Кесте – 3. Өзін-өзі бағалау және өзін-өзі реттеу
|
Оқушылар не істеуі керек
|
Пайымдауларды қалыптастыруға арналған бағдарлар
|
Өзін-өзі бағалау
|
Оқыту дәлелдемелерін жинау, олардың мағыналарын өзінше түсіндіру
|
Жеке мақсат, сыртқы стандарт
|
Өзін-өзі талдау
|
Өз жұмыстарын салыстыру
|
Мақсат, критерийлер, үлгі, оқу үдерісіне қатысушылар арасындағы кері байланыс
|
Өзін-өзі түзету
|
Өзгерістер мен түзетулер енгізу. Жаңа мақсаттар қою.
|
Мақсат, критерийлер, үлгі, оқу үдерісіне қатысушылар арасындағы кері байланыс
|
Өзін-өзі бақылау
|
Ағаттықтарды жоюдағы немесе түзетілген мақсатқа қол жеткізудегі алға басуды бақылау.
|
Мақсат, критерий, үлгі
|
Өзіндік рефлексия
|
Жұмыс барысын, пікір, тапсырмаға қатысты күшті бөлуді ойластыру.
|
Оқуға құштарлықты көрсететін түсініктер
|
Бағалауды жақсарту тобы, Блэк, Мунби және Драхмэнмен Суэтс сынды ғалымдардың өзін-өзі бағалауға байланысты зерттеулерінен үзінді.
1) Оқушылар өзінің білім алуы үшін өзіне жауапкершілік алуы тиіс, себебі басқа ешкім де олар үшін оны істемейді. Яғни, осылайша оқушылар оқытуды бағалау үдерісіне тартылуы қажет. Бұл мәнмәтінде үздіксіз дамуға ықпал ету, оқыту үдерісін сезіну және оқушылардың оларды басқару қабілеттілігі ерекше маңыздылыққа ие болады. ( 1999).
2) Өзін-өзі бағалау «өткен тәжірибені пайымдаудың үдерісі, оқылғаны және қол жеткізілгені туралы нақтылы түсінікті алуға талпына отырып, еске алуға және түсінуге ұмтылыс жасау» түрінде айқындалады (және қосалқы авт., 1989).
3) Өзін-өзі бағалау барысында оқушылар өздерінің жұмысын бағалау кезінде қолданылатын өлшемдер мен стандарттарды дұрыс түсінуі, өлшемдердің немесе стандарттардың мәліметтеріне сәйкес өзінің жұмысы туралы пайымдауды қалыптастыруды шынайы ұғынуы тиіс, мұғалімнің түсініктемелерін ескерулері және анықталған тармақтарды алдағы уақытта пысықтаулары қажет.
4) Өзін-өзі бағалау нәтиже әкелуі үшін оқушыларға белгілі бір стандарттарға сәйкес өз жұмысын ойластыруға мүмкіндік беру маңызды. («Белгілі бір стандарттар» дегеніміз жалпыға ортақ оқыту бағдарламасы деп немесе олар туралы сыныпта айтуға болады). Оқушылар өз қателерін және қиыншылықтарын өзін-өзі құрметтеуге деген сенімін ешбір тәуекелсіз тануы үшін жеткілікті қолдау көрсету арқылы қамтамасыз етілуі тиіс. Қателермен жұмыс жүргізу үшін уақыт бөлу және оқушыларға соңғы шешім қабылдағанға дейін түрлі шешімдердің арасынан таңдау үдерісі қарапайым әрі табиғи болып табылатындығын жеткізу керек.
5) Мұғалім бағалауынан өзін-өзі бағалауға көшу айтарлықтай қиындық тудыратын қадам және өзінің сыныптастарын бағалауда осы үдерісті жеңілдетуге мүмкіндігі бар. Сыныптастарын бағалау маңызды рөл атқарады, себебі ол ынталандыру деңгейін көтереді, оқушыларға өз тілінде сөйлеуге мүмкіндік береді, сынды қабылдауға ықпал етеді, өзіне және мұғаліммен пікірталасқа түсуіне сенімділігін арттырады, сондай-ақ мұғалімдерге үдерістен шектелуіне және жай ғана бақылауына мүмкіндік береді (Блэк және қосалқы авт., 2003).
6) Оқытудың жаңа стратегиялары басқалардың жұмыстарын мұқият зерделеу арқылы әзірленуі мүмкін, себебі бұл оқушыларға өздерінің мүмкіншіліктеріне айтарлықтай жан-жақты көзқарас қалыптастырады. Өзгелердің жұмыстарын зерделеу оқушыларға бір тапсырманы шешудің түрлі жолдарын көрсетеді және өздерінің мүмкіншілігін кеңейтуге ықпал етеді.
7) Басқалар диалог барысында өзінің мықты және осал қырлары туралы айта отырып, оқушылар өзінің мақсаттары мен күтетін нәтижелерін дұрыс анықтай алады. Бұл жаңа және айтарлықтай ұтымды стратегияларды меңгеруге әкелуі мүмкін.
8) Драхмэнмен Суэтс (1988) кері байланыс және құрдастарының ескертулері тұрақты нәтижелерге қол жеткізуде мұғалімнің сынына қарағанда көп әсер етуі ықтимал екендігін айтады. Алайда оқыту үдерісі тек қана оқушылардың тапсырманы орындаудың бастапқы кезеңінде өзінің білімі мен дағдылануы және тапсырма аяқталғаннан кейін нені білетіндігі туралы нақтылы сезінген кезде ғана тиімді болады. (QCA, 2001).
9) Өзін-өзі бағалау және сыныптастарын бағалау оқушыларға ойлайтын және оқитын тұлға ретінде өзінің білімін, ағымдағы тапсырмаларды түсінуге, оқыту үдерін жақсартудың жолдарын сезінуге мүмкіндік бере отырып, оқыту үдерісінде жетістікке жетуге мүмкіндік береді. Ол өзін-өзі сыйлау сезімін, оқу үшін өзінің ынталануы мен жеке жауапкершілігін арттыруға үлесін қосады.
10) Ұтымды өзін-өзі бағалау және сыныптастарын бағалау, оқытуды бағалауға бағытталған үш өзге де маңызды үдерістерді қамтиды: сыныпта сұрау, кері байланыс, сапа өлшемдерін айту арқылы ауызша әңгімелесуді дамыту.
Өзін өзі бағалау және өзара бағалау бойынша нұсқаулықта өзін-өзі бағалау және сыныптастарын бағалау стратегиясының бірнеше мысалдары айқындалған.
Аңдатпалы мысалдарға сәйкес баға қою
Баға қоюдағы тағы бір пайдалы стратегиясы «идеалды шешім» талаптарының жұмыстарына сәйкестілігінің деңгейін анықтау және өзара әрекет ету үшін пайдаланылады. Бірнеше идеалды шешімдердің мүмкіндігін атап өту қажеттілігін ескере отырып, топпен талқылау, оқушыға оның жауабын жақсарту үшін өлшемдерге сәйкестілігін ұғынуға көмек көрсетуге жұмылдырылуы тиіс.
Жеке бағалау парағы
Оларды бағдарламаның кейбір элементтері үшін әзірлеуге болады және оқушылардың жұмыстарының белгілі бір өлшемдерге қандай деңгейде қол жеткізілгендігі туралы ойлауын өтіне алады. Осының аясында олар нәтижені жетілдіру үшін оларға не істеу керектігін көрсетуі қажет.
Соңғы бес минут
Сабақтың басында мұғалім мақсатын түсінікті етіп жеткізеді және аяқталғаннан кейін соңғы бес минуттың барысында оқушылардың біреуі сабақта не ұққандығы туралы айтады. Қалған оқушылар оған сұрақ қояды.
Материалды түсінуді жақсартуға бағытталған сұрақтар мен тапсырмалар
Сабақтың соңында немесе жұмыстың белгілі бір бөлігінде оқушылар белгіленген өлшемдердің шегінде түсінулерін бағалау барысында пайда болатын сұрақтарды ұсынуына болады. Бұл стратегияны қолдануды жоғарыда көрсетілген стратегияларды ескере отырып, сыныптастарының үй тапсырмаларын бағалауы жолымен бастауына болады.
Өткен жолы орындалған жұмыспен салыстыру арқылы өзін-өзі жетілдіруді тексеру
Бірдей тақырып немесе тапсырма сабақта өткен материалды қайталау түрінде бірнеше рет көтерілуі мүмкін, ол оқушыларға олардың ойлау үдерісінің қаншалықты күрделі және қиын екендігін бағалауына мүмкіндік береді. Өткен тақырыптарға және тапсырмаларға қайта оралу, сондай-ақ қазіргі жауаптарды өткен жолы берілген жауаптармен салыстыру арқылы оқушылар өзінің ойлау қабілеттілігін қаншалықты артқандығын және ойлаудың жаңа нысандарын дамытуын бағалауға мүкіндік береді.
Өткен жұмыстардың портфолиосы
Оқушылар барлық сыныптың немесе қол жеткізілген нәтижелерді көрсететін жекелеген заттар арқылы портфолионы жинай алады. Оны жоғарыда келтірілген стратегиялардың мысалдарын пайдалана отырып, әрдайым жаңартуға болады.
Таныстырылым
Оқытудың белгілі бір тарауымен жұмыс жүргізу барысында сыныпқа қандай да бір затты көрсету ағымдағы үдерісті және тақырыпты түсінуді көрнекілікпен көрсетуге мүмкіндік береді.
Бұл жағдайда өзін-өзі бағалау үдерісі таныстырылымға қосу және оны қалай жақсы ұсыну керектігі жөніндегі шешімдерді қабылдау кезеңіне қосылады. Мұғалімнің және сыныптастардың ескертулері мен ұсыныстары сыныптастарын бағалау үдерісін дамытуға ықпал етеді.
Топтық таныстырылымды бейне жазу
Бұл оқушыларға өз білімдерін өзіндік пайымдаулар мен сыныптастарының арасында одан әрі талқылау арқылы ойластыруға және бағалауға мүмкіндік береді.
Жоспарлау, істеу, тексеру
Бұл үдеріс кішкентай балалар үшін кеңқұлашты жоба аясында әзірленді. Әр тапсырманың басында мұғалім сабақтың мақсатын анықтау үшін балалармен жұмыс жүргізеді. Балалар тапсырмаға кіріседі және одан кейін сабақтың соңында мұғалім өткен материалға шолу жасау үшін уақыт бөледі. Уақыт өте, бұл міндет оқушылардың өздеріне жүктелуі мүмкін.
Егер де сіз «тұйыққа тірелсеңіз» қорқынышты емес
Оқушылар тапсырманы қиын деп таныған жағдайда, мұғалім орын алған оқиғаны атқару деңгейіне байланысты дағдылануы, өзін-өзі бағалаудың дағдылануын дамытуы маңызды элемент болып табылады. Мұғалімнің айтқаны мұндай оқиғаларға оңтайлы қатынастың қалыптасуына ықпал етеді және жаңа білімді меңгеру үдерісінде шарасыздығын сезінуге көмектеседі. Оны оқушыларға қалай жеткізетіндігіңізді ойластырыңыз. Қосымша ретінде, мұғалімдер өткен материалды пайымдау үшін ортақ сызбаны жетілдіруді қажет етпейтіндігімен қатар жақсартуды қажет ететін тармақтарды көрсете отырып, өз-өзіне деген сенімділігін дамытуға көмектесетіндігін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |