Дәрістердің қысқаша конспектісі



Pdf көрінісі
бет4/16
Дата10.10.2023
өлшемі422,95 Kb.
#184560
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Дәрістердің қысқаша конспектісі

Қане, тілдесейік! 
- Саған не керек? 
- Маған қалам керек. 
- Қандай қалам керек? 
- Қызыл және қара түсті екі қалам керек. 
Жинақтық сан есім 
ҚАНША? НЕШЕ? 
-АУ(I) 
-ЕУ(II)
ҚАНШАУ? НЕШЕУ? 
Бір 
Біреу 
Екі 
Екеу 
Үш 
Үшеу 
Төрт 
Төртеу 
Бес 
Бесеу 
Алты 
Алтау 
Жеті
Жетеу
Реттік сан есім 
Неше? 
-Ыншы, -інші 
-Ншы, 
-нші 
Нешінші?
Бір 
Бірінші 
Екі 
Екінші 
Үш 
Үшінші 
Төрт 
Төртінші 
Бес 
Бесінші 
Алты 
алтыншы 
Жеті 
Жетінші 
Сегіз 
Сегізінші 
Тоғыз 
Тоғызыншы 
Он
Оныншы
ТӨРТ ТҮЛІК ПІРЛЕРІ 
Түйе пірі-Ойсыл қара 
Жылқа пірі-Қамбар ата 
Сиыр пірі-Зеңгі баба 
Қой пірі-Шопан ата 
Ешкі пірі-Шекшек ата 
Бөлшектік сан есім 
Неше? 
Бөлшектік 
Бір 
Екіден бір 
Екі 
Төрттен үш 
Үш 
Оннан бес 
Төрт 
Жиырма бестен бір 
Бес 
Жетіден алты 
Алты 
Сегізден екі 
Жеті 
Алтыдан бес 
Сегіз 
Отыздан жеті 


Тоғыз 
Тоғыздан бес 
Он
Оннан тоғыз 
Мәтінмен жұмыс 
Мен шәкіртақымның үштен бір бөлігін кітапқа арнаймын. Дүние жүзінің төрттен үш бөлігін су 
құрайды. Біздің топтың екіден бірі үздік студенттер. Теңіз суының жиырмадан бір бөлігін тұз 
құрайды. Алманың үштен бір бөлігін ініме бердім. Адамның ағзасының бестен төрт бөлігін су 
құрайды.
2-жаттығу. Берілген сан есімдерден бөлшектік сан есім жасаңыз: 
1,2,3,5,8,9,6,7,10,4. 
3-жаттығу. Сан есімдерді пайдаланып диалог құрыңыз. 
Топтау сан есім 
Неше? 
-нан-нен 
-дан-ден 
-тан-тен 
Қаншадан? 
Нешеден?
Бір 
Бірден 
Екі 
Екіден 
Үш 
Үштен 
Төрт 
Төрттен 
Бес 
Бестен 
Алты 
Алтыдан 
Жеті 
Жетіден 
Сегіз 
Сегізден 
Тоғыз 
Тоғыздан 
Он
Оннан 
Төмендегі сандарға «-дан, ден, тан, тен, нан, нен» жалғауын жалғаңыз. 
12, 24, 2, 7, 36,70, 3, 44, 68, 73, 82, 9, 16, 6, 4, 97, 5, 10, 60, 30, 1000, 50, 20, 70, 1, 40, 90, 100, 8, 9, 
80 
Берілген мақал-мәтелден сан есімдерді тауып, мағыналық түріне қарай ажыратыңыз. 
Алпыс күн тасыған су алты күнде қайтар 
Қызға қырық үйден тыю 
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні 
Қырықтың бірі-Қыдыр. 
Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды 
Қане, тілдесейік! 
-Сәлем, Ахмет!
-Сәлем, Айша! 
-Ахмет, сен қай қалада тұрасың? 
-Алматы қаласында 
-Үйлерің неше қабатты? 
-Үйіміз үш қабатты 
-Үйіңде бақша бар ма? 
-Иә, бар. 
7–апта
Есімдік .Тұрмысқа қажетті құрал-жабдықтар .Сұрау есімдігі .Оқу құралдары.Қалып 
етістіктер.Әсемдік бұйымдар. 
ЕСІМДІК 
Есім сөздердің орнына жүретін сөз табы (зат есім, сан есім, сын есім) 
Жіктеу есімдігі 
Мен 
Мен келдім 
Есімдік+ етістік 
Сен /сендер 
Сен айттың/дар 
Есімдік+ етістік/к.ж 
Сіз /сіздер 
Сіз оқыдыңыз/дар 
Есімдік+ етістік/ к.ж 
Ол /олар 
Ол серуендеді 
Есімдік+ етістік/к.ж 
Біз 
Біз сөйлестік 
Есімдік+ етістік 
Берілген сөз тіркестерін толықтырыңыз 


..... келдім, ...... айтты, ......отырдық, ...... бердіңіздер, .... естіді, ....... оқыдым, ........ жинадың, ........ 
жаздыңыз, .......қыдырдық. 
Сілтеу есімдігі 
Бұл 
Бұл -досым 
Сол 
Сол-кітап
Мынау 
Мынау-тақта 
Анау 
Анау-көршім 
Міне 
Міне-дәрісхана 
Әне 
Әне-үйім 
Мінеки 
Мінеки-дәптерің 
Ол
Ол-кітапхана 
Сұрау есімдігі 
Кім? 
Кім келді? 
Не? 
Не болды? 
Қашан? 
Қашан сабақ басталады? 
Қанша? 
Қанша бала? 
Қандай? 
Қандай көше? 
Қайда? 
Қайда орналасқан? 
Қалай? 
Қалай өтті? 
Болымсыздық есімдігі 
Ешқашан 
Ешқашан айтпайды 
Ештеңе 
Ештеңе білмейді 
Ешқандай 
Ешқандай уайымсыз 
Ешкім 
Ешкім келмеді 
Ешнәрсе 
Ешнәрсе болмады 
Дәнеңе
Дәнеңе жоқ 
ЛЕКСИКАЛЫҚ ТАҚЫРЫП 
ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ 
8–апта
Дара және күрделі етістік .Ұлттық тағамдар атаулары.Болымды және болымсыз етістіктер. 
Жұлдыз атаулары. 
ЕТІСТІК 
Іс-әрекетті, қимылды білдіретін сөз табы. 
 
Мысалдары: 
Не істеді? Қайтті? 
Оқы 
Жаз 
Кел 
Тыңда 
Сөйле 
Отыр
Есте сақтаңыз: 
Етістік 
III, I 
-а- 
Бар+а+мын 
Етістік 
III, II 
-е- 
Кел+е+мін 
Етістік 
I,II 
-й - 
Сөйле+й+мін 
Жаса+й+мын 
ДАРА ЖӘНЕ КҮРДЕЛІ ЕТІСТІКТЕР 
Дара 
күрделі 
Келді 
Келе жатыр 
Айтты 
Айтып отыр 


Ұйықтады
Ұйықтап қалды 
БОЛЫМДЫ/БОЛЫМСЫЗ ЕТІСТІГІ 
БОЛЫМДЫ 
жұрнақтары 
БОЛЫМСЫЗ 
Бар, кел 
-Ма/ме 
-Ба/бе 
-Па/пе 
Барма, келме 
Жаз, жүз 
Жазба, жүзбе 
Айт, кет 
Айтпа, кетпе 
Мәтінмен жұмыс 
Күзде жапырақтар сарғаяды. Диқаншылар өнімін жинап алады. Жеміс жидектер піседі. Күн 
салқындай бастайды. Адамдар жылы киімдерін кие бастайды. Қараша айында жиі жаңбыр жауып, 
соңы қарға айналады. Күз- береке мезгілі. 
Дараны бір қатарға, күрделі бір қатарға жазыңыз 
Бірлік болмай, тірлік болмас. 
Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады. 
Қыран құс шашып жейді, қара құс басып жейді. 
Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді. 
Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді. 
Шешесін көріп қызын ал. 
Көпті көрген дана болар, қартайып кетсе бала болар. 
Жақша ішіндегі етістіктерді түрлендіріп, сөйлемді қайта құраңыз. 
Мен кітап (оқу). Жанар тапсырма (орындау). Біз киноға (бару). Досымыз екеуміз балмұздақ (жеу). 
Көршім маған (көмектесу). Арман үйді (жинау). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет