Дәрістердің қысқаша конспектісі. Журфак 015 оқу жылы дәріс. Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі



бет11/42
Дата23.09.2022
өлшемі0,65 Mb.
#150529
түріКонспект
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42
Байланысты:
Дәрістер Журфак 2015

Қарахан мемлекеті (942-1210 жж.). Х ғасырдың орта кезінде оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Шығыс Түркістан жерінде Қарахан мемлекеті пайда болды. Орталығы – Баласағұн қаласы. Қарахан мемлекетінің құрылуы тарихында Қарлұқ конфедерациясы зор роль атқарды. Қарлұқтар мен бірге шікілдер мен яғма кірді. Қарахан мемлекетінің құрылуы Батыста Жетісудан Испиджабқа дейінгі және Шығыста Қашқарға дейінгі ұланбайтақ аумақта болған саяси оқиғалар және Қарлұқ мемлекетінің ыдырауымен тығыз байланысты болды.
Оғулшақтың немере інісі Сатұқ Боғраханды (915-955) Қарахан әулетінің негізін салушы деп есептейді. Исламды қабылдап, Саманилердің қолдауын пайдалана отырып, Сатұқ Боғрахан Оғулшаққа қарсы шығып, оны талқандады, сөйтіп Тараз бен Қашқарды бағындырды: 942 жылы ол Баласағұнда билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қаған деп жариялады. Сатұқ өлгеннен кейін билік басына Мұса қаған келді. Ол Қағанаттың мемлекеттік діні ислам деп жариялады. Оның астанасы Қашқар болды. Мұса қаған қаза болған соң билік Әли-Арыстан қағанға өтеді. Ол Тараз бен Баласағұнды да өзіне бағынышты қалалар есебінде жариялаған. Қарахан мемлекетінің алғашқы саяси тарихы, Сатұқ ұрпақтарының ішіндегі ең күшті екі әулетінің Әли-Арыстан хан мен Хасан Бура ханның тұқымдарының арасында билік үшін ұзақ жылдарға созылған талас тартыстар басталды.
Қарахан мемлекеті екі иеліктен тұрды: 1) Шығыс хандық. Оның жері Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Шығыс Түркістан, астанасы Баласағұн, кейде Қашқар қаласы болып тұрған; 2) Батыс хандық. Орталығы Тараз, кейде Бұхар болған. Шығыс хандық қарахандықтардың негізгі бөлігі болып саналған. Сондықтан да оның қағаны дәстүр бойынша ұлы қаған деп есептелген.
Жетісу мен Шығыс Түркістанды ХІ ғ. басында Хасан әулетінен шыққан Тұған хан билеп тұрды. Онымен Борға хан баласы Қадырхан Жүсіп бәсекелес болды. 1005 жылы Туған ханды Қадырхан Қашқардан тықсырып шығарды. 1017-1018 жылы Жетісу көшпелі тайпалар шабуылына ұшырап, көп ұзамай Туған хан дүние салды. Қадырхан күшейіп, Шығыс Қарахан мемлекетіндегі бүкіл билік оның қолына көшеді.
1032 ж. Қадырхан иелігіне Жетісу, Испиджиб пен Тараз өңірлері Шығыс Түркістан қарайды. 1056 жылы Қадырхан баласы Иннал-тегін өкімет басына келеді. Иннал-тегіннің баласы Ибрахим болады. Осыдан кейін Шығыс қағанатының да он бес жыл бойы Қадырханның балалары Юсуар Торғулхан мен Бограхан Харун басқарады.
Екі қағанат арсындағы шекара Сырдарияны бойлай өтеді. Орта Азия мемлекеттерімен қызу сауда жүргізеді. 1089 жылы Орта Азиядағы Салжұқ сұлтандығы шабуыл жасап Самарқант қаласын басып алады. Осы кезде Шығыс Қарахан қағанатына Шығыс Түрік қағанатының билеушісі Тоғырыл шабуыл жасап Қашқар қаласын өзіне қаратты. Осындай шапқыншылықтан кейін ХІІ ғ. 1-жартыжылдығында Қарахан мемлекеті іс жүзінде тарихи сахнадан шығып қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет