсіл арқылы іске асырылуда .
Ерекше оқытуды қажет ететін балаларға мыналар жатады:
- мүмкіндіктері шектеулі балалар;
- мигранттардың, оралмандардың, босқындардың, саны аз ұлттар
отбасыларынан шыққан балалар;
- қоғамда әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар балалар (жетім
балалар, виктимді балалар, девиантты мінез-құлықты балалар, әлеуметтік -экономикалық және әлеуметтік -психологиялық мәртебесі төмен отбасынан
шыққан балалар).
Бірқатар елдерде енгізілген инклюзивті білім, ең алдымен Финляндияда
келесідей қағидаттарға негізделеді : адам құндылығы оның қабілеттері мен
жетістіктеріне байланысты емес , әр адам сезінуге және ойлауға қабілетті , әр
адам қатынасуға және танымды болуға құқылы, барлық адамдар бір-біріне
мұқтаж, нағыз білім шынайы өзара қатынас мәнмәтінінде іске асырылуы
мүмкін, барлығы қолдау мен достыққа мұқтаж.
Жүргізілген талдау инклюзивті білім берудің қазақстандық моделі әлемдік
тәжірибеге және осы саладағы ережелерге толық дәрежеде сәйкес емес екенін
көрсетті . Инклюзивті білім беруді мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту
нысанында қабылдау барлық санаттағы ерекше оқытуды қажет ететін балаларға
жалпы білім беру бағдарламасының қол жетімділігін қамтамасыз ететін білім
беру ұйымдарының мүмкіндіктерін шектейді.

Қазақстандық білім беру жүйесінде:


- әрбір білім алушының тұлғалық даму траекториясына , даралап оқыту
әдістеріне негізделген дербес оқытуды , оны психологиялық -педагогикалық
қолдауды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ететін инклюзивті білім
берудің моделі жасалмаған;
- білім берудің икемді, бейімделген оқу бағдарламалары әзірленбеген;
- жалпы білім беретін ұйымдарда инклюзивті білім беру үші н кадрлар мен
оқу-әдістемелік база жеткіліксіз ;
- оқыту сапасын мониторингілеу мен бағалау іске асырылмайды,
балалардың білімдері мен дағдыларын критериалды бағалау индикаторлары
жоқ;
- ерте кәсіптік бағдарлау, ерекше оқытуды қажет ететін балаларды
кәсіпалды және кәсіби даярлау шарттары жеткіліксіз құрылған;
- мектепке дейінгі , орта , техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру
бағдарламаларының бірізділігі мен сабақтастығында, мүмкіндіктері шектеулі
балаларды жұмысқа орналастыруда жүйелі ықпалдастық жоқ;
- балалардың психикалық және дене даму ауытқуларын ерте айқындау
және оларды түзету аса өзекті проблема болып қалуда ;
- балалардағы моральдық -психологиялық және әлеуметтік тұрғыда
туындайтын проблемаларды жою бойынша алдын алу шаралары жеткіліксіз
қолданылады;
- инклюзивті білім беруді ақпараттық -кеңес беру тұрғысында қолдау әлсіз
ұйымдастырылған.
Осының бәрі төмендегідей проблемаларға әкеліп соғады :
- көптеген балалардың білім алу қажеттіліктері жеткіліксіз қамтамасыз
етілген, нәтижесінде олардың әлеуетті мүмкіндіктері толық жүзеге
асырылмаған ;
- халықаралық TIMSS, PISA, PIRS зерттеулеріндегі қазақстандық
оқушылардың көрсеткіштері қанағаттанарлықсыз деңгейде ;
- әлеуметтік бейімдеудің жеткіліксіздігі салдарынан девиантты мінез-құлықты балалардың саны көбеюде , балалар арасындағы қылмыс, суицид
құбылыстары азаймай отыр ;
- түлектердің функционалдық сауаттылығы төмен қалыптасқан, жұмысқа
орналаса алмайды , қатер тобына түседі .




3



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет